A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-қараша айларандағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2018 жылғы қаңтар-қазан айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 222955,4 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2017 жылғы қаңтар-қараша деңгейiнен 1,0%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (70,6%), 2018 жылғы қаңтар-қараша 157377,1 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2017 жылғы қаңтар-қараша деңгейiнен 0,7%-ға төмен.

2018 жылғы қаңтар-қараша айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2018 жылғы қаңтар-қарашадағы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 97992,6 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген сүт — 19,5%-ға, ұн — 10,0%, макарон — 17,4%-ға.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 23%-ын алатын машина жасау саласында 36269,4 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2017 жылғы қаңтар-қараша көлемiнен 15,9%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 4168,1 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 6843,9 млн. теңгеге шығарылды.

2018 жылғы қаңтар-қарашада электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 5,8% жоғарлап, 54824,3 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы қаңтар-қарашада сумен жабдықтау саласының көлемi 8660,3 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2018 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 511252,3 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2017 жылғы қаңтар-қараша деңгейiне 102,1%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 85,8 мың тоннаны немесе 2017 жылғы қаңтар-қараша деңгейiне 103,5% құрады.

Сүт — 528,2 мың тонна (102,1%),

Жұмыртқа — 745,4 млн. дана (117,2%).

2018 ж. 01.12. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 352,4 мың бас (101,3%);

с.i. сиыр — 191,5 мың бас (100,2%);

қой мен ешкi — 384,4 мың бас (102,5%);

жылқы — 114,9 мың бас (104,6%);

шошқа — 183,8 мың бас (110,4%);

құс — 5111,7 мың бас (102,1%).

Инфляция. 2018 жылғы қаңтар-қараша айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 4,6% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 4,2%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 5,5%, ақылы қызметтердiң бағасы 4,2% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2018 жылғы 1 желтоқсанға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 29059 бiрлiктi құрады немесе 2017 жылғы сәйкес дата деңгейi 3,2% жоғары.

2018 жылғы қантар-қазан айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2018 жылғы қаңтар-қараша қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 165 827,1 млн. теңгенi немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңге 98,1 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 57,6%), бюджеттiк қаражат (28,6%), басқа қарыз қаражат (7,4%) және банк кредиттерi (6,4%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (42,4%), көлiк және қоймалау (18,8%), өнеркәсiп (17,3%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (10,2%), бiлiм (3,9%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылғы қаңтар-қараша айында облыс аумағында жалпы ауданы 124 376 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiне 100,7% құрайды.

Сумен жабдықтау.

«Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салу және реконструкциялауға — 1 403,5 млн. теңге (РБ — 1 160,3 млн. теңге, ЖБ — 243,2 млн. теңге), 1 желтоқсанға 1 113,9 млн. теңге игерiлдi;
  • «Петропавл қ. тазарту кәрiз имараттарының бар технологиялық схемасын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңi» жобасы бойынша — 4,5 млн. теңге игерiлдi;

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергiлiктi жүйелерiнен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 395,3 млн. теңге. 2018 жылғы қаңтар-қарашаға жоспар 2 195,9 млн теңгенi құрайды, ол 100%-ға орындалды.

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында жобалар жоқ.

Бүгiнгi таңда Петропавл қ. су бұру бойынша 2017 жылдан ауысқан 1 жоба аяқталды, сондай-ақ 2017 жылы құрылысы басталған жылумен жабдықтау бойынша ауыспалы 4 жобаны (Айыртау ауданының Саумалкөл а. жылумен жабдықтау желiсiн салу) аяқтау жоспарланып отыр.

Әлеуметтiк қорғау. 2018 жылғы қантар-қарашаға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 3862 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 2,0 пайызға төмен. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,2 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,1 пайызға кем.

2018 жылғы 1 желтоқсанға 12197 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 28637 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 3443 адам жiберiлдi.

2018 жылғы 1 желтоқсанға 8103 азаматқа 317,0 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 418 шағын-орталық (7 жекеменшiк) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 485 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2018 жылы 51,6 млрд. теңге бөлiндi. 2018 жылғы 1 желтоқсанға жоспарындағы 47,5 млрд. теңгеден игерiлу 47,4 млрд. теңгенi немесе 99,9% құрады.

Соның iшiнде бiлiм беру объектiлерiн салуға 4090,4 млн. теңге көзделдi (РБ — 1550 млн. теңге, ЖБ — 258,4 млн. теңге, ҚР Үкiметiнiң резервi есебiнен — 2282 млн. теңге), есептi кезеңге арналған жоспар 3564,9 млн. теңгенi құрады, игерiлгенi 99,7%.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 3844,7 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 3720,6 млн. теңгеден игерiлу 3682,1 млн. теңгенi немесе 99% құрады.

Денсаулық сақтау. 2018 жылғы 1 желтоқсанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3501 төсек орынға арналған 24 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3476 төсек орынға арналған 23 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 64 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 48 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 3 млрд. 752,2 млн. теңгенi құрады. 2018 жылғы 1 желтоқсанға жоспарындағы 3 млрд. 200,5 млн. теңгеден 3 млрд 188,6 млн. теңге немесе 99,6% игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 754,6 млн. теңге (ЖБ — 754,6 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспары 625,1 млн. теңге, 100% игерiлген;
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 053,7 млн. теңге (ЖБ — 1 млрд. 053,7 млн. теңге), есептi кезеңге жоспары 915,0 мың теңге, 100% игерiлген;
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға жылдық жоспар 426,0 млн. теңге (РБ — 274,9 млн. теңге, ЖБ — 151,1 млн. теңге), есептi кезең жоспары 336,5 млн. теңге құрады (ЖБ — 61,5 млн. теңге), игерiлген — 329,1 млн. теңге (ЖБ — 54,1 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2016 жыл 2017 жыл Қаңтар-қараша 2018 ж. 2017 ж. %
2017 жыл 2018 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,8 92,0 82,9 85,8 103,5
Сүт мың тонна 525,5 546,1 517,2 528,2 102,1
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 576,1 695,7 636,0 745,4 117,2

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 140,1 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 102,4% құрады. Бұл ретте, экспорт 87,2 млн АҚШ долларын (122,6%), импорт — 52,9 млн АҚШ долларын (80,5%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 34,2 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестер Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Бельгия, Түркия, Польша болып табылады.

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,5%-ы немесе 86,7 млн. АҚШ доллары) алады.

Импорттық өнiмдердi жетекшi жеткiзушiлер Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Канада болып табылады.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 62,4%-ы немесе 33,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (13,1%-ы немесе 6,9 млн. АҚШ доллары), «Химиялық және өнеркәсiп салаларына байланысты өнiмдер» (10,2%-ы немесе 5,4 млн.АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (6,4%-ы немесе 3,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,8%-ы немесе 2,0 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2018 жылғы қаңтар-қазанда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемi 294,7 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қазанда 90,7%). Бұл ретте, экспорт — 46,6 млн. АҚШ доллары (10,4% ұлғайды), импорт — 248,1 млн. АҚШ доллары (12,2% қысқарды).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-қараша айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-қараша айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-қараша айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-қараша айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2018 16:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2018 16:28
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы