A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2018 жылғы қаңтар-ақпан айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 41 581,2 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 3,4%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (65,9%), 2018 жылғы қаңтар-ақпан 27 383,2 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 4,4%-ға жоғары.

2018 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2018 жылғы қаңтар-ақпандағы тамақ өнімдерінің өндірісі 18 419,7 млн. теңгені құрады, заттай түрде өңделген сүт — 34,6%-ға, ет — 13,9%-ға, ұн — 1,6 есе, май — 1,6 есе, шұжық өнімдері — 11,4%-ға, макарон — 43,6%-ға, малға арналған дайын жем-шөп — 3,9%-ға.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 22,2%-ын алатын машина жасау саласында 6 068,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпан көлемінен 10,0%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 663,5 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минеральдік өнімдер 594,6 млн. теңгеге шығарылды.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,8% жоғарлап, 12 331,6 млн. теңгені құрады.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда сумен жабдықтау саласының көлемі 1575,7 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 7,6% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 15 491,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2017 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 104,6%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 15,8 мың тоннаны немесе 2017 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 102,4% құрады.

Сүт — 36,1 мың тонна (104,2%),

Жұмыртқа — 102,1 млн. дана (126,1%).

2018 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 413,0 мың бас (103,7%);

с.і. сиыр — 191,6 мың бас (101,0%);

қой мен ешкі — 377,8 мың бас (103,8%);

жылқы — 112,0 мың бас (103,4%);

шошқа — 142,5 мың бас (103,6%);

құс — 4 296,5 мың бас (106,7%).

Инфляция. 2018 жылғы қаңтар-ақпан айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 2,1% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 00,8% жоғары. Азық-түлік тауарлардың бағасы 2,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,8%, ақылы қызметтердің бағасы 2,7% қымбаттады.

Кәсіпкерлік. 2018 жылғы 1 наурызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 27 647 бірлікті құрады немесе 2017 жылғы сәйкес дата деңгейі 0,6% жоғары.

2018 жылғы қантар-ақпан айлары бойынша тұтыну баға индексі %-те

Негізгі капиталға инвестициялар. 2018 жылғы қаңтар-ақпан қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 16 377,4 млн. теңгені немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңге 101,6 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 55,2%), бюджеттік қаражат (26,8%), банк кредиттері (12,6%), және басқа қарыз қаражат (5,4%) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (31,9%), өнеркәсіп (29,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (8,6%), көлік және қоймалауға (8,1%), көлік және қоймалауда (6,8%) келеді.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылғы қаңтар-ақпан айында облыс аумағында жалпы ауданы 7 193 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңіне 52,9% құрайды.

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға — 1 121,1 млн. теңге (РБ — 960,3 млн. теңге, МБ — 160,8 млн. теңге), 1 наурызға игеру жоспарланған жоқ.
  • «Петропавл қ. тазарту кәріз имараттарының бар техникалық сызбасын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңі» жобасы бойынша — 522,9 млн. теңге, 1 наурызға игеру жоспарланған жоқ.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, өте күрделі топты және жергілікті сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру бойынша қызметтер құнын субсидиядауға — 2 318,4 млн. теңге. 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы жоспар 319,4 млн теңгені құрады, ол 100%-ға орындалды.

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында жобалар жоқ.

Бүгінгі таңда Петропавл қ. су бұру бойынша 2017 жылдан ауысқан 1 жоба аяқталды, сондай-ақ, 2017 жылы басталған жылумен жабдықтау бойынша ауыспалы 4 жобаны ақтау (Айыртау ауданының Саумалкөл а. жылумен жабдықтау желісін салу) жоспарланып отыр.

Әлеуметтік қорғау. 2018 жылғы қантар-ақпанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3769 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,2 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгі деңгейден 0,7 пайызға артық.

2018 жылғы 1 наурызға 1631 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3483 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 941 адам жіберілді.

2018 жылғы 1 наурызға 3256 азаматқа 77,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 75 бірлікті құрайды, соның ішінде: 64 — мемлекеттік, 11 — жекеменшік. Бұдан басқа, 5 «Мектеп-бала бақша» кешені, 442 шағын-орталық (8 жекеменшік) жұмыс атқарады.

2017-2018 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 497 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2018 жылы 50,0 млрд. теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 7,6 млрд.теңгеден игерілу 7,6 млрд. теңгені немесе 100% құрады.

Соның ішінде білім объектілерін салуға 1078 млн. теңге көзделді (РБ — 850 млн. теңге, ЖБ — 228 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар 195 млн. теңгені құрады (РБ), игеру 100%.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 1227,1 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 11,3 млн. теңгеден игерілу 10,6 млн. теңгені немесе 93,8% құрады.

Денсаулық сақтау. 2018 жылғы 1 наурызға облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3521 төсек орынға арналған 24 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3496 төсек орынға арналған 23 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншік — 64 заңды тұлға, 59 дәрігерлік амбулатория. Бұдан басқа, 50 ФАП, 437 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 3 млрд. 718,8 млн. теңгені құрады. 2018 жылғы 1 наурыздағы жоспарындағы 178,8 млн. теңгеден 150,0 млн. теңге немесе 84% игерілді, соның ішінде:

денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 554,5 млн. теңге (ЖБ — 554,5 млн. теңге) құрады, есепті кезеңге жоспар көзделмеген;

материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 148,7 млн. теңге (ЖБ — 1 млрд. 148,7 млн. теңге), есепті кезеңге жоспары 20,0 мың теңге, игерілген 20,0 мың теңге;

денсаулық сақтау объектілерін салуға жылдық жоспар 452,5 млн. теңге (РБ — 308,5 млн. теңге, ЖБ — 144 млн. теңге), есепті кезең жоспары 0,2 млн. теңге құрады (ЖБ — 0,2 млн. теңге), игерілу болмады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2016 жыл 2017 жыл Қаңтар-ақпан 2018 ж. 2017 ж. %
2017 жыл 2018 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,8 92,0 15,4 15,8 102,4
Сүт мың тонна 525,5 546,1 34,6 36,1 104,2
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 576,1 695,7 80,9 102,1 126,1

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2018 жылғы қаңтардағы облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 16,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 71,3% артық. Бұл ретте, экспорт 13,3 млн. АҚШ долларын (2,4 есеге ұлғаюмен), импорт — 2,8 млн АҚШ долларын (28,2% қысқарумен) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 10,5 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 29,4%), Өзбекстан (23,2%), Бельгия (16,1%), Польша (6,3%), Иран (6,3%), Қытай (5,6%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 100%-ы немесе 13,3 млн. АҚШ доллары) алады.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (барлық импорт көлемінің 32,5%), Сербия (11,6%), Литва (10,7%), Украйна (10,2%), Польша (7,4%) болып табылады.

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 35,7%-ы немесе 1,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (25,0%-ы немесе 0,7 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (17,9%-ы немесе 0,5 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (10,7%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары), «Химиялық және өнеркәсіп салаларына байланысты өнімдер» (7,1%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2018 жылғы қаңтардағы Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 22,9 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтарға 98,7%). Бұл ретте, экспорт — 5,4 млн. АҚШ доллары (58,8% ұлғайды), импорт — 17,5 млн. АҚШ доллары (11,6% қысқарды).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2018 12:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2018 12:51
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы