A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 55953,7 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 3,8%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (67,2%), 2019 жылғы қаңтар-наурыз 37576,4 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 3,3%-ға жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

2019 жылғы қаңтар-наурыздағы тамақ өнімдерінің өндірісі 27002,8 млн. теңгені құрады, заттай түрде өңделген ірімшік және сүзбе — 34,3%-ға, сары май — 27,6%, шужық өнімдері — 17,9%-ға.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 12,7%-ын алатын машина жасау саласында 4765,1 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыз көлемінен 15,4%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 1302,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 1514,5 млн. теңгеге шығарылды.

2019 жылғы қаңтар-наурыз электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2018 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 11,7% жоғарлап, 15 130,1 млн. теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-наурыз сумен жабдықтау саласының көлемі 2657,7 млн. теңгені құрап,19,2% жоғарлады.

Ауыл шаруашылығы. 2019 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 24420,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 103,1%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 20,7 мың тоннаны немесе 2018 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 103,2% құрады.

Сүт — 62,1 мың тонна (101,9%),

Жұмыртқа — 171,1 млн. дана (109,3%).

2019 ж. 01.04. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 461,2 мың бас (103,3%);

с.і. сиыр — 201,4 мың бас (102,8%);

қой мен ешкі — 390,2 мың бас (104,4%);

жылқы — 118,4 мың бас (106,7%);

шошқа — 168,3 мың бас (113,4%);

құс — 4516,5 мың бас (105,3%).

Инфляция. 2019 жылғы ақпан-наурыз айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 1,5% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 3,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,8%, ақылы қызметтердің бағасы өткен жылдың деңгейінде.

Кәсіпкерлік. 2019 жылғы 1 сәуіріне облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 29880 бірлікті құрады немесе 2018 жылғы сәйкес дата деңгейі 7,4% жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Негізгі капиталға инвестициялар. 2019 жылғы қаңтар-наурыз бойынша қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 29 985,4 млн. теңгені немесе 2018 жылғы ұқсас кезеңге 111,0% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 74,8%), бюджеттік қаражат (14,6%), басқа қарыздық қаражат (7,3%) және банк кредиттері (3,3%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (39,2%), өнеркәсіп (13,5%), көлік және қоймалау (12,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (11,7%), ақпарат және байланыс (8,9%), көтерме және бөлшек сауда (6,8%) табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылғы қаңтар-наурыз бойынша облыс аумағында жалпы ауданы 22 819 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңге 100,8% құрайды.

Сумен жабдықтау.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялауға — 3 109,8 млн. теңге (РБ — 2 800 млн. теңге, ЖБ — 309,8 млн. теңге). 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша игеру 190,5 млн. теңгені (күнтізбелік жоспардан 100%) құрады;
  • ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергілікті жүйелерінен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 489,6 млн. теңге. Игеру 581,4 млн. теңгені (күнтізбелік жоспардан 100%) құрады.

2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2019 жылғы қантар-наурызға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3776 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,2 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгі деңгейден 0,3 пайызға кем.

2019 жылғы 1 сәуірге 2159 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 4758 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1051 адам жіберілді.

2019 жылғы 1 сәуірге 4244 азаматқа 129,2 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 12- жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 418 шағын-орталық (8 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 485 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2019 жылы 59,9 млрд. теңге бөлінді, 2019 жылғы 1 сәуір жоспарындағы 13,2 млрд. теңгеден игерілу 13,2 млрд. теңгені немесе 100% құрады.

Соның ішінде білім беру объектілерін салуға 3104 млн. теңге көзделді (РБ — 2466,3 млн. теңге, ЖБ — 637,7 млн. теңге).

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 6614,4 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 90,5 млн. теңгеден игерілу 88,7 млн. теңгені немесе 98,0% құрады.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 сәуірге облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3414 төсек орынға арналған 23 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3389 төсек орынға арналған 22 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншік — 64 заңды тұлға, 59 дәрігерлік амбулатория. Бұдан басқа, 46 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық 5 млрд. 490,3 млн. теңгені құрады. 2019 жылғы 1 сәүірдеғі жоспарындағы 215,5 млн. теңгеден 207,7 млн. теңге немесе 96,4%, игерілді, соның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 679,1 млн. теңге (ЖБ — 679,1 млн. теңге) құрады, есепті кезеңге жоспар көзделмеген,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 119 млн. теңге (РБ — 2 млрд. 079,2 млн. теңге ЖБ — 1 млрд. 040,6 млн. теңге), есепті кезең жоспары 44,6 млн. теңге құрады, игерілген 40,0 млн. теңге,
  • денсаулық сақтау объектілерін салуға жылдық жоспар 136,4 млн. теңге (ЖБ — 136,4 млн. теңге), есепті кезең жоспары 51,4 млн. теңге құрады, игерілген 48,2 млн. теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2017 жыл 2018 жыл Қаңтар-наурыз 2019 ж. 2018 ж. %
2018 жыл 2019 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 92,0 93,9 20,0 20,7 103,2
Сүт мың тонна 546,1 555,0 60,9 62,1 101,9
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 695,7 809,4 156,6 171,1 109,3

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2019 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 40,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңге 115,9%, соның ішінде тауарларды экспорттау — 31,4 млн АҚШ долларын (113,3%), импорт — 9,4 млн АҚШ долларын (125,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 22,0 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 20,9%), Иран (17,1%), Бельгия (13,9%), Өзбекстан (11,9%), Польша (10,1%), Әзірбайжан (6,8%), Қытай (6,4%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,2%-ы немесе 31,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 34,6%), Германия (9,4%), Литва (9,0%), Канада (8,2%), Украйна (7,3%), Сербия (6,1%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 57,6%-ы немесе 5,4 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (20,5%-ы немесе 1,9 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-целлюлоза бұйымдары» (8,8%-ы немесе 0,8 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (7,3%-ы немесе 0,7 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,1%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2019 жылғы қаңтар-ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 42,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 12,0% кем, соның ішінде импорт — 37,2 млн. АҚШ доллары (4,1 % кем), экспорт — 5,7 млн. АҚШ доллары (42,7% кем).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-наурыз бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2019 18:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2019 18:57
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы