A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 250693,6 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiнен 2,2%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (70,7%), 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан 177313,3 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiнен 0,5%-ға төмен.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 110039,8 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген сүт — 19,6%-ға, ұн — 8,6%, макарон — 16,1%-ға.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 23%-ын алатын машина жасау саласында 40714,7 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан көлемiнен 15,6%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 4856,0 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 8114,3 млн. теңгеге шығарылды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,3% жоғарлап, 61584,5 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда сумен жабдықтау саласының көлемi 9368,7 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 520411,8 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiне 102,1%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 93,9 мың тоннаны немесе 2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейiне 102,0% құрады.

Сүт — 555,0 мың тонна (101,6%),

Жұмыртқа — 809,4 млн. дана (116,3%).

2019 ж. 01.01. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 355,5 мың бас (103,5%);

с.i. сиыр — 181,2 мың бас (103,3%);

қой мен ешкi — 404,2 мың бас (104,6%);

жылқы — 123,9 мың бас (107,3%);

шошқа — 149,6 мың бас (105,3%);

құс — 4632,9 мың бас (107,9%).

Инфляция. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 5,7% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 6,1%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 6,3%, ақылы қызметтердiң бағасы 4,5% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2019 жылғы 1 қантарға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28969 бiрлiктi құрады немесе 2017 жылғы сәйкес дата деңгейi 5,0% жоғары.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша негiзгi капиталға инвестициялар көлемi қоса есептеумен 212 031,5 млн. теңгенi немесе 2017 жылдың тиiстi кезеңiне 108,1% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi болып кәсiпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 61,3%), бюджеттiк қаражат (26,7%), басқа қарыз қаражат (6,3%) және банк кредиттерi (5,7%) табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (39,1%), өнеркәсiп (20,5%), көлiк және қоймалау (17,9%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (10%), бiлiм (3,3%) табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша облыс аумағында жалпы ауданы 218 113 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2017 жылдың тиiстi кезеңiне 109,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң құрылысы мен реконструкциясына — 1 373,3 млн. теңге (РБ — 1 160,3 млн. теңге, ЖБ — 213 млн. теңге), 2018 жыл бойынша игеру 1 366,3 млн. теңгенi құрады;
  • «Петропавл қ. кәрiздiң тазарту имараттарының қолда бар технологиялық сызбаларын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңi» жобасы бойынша — 4,5 млн. теңге игерiлдi.

2018 жылға ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергiлiктi жүйелерiнен ауыз суын беру бойынша қызметтердiң құнын субсидиялауға — 2 395,3 млн. теңге көзделген. Жоспар 100%-ға орындалды.

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында жаңа жобалар жоқ.

Әлеуметтiк қорғау. 2018 жылға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 2719 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 36,2 пайызға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,9 пайызды құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 0,3 пайызға артық.

2019 жылғы 1 қантарға 12244 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 29692 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 3553 адам жiберiлдi.

2019 жылғы 1 қантарға 8723 азаматқа 351,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 418 шағын-орталық (7 жекеменшiк) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 485 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2018 жылы 51,9 млрд. теңге бөлiндi.

2019 жылғы 1 қаңтар жоспарындағы 51,9 млрд. теңгеден игерiлу 51,8 млрд. теңгенi немесе 99,8% құрады.

Соның iшiнде бiлiм беру объектiлерiн салуға 3829 млн. теңге көзделдi (РБ — 1550 млн. теңге, ЖБ — 4,4 млн. теңге, ҚР Үкiметiнiң резервi есебiнен — 2274,6 млн. теңге), бөлiнген қаражаттар толық игерiлдi.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 3861,5 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 3861,5 млн. теңгеден игерiлу 3853 млн. теңгенi немесе 99,8% құрады.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 қантарға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3501 төсек орынға арналған 24 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3476 төсек орынға арналған 23 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 64 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 48 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық 3 млрд. 685,9 млн. теңгенi құрады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы теңгеден 3 млрд 682,6 млн. теңге немесе 99,9 % игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 735,4 млн. теңге (ЖБ — 735,4 млн. теңге) құрады, игерiлген 734,2 млн. теңге,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 064,6 млн. теңге (ЖБ — 1 млрд 064,6 млн. теңге), игерiлген 1 млрд 064,6 млн. теңге.
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға жылдық жоспар 412,7 млн. теңге (РБ — 274,9 млн. теңге, ЖБ — 137,7 млн. теңге), игерiлген 412,7 млн. теңге (ЖБ — 137,7 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2016 жыл 2017 жыл Қаңтар-желтоқсан 2018 ж. 2017 ж. %
2017 жыл 2018 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,8 92,0 92,1 93,9 102,0
Сүт мың тонна 525,5 546,1 546,1 555,0 101,6
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 576,1 695,7 695,9 809,4 116,3

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 140,1 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 102,4% құрады. Бұл ретте, экспорт 87,2 млн АҚШ долларын (122,6%), импорт — 52,9 млн АҚШ долларын (80,5%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 34,2 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорт бойынша негізгі әріптестер Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Бельгия, Түркия, Польша болып табылады.

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,5%-ы немесе 86,7 млн. АҚШ доллары) алады.

Импорттық өнімдерді жетекші жеткізушілер Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Канада болып табылады.

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 62,4%-ы немесе 33,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (13,1%-ы немесе 6,9 млн. АҚШ доллары), «Химиялық және өнеркәсіп салаларына байланысты өнімдер» (10,2%-ы немесе 5,4 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (6,4%-ы немесе 3,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,8%-ы немесе 2,0 млн. АҚШ доллары).

Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2018 жылғы қаңтар-қазанда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 294,7 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қазанда 90,7%). Бұл ретте, экспорт — 46,6 млн. АҚШ доллары (10,4% ұлғайды), импорт — 248,1 млн. АҚШ доллары (12,2% қысқарды).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2019 10:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2019 10:43
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы