A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-ақпан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2020 жылғы қаңтар ақпаң айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 41 496,4 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпаң деңгейiнен 6,1%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (68,3%), 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда 28 359,7 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпаң деңгейiнен 7,1%-ға жоғары.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-ақпан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

2020 жылғы қаңтар-ақпаңда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 20 432,4 млн. теңгенi құрады, заттай түрдегi сүт өнiмдерi 7,9%-ға, өсiмдiк және мал майы мен тоң өндiрiсi 47,1%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 14,9%-ын алатын машина жасау саласында 4210,4 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпаң көлемiнен 42,5%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 846,2 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 627,0 млн. теңгеге шығарылды.

2020 жылғы қаңтар-ақпаңда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2019 жылғы қаңтар-ақпаңмен салыстырғанда 0,5% жоғарлап 10 812,6 млн. теңгенi құрады.

2020 жылғы қаңтар-ақпаңда сумен жабдықтау саласының көлемi 1813,6 млн. теңгенi құрады.

2020 жылы ИИДМБ аясында 600 жұмыс орнын құрумен құны 10,7 млрд.теңгеге 6 жобаны iске асыруы енгiзiлдi.

Ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 18 457,7 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2019 жылғы қаңтар деңгейiне 102,6%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 17,1 мың тоннаны немесе 2019 жылғы қаңтар-ақпаңда 105,8% құрады.

Сүт — 38,7 мың тонна (105,0%),

Жұмыртқа — 92,7 млн. дана (82,7%).

2020 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 442,3 мың бас (103,9%);

с.i. сиыр — 205,3 мың бас (104,3%);

қой мен ешкi — 411,3 мың бас (104,0%);

жылқы — 127,4 мың бас (106,6%);

шошқа — 183,8 мың бас (116,0%);

құс — 4488,6 мың бас (97,7%).

Инфляция. 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 1,1% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 1,5%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 0,9%, ақылы қызметтердiң бағасы 0,7%.

Кәсiпкерлiк. 2020 жылғы 1 науырыз облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 29 513 бiрлiктi құрады немесе 2019 жылғы сәйкес дата деңгейi 0,4% төмен.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-ақпан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 20 227,4 млн. теңгенi немесе 2019 жылғы ұқсас кезеңге 106,6% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi болып: кәсiпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 57,5%), бюджеттiк қаражат (35,5%), банк кредиттерi (2,3%) және басқа қарыздық қаражат (4,7%) табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (46,2%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (36,9%), өнеркәсiп (9,3%), көлiк және қоймалау (3,7%).

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда облыс аумағында жалпы ауданы 8 343 ш. м тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге 107,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2020 жылы мыналарға бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға — 3 167,4 млн. теңге (РБ — 2 572,3 млн. теңге, МБ — 595,1 млн. теңге).Ағымдағы жылдың 2 айы бойынша игеру 61,4 млн. теңгенi құрады (күнтiзбелiк жоспардан 100%).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергiлiктi сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз сумен жабдықтау қызметтерiнiң құнын субсидиялауға 2,636 млн. теңге. Игеру 341 млн. теңгенi құрады (күнтiзбелiк жоспардан 100%).

«Ауыл — Ел Бесiгi» аясында ауылдарда әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша — 568,6 млн. теңге (РБ — 511,7 млн. теңге, МБ — 56,9 млн. теңге). Қаржыландырудың 2020 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес шiлде айынан бастап игерiлуi көзделген.

Таратылатын сумен жабдықтау желiлерiн қалпына келтiруге (ағымдағы жөндеу) жергiлiктi бюджеттен — 728,5 млн. теңге бөлiнген. Қаржыландыру 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес мамыр айынан бастап көзделген.

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтiк қорғау. 2020 жылғы қантар-ақпанда өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 4140 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 21,4%-ға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,4 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,3 пайызға артық.

2020 жылғы 1 наурызға 1155 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3258 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 839 адам жiберiлдi.

2020 жылғы 1 наурызға 6711 азаматқа 76,0 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 наурызға облыстың денсаулық сақтау жүйесi құрамында 19 аурухана ұйымы бар медициналық ұйымдар желiсiмен ұсынылды, оның iшiнде 4 облыстық ұйым, 2 қалалық аурухана, 12 АБ, 63 амбулаториялық-емханалық ұйым, оның iшiнде 58 дәрiгерлiк амбулатория, 3 қалалық емхана, облыстық стоматологиялық емхана және ЖИТС-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi облыстық орталық, сонымен қатар облыста 426 медициналық пункт пен 44 ФАП бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 5 млрд. 246 млн. теңгенi құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы жоспарындағы 14,4 млн. теңгеден 14,1 млн. теңге немесе 98,2 %, игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 375,5 млн. теңге (ЖБ– 375,5 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспар көзделмеген,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 2 млрд. 457 млн. теңге (РБ — 1 млрд. 991.7 млн. теңге ЖБ — 465 млн. теңге), есептi кезеңге жоспар көзделмеген.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешенi, 408 шағын-орталық (8 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2019-2020 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 475 бiрлiктi құрайды.

2020 ж. 01.03. жоспардағы 11,8 млрд.теңгеден игерiлу 11,7 млрд. теңгенi немесе 99,2% құрады.

Барлығы 2020 жылы бiлiм беру объектiлерiн дамытуға жергiлiктi бюджеттен 1132,7 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде:

  • Петропавл қаласында 900 оқушыға арналған жалпы бiлiм беретiн орта мектеп салуға — 876,6 млн. теңге. 2020 жылғы 1 наурыздағы жоспарда 41,6 млн. теңге, қаражат толығымен игерiлдi.
  • СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы мекенжайы бойынша сыртқы инженерлiк желiсiмен және абаттандырумен 300 орындық мектеп салуға — 256,1 млн. теңге. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары наурыз айынан басталады.

Бiлiм беру объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 6348,0 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 33,0 млн. теңгеден игерiлу 32,2 млн. теңгенi немесе 97,6% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2018 жыл Қаңтар-желтоқсан
2019 жыл
Қаңтар-ақпан 2020 ж.
2019 ж. %
2019 жыл 2020 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 93,9 97,2 16,1 17,1 105,8
Сүт мың тонна 555,0 567,7 36,9 38,7 105,0
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 809,4 802,9 112,7 92,7 82,7

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2020 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 17,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге 82,4% құрады. Бұл ретте, тауарларды экспорттау — 11,6 млн АҚШ долларын (76,1%), импорттау — 5,4 млн АҚШ долларын (100% құрады). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 6,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 34,7%), Қытай (19,0%), Өзбекстан (14,3%), Польша (11,1%), Иран (10,3%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 97,8%-ы немесе 11,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (импорттың барлық көлемiнен 30,9%), Германия (20,5%), АҚШ (10,5%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (45,5%-ы немесе 2,5 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 36,3%-ы немесе 2,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (9,3%-ы немесе 0,5 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,7%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Солтүстiк Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-ақпан айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2020 жылғы қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 20,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 9,8% кем, соның iшiнде импорт — 17,8 млн. АҚШ доллары (6,9% кем), экспорт — 55,4 млн. АҚШ доллары (25,8% кем).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2020 жылғы қаңтар-ақпаңда айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 23.03.2020 21:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.03.2020 21:54
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы