A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 223 459,2 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 4,5%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (70,7%), 20-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдерінің өндірісі 93 589,1 млн. теңгені құрады, заттай түрде ет және ішек-қарын өнімдерінің өндірісі артты — 11,5%, өңделген сүт — 26,4%, сары май — 23,7%, ірімшік және сүзбе — 25,1%, кондитер өнімдері — 15,0%, малға арналған дайын жем-шөп — 2,1%.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 26,9%-ын алатын машина жасау саласында 42 539,5 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан көлемінен 1,5 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 4 625,2 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 10,4%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 3,7% жоғарлап, 55 438,9 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан сумен жабдықтау саласының көлемі 8 235,7 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 4,4% жоғары.

2017 жылы Кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында 229 жаңа жұмыс орын құрумен құны 5,8 млрд.тенге сомаға 8 жобаны енгізілді.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 510 594,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 102,3%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 92,0 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 100,3% құрады.

Сүт — 546,1 мың тонна (103,9%),

Жұмыртқа — 695,7 млн. дана (120,2%).

2018 ж. 01.01. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 343,7 мың бас (104,0%);

с.і. сиыр — 175,2 мың бас (104,0%);

қой мен ешкі — 386,7 мың бас (103,6%);

жылқы — 115,5 мың бас (103,6%);

шошқа — 142,0 мың бас (100,1%);

құс — 4 292,8 мың бас (106,9%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 7,1% құрады (ҚР — 107,1%). Азық-түлік тауарлардың бағасы 5,8%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,1%, ақылы қызметтердің бағасы 7,8% қымбаттады.

Кәсіпкерлік. 2018 жылғы 1 қаңтарға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 27 587 бірлікті құрады немесе 2017 жылғы сәйкес дата деңгейі 0,2% төмен.

2017 жылғы қантар-желтоқсан айлары бойынша тұтыну баға индексі %-те

Негізгі капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 188 919,2 млн. теңгені немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 111,5 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 60,4%), бюджеттік қаражат (19,9%), банк кредиттері (12%), және басқа қарыз қаражат (7,7%) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (38,2%), өнеркәсіп (25,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (9,5%), көлік және қоймалауға (9%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке (6,9%) келеді.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айында облыс аумағында жалпы ауданы 200 090 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 121,8% құрайды.

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында бөлінгені:

  • АЕМ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ЖСҚ әзірлеуге — 1 980 млн. теңге (РБ — 1 690,7 млн. теңге, ЖБ — 289,3 млн. теңге). Ү.ж. 1 қантарға жағдай бойынша 1 938,4 млн. теңге игерілді;
  • «Петропавл қ. тазарту кәріз имараттарының қолда бар технологиялық сызбаларын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңі» жобасы бойынша — 477,1 млн. теңге. Ү.ж. 1 қантарға жағдай бойынша 441,1 млн. теңге игерілді;
  • сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топты және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен су беру қызметінің құнын субсидиялауға — 2 248,4 млн. теңге, игеру күнтізбелік жоспардан 100%.

Әлеуметтік қорғау. 2017 жылда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 1997 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгі деңгейден 0,3 пайызға артық.

2018 жылғы 1 қантарға 13492 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 30714 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 3878 адам жіберілді.

2018 жылғы 1 қантарға 1501 азаматқа 46,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 70,5 млн. теңге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 1,7 мың отбасына (4,4 мың балаға) белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 75 бірлікті құрайды, соның ішінде: 64 — мемлекеттік, 11 — жекеменшік. Бұдан басқа, 5 «Мектеп-бала бақша» кешені, 442 шағын-орталық (8 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2017-2018 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 497 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2017 жылы 47,3 млрд. теңге бөлінді, игерілу 47,3 млрд. теңгені немесе 100% құрады.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 1998,8 млн. теңге, игерілу 1995,2 млн. теңгені немесе 99,8% құрады.

Денсаулық сақтау. 2018 жылғы 1 қаңтар облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3571 төсек орынға арналған 24 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3546 төсек орынға арналған 23 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 126  амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншік — 62 заңды тұлға, 59 дәрігерлік амбулатория. Бұдан басқа, 50 ФАП, 437 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 454,7 млн. теңгені құрады. 2018 жылғы 1 қаңтар жоспарындағы 12 млрд. 454,7 млн. теңгеден 12 млрд. 402,3 млн. теңге немесе 99,6% игерілді, соның ішінде:

денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 585,6 млн. теңге (ЖБ — 585,6 млн. теңге) құрады, 522,4 млн. теңге игерілген;

материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 236,7 млн. теңге (ЖБ — 1 млрд. 236,7 млн. теңге), орындау 100%;

денсаулық сақтау объектілерін салуға жылдық жоспар 50,0 млн. теңге (РБ — 50 млн. теңге), орындау 100%.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-желтоқсан 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 91,8 92,0 100,3
Сүт мың тонна 504,1 525,6 525,6 546,1 103,9
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 578,9 578,9 695,7 120,3

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2017 жылғы қаңтар-қараша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 175,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 1,0% артық. Бұл ретте, экспорт — 101,3 млн АҚШ долларын (4,1% ұлғаюмен), импорт — 73,7 млн АҚШ долларын (2,9% қысқарумен) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 27,6 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 38,3%), Өзбекстан (14,0%), Бельгия (7,9%), Тәжікстан (7,6%), Қытай (7,2%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,2%-ы немесе 100,5 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,6 пайыз немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (барлық импорт көлемінің 31,0%), Швеция (10,3%), Германия (8,8%), Украйна (5,9%), АҚШ (5,4%), Польша (5,0%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 51,8%-ы немесе 38,2 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (21,3%-ы немесе 15,7 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (9,6%-ы немесе 7,1 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз — қағаздан жасалған бұйымдар» (6,2%-ы немесе 4,6 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (5,2%-ы немесе 3,8 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2017 жылғы қаңтар-қараша айларында Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 361,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 1,3 есе артық. Бұл ретте, экспорт — 46,5 млн. АҚШ доллары (24,7% ұлғайды), импорт — 314,7 млн. АҚШ доллары (1,3 есе ұлғайды).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 23.01.2018 15:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2018 15:56
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы