A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2019 жылғы қаңтар-шілде айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 128981 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 1,6%-ға төмен.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (70,7%), 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 91261,0 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2018 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 0,2%-ға жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

2019 жылғы қаңтар-шілдеде тамақ өнімдерінің өндірісі 65835,4 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі нан-тоқаш өнімдері 2,7%-ға, өсімдік және мал өнімдері мен тоң май 2,5 есеге, ұн үгу өнімдерінің өнеркәсібі 32,3%-ға, ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 14,5%-ын алатын машина жасау саласында 13256,0 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілде көлемінен 38,4%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 2917,3 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 2519,7 млн. теңгеге шығарылды.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 6,3% жоғарлап 30247,8 млн. теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде сумен жабдықтау саласының көлемі 5975,2 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2019 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 94017,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 102,0%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 47,0 мың тоннаны немесе 2018 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 103,2% құрады.

Сүт — 334,5 мың тонна (101,5%),

Жұмыртқа — 476,4 млн. дана (103,0%).

2019 ж. 01.08. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 418,2 мың бас (102,1%);

с.і. сиыр — 197,9 мың бас (102,9%);

қой мен ешкі — 471,0 мың бас (104,1%);

жылқы — 141,2 мың бас (105,8%);

шошқа — 210,4 мың бас (116,8%);

құс — 5258,4 мың бас (100,7%).

Кәсіпкерлік. 2019 жылғы 1 тамыз облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30502 бірлікті құрады немесе 2018 жылғы сәйкес дата деңгейі 6,5% жоғары.

Инфляция. 2019 жылғы қаңтар-шілде айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 2,9% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 5,4%, азық — түлік емес тауарлардың бағасы 2,1%, ақылы қызметтердің бағасы 0,7%.

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Негізгі капиталға инвестициялар. 2019 жылғы қаңтар-шілдеде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 100 851,6 млн. теңгені немесе 2018 жылғы ұқсас кезеңге 113,2% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 70,1%), бюджеттік қаражат (17,2%), басқа қарыздық қаражат (7,8%) және банк кредиттері (4,9%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (49,8%), көлік және қоймалау (12,9%), өнеркәсіп (11,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (11,5%), бөлшек және бөлшек сауда (3%) табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылғы қаңтар-шілде облыс аумағында жалпы ауданы 70 109 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңге 109,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялауға — 4 169,9 млн. теңге (РБ — 3 511,3 млн. теңге, ЖБ — 658,6 млн. теңге). Ағмыдағы жылдың 7 айы бойынша игеру 901,6 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергілікті жүйелерінен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 477,3 млн. теңге. Игеру 1 533,4 млн. теңгені (күнтізбелік жоспардан 100%) құрады.

2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2019 жылғы қантар-шілдеге өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4983 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгі деңгейден 0,2 пайызға артық.

2019 жылғы 1 тамызға 8717 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 17951 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2399 адам жіберілді.

2019 жылғы 1 тамызға 21723 азаматқа 1205,3 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 12 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 411 шағын-орталық (8 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 485 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2019 жылы 66,0 млрд. теңге бөлінді, 2019 жылғы 1 тамызға жоспарындағы 33 млрд. теңгеден игерілу 38,0 млрд. теңгені немесе 99,7% құрады.

Соның ішінде білім беру объектілерін салуға 3012,8 млн. теңге көзделді (РБ — 2466,3 млн. теңге, ЖБ — 546,5 млн. теңге).

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 6788,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 2913,7 млн. теңгеден игерілу 2826,7 млн. теңгені немесе 97,0% құрады.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 тамызға облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3369 төсек орынға арналған 23 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3344 төсек орынға арналған 22 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншік — 64 заңды тұлға, 59 дәрігерлік амбулатория. Бұдан басқа, 46 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 5 млрд. 727,6 млн. теңгені құрады. 2019 жылғы 1 тамыздағы жоспарындағы 1 млрд. 667,3 млн. теңгеден 1 млрд 559,8 млн. теңге немесе 93,6 %, игерілді, соның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 764,8 млн. теңге (РБ — 60,6 млн. теңге, ЖБ — 704,2 млн. теңге) құрады, есепті кезең жоспары 222,8 млн. теңге құрады, игерілген 222,8 млн. теңге,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 119,9 млн. теңге (РБ — 2 млрд. 079,2 млн. теңге ЖБ — 1 млрд. 040,7 млн. теңге), есепті кезең жоспары 574,6 млн. теңге құрады (ЖБ — 474,6 млн. теңге), игерілген 474,6 млн. теңге (ЖБ — 474,6 млн. теңге).
  • денсаулық сақтау объектілерін салуға жылдық жоспар 136,4 млн. теңге (ЖБ — 136,4 млн. теңге), есепті кезең жоспары 81,9 млн. теңге құрады, игерілген 80,8 млн. теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2017 жыл 2018 жыл Қаңтар-шілде 2019 ж. 2018 ж. %
2018 жыл 2019 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 92,0 93,9 45,6 47,0 103,2
Сүт мың тонна 546,1 555,0 329,6 334,5 101,5
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 695,7 809,4 462,3 476,4 103,0

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2019 жылғы қаңтар-шілде облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 136,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңге 122,4% құрады. Бұл ретте, тауарларды экспорттау — 91,6 млн АҚШ долларын (122,5%), импорт — 44,7 млн АҚШ долларын (122,0%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 46,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 17,6%), Қытай (15,9%), Иран (11,0%), Бельгия (11,1%), Өзбекстан (12,3%), Польша (7,6%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 98,6%-ы немесе 90,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 19,8%), Германия (12,2%), АҚШ (11,0%), Украйна (9,2%), Канада (6,9%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 58,7%-ы немесе 26,2 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (15,7%-ы немесе 7,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (14,5%-ы немесе 6,5 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-целлюлоза бұйымдары» (6,2%-ы немесе 2,8 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (1,9%-ы немесе 0,8 млн. АҚШ доллары).

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 124,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 16,9% кем, соның ішінде импорт — 107,0 млн. АҚШ доллары (14,7 % кем), экспорт — 17,7 млн. АҚШ доллары (27,8% кем).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-шілде бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-шілде айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Мақаланың шыққан күні: 27.08.2019 16:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.08.2019 16:48
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы