A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2019 жылғы қаңтар айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 15595,7 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2018 жылғы қаңтар деңгейiнен 3,2%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (63%), 2019 жылғы қаңтар 9819,8 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2018 жылғы қаңтар деңгейiнен 10,5%-ға төмен.

2019 жылғы қаңтар айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2019 жылғы қаңтардағы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 7746,3 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген сүт — 17,5%-ға, ұн — 1,6%, макарон — 34,4%-ға.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 8,7%-ын алатын машина жасау саласында 853,9 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2018 жылғы қаңтар көлемiнен 57,4%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 317,4 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 208,7 млн. теңгеге шығарылды.

2019 жылғы қаңтарда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,5% жоғарлап, 4760,8 млн. теңгенi құрады.

2019 жылғы қаңтарда сумен жабдықтау саласының көлемi 872,8 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2019 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 9579,8 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2018 жылғы қаңтар деңгейiне 104,5%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 10,2 мың тоннаны немесе 2018 жылғы қаңтар деңгейiне 104,7% құрады.

Сүт — 17,4 мың тонна (103,7%),

Жұмыртқа — 58,6 млн. дана (110,2%).

2019 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 373,1 мың бас (103,3%);

с.i. сиыр — 186,9 мың бас (103,1%);

қой мен ешкi — 396,2 мың бас (104,7%);

жылқы — 120,3 мың бас (106,6%);

шошқа — 158,7 мың бас (107,7%);

құс — 4509,4 мың бас (103,5%).

Инфляция. 2019 жылғы қаңтар айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 0,4% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 1%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 0,2%, ақылы қызметтердiң бағасы 0,1% артты.

Кәсiпкерлiк. 2019 жылғы 1 ақпанға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 29433 бiрлiктi құрады немесе 2018 жылғы сәйкес дата деңгейi 6,9% жоғары.

2019 жылғы қантар айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2019 жылғы қаңтар бойынша қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 6 035,8 млн. теңгенi немесе 2018 жылғы қаңтарға 111,4 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 74,2%), бюджеттiк қаражат (14,1%), басқа қарыз қаражат (7,7%) және банк кредиттерi (4,0%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (43,5%), өнеркәсiп (15,2%), ақпарат және байланыс (13,4%), тұру және тамақтану бойынша қызметтер (7,7%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (6,4%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылғы қаңтар бойынша облыс аумағында жалпы ауданы 1 769 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2018 жылғы қаңтарға 47,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салу және реконструкциялауға — 3 097,8 млн. теңге (РБ — 2 800 млн. теңге, ЖБ — 297,8 млн. теңге). Қаржыландыру ағымдағы жылдың ақпан-мамырынан бастап жоспарлануда.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергiлiктi жүйелерiнен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 489,6 млн. теңге. Қаржыландыру ағымдағы жылдың ақпанынан бастап көзделуде.

2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтiк қорғау. 2019 жылғы қантарда өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 2941 адамды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 7,3 % артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi өткен жылғы ұқсас кезеңi деңгейiнде қалды және 0,9 пайызды құрады.

2019 жылғы 1 ақпанға 711 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1831 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 602 адам жiберiлдi.

2019 жылғы 1 ақпанға 2126 азаматқа 63,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 418 шағын-орталық (7 жекеменшiк) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 485 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2019 жылы 59,9 млрд. теңге бөлiндi.

2019 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 3,9 млрд. теңгеден игерiлу 3,9 млрд. теңгенi немесе 99,6% құрады.

Соның iшiнде бiлiм беру объектiлерiн салуға 3109 млн. теңге көзделдi (РБ — 2750,2 млн. теңге, ЖБ — 358,8 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 6591,1 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 3634 млн. теңгеден игерiлу 3632,7 млн. теңгенi немесе 99,9% құрады.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 ақпанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3429 төсек орынға арналған 23 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3404 төсек орынға арналған 22 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 64 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 46 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 5 млрд. 399,5 млн. теңгенi құрады. 2019 жылғы 1 ақпандағы жоспарындағы 17,6 млн. теңгеден 16,9 млн. теңге немесе 96% игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 679,1 млн. теңге (ЖБ — 679,1 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспар көзделмеген,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 099,4 млн. теңге (РБ — 2 млрд. 079,2 млн. теңге ЖБ — 1 млрд. 018,3 млн. теңге), есептi кезеңге жоспар көзделмеген,
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға жылдық жоспар 136,4 млн. теңге (ЖБ — 136,4 млн. теңге), есептi кезең жоспары 2,0 млн. теңге құрады, игерiлген 1,3 млн. теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2017 жыл 2018 жыл Қаңтар 2019 ж. 2018 ж. %
2018 жыл 2019 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 92,0 93,9 9,7 10,2 104,7
Сүт мың тонна 546,1 555,0 16,8 17,4 103,7
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 695,7 809,4 53,2 58,6 110,2

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашада облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 178,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге 102,5%, соның iшiнде тауарларды экспорттау — 115,2 млн АҚШ долларын (114,4%), импорт — 63,6 млн АҚШ долларын (86,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 51,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 34%), Өзбекстан (13,1%), Бельгия (8,3%), Польша (8,2%), Латвия (7,5%), Қытай (7,3%), Түркия (5,8%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,2%-ы немесе 114,1 млн. АҚШ доллары), «Миниарды өнiмдер» (0,4% немесе 0,4 млн.АҚШ долларын),«Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,3 пайыз немесе 0,3 млн.АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Германия (28,0%), Қытай (14,8%), Украйна (9,6%), АҚШ (8,6%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 62,2%-ы немесе 39,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (14,4%-ы немесе 9,2 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (9,2%-ы немесе 5,9 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз — қағаздан жасалған бұйымдар» (6,1%-ы немесе 3,9 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,9%-ы немесе 2,5 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2018 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемi 350,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдан 13,6% кем, соның iшiнде импорт — 292,7 млн. АҚШ доллары (17,3% аз), экспорт — 58,1 млн. АҚШ доллары (11,8% артық).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2019 23:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2019 14:09
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы