A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2018 жылғы қаңтар-тамыз айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 153 966,1 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамыз деңгейiнен 0,9%-ға төмен.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (68,4%), 2018 жылғы қаңтар-тамыз 105 300,0 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2017 жылғы қаңтар-тамыз деңгейiнен 2,7%-ға төмен.

2018 жылғы қаңтар-тамыз айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2018 жылғы қаңтар-тамыздағы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 70 920,1 млн. теңгенi құрады, заттай түрде ет — 6,9%-ға, өңделген сүт  — 17,5%-ға, ұн — 39,6%, шұжық өнiмдерi — 1,4%-ға, макарон — 14,6%-ға, малға арналған дайын жем-шөп — 1,8%-ға.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 19,9%-ын алатын машина жасау саласында 20 960,3 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамыз көлемiнен 31,3%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 2826,4 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 3502,6 млн. теңгеге шығарылды.

2018 жылғы қаңтар-тамызда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,5% жоғарлап, 41 335,7 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы қаңтар-тамызда сумен жабдықтау саласының көлемi 6136,1 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2018 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 136 315,3 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2017 жылғы қаңтар-тамыз деңгейiне 100,7%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 56,7 мың тоннаны немесе 2017 жылғы қаңтар-тамыз деңгейiне 102,4% құрады.

Сүт — 401,1 мың тонна (102,4%);

Жұмыртқа — 544,7 млн. дана (116,5%).

2018 ж. 01.09. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 394,1 мың бас (101,9%);

с.i. сиыр — 192,0 мың бас (100,8%);

қой мен ешкi — 413,2 мың бас (102,7%);

жылқы — 126,4 мың бас (104,4%);

шошқа — 176,7 мың бас (104,4%);

құс — 5256,5 мың бас (103,3%).

Инфляция. 2018 жылғы қаңтар-тамыз айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 3,3% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,4% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 3,5%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 2,8%, ақылы қызметтердiң бағасы 3,5% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2018 жылғы тамызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28 557 бiрлiктi құрады немесе 2017 жылғы сәйкес дата деңгейi 1,1% жоғары.

 2018 жылғы қантар-тамыз айлары бойынша тұтыну баға индексі

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2018 жылғы қаңтар-тамызда қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 105 512,7 млн. теңгенi немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңге 108 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 54,9%), бюджеттiк қаражат (31,4%), басқа қарыз қаражат (7,6%) және банк кредиттерi (6,1%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (42,9%), өнеркәсiп (16,1%), көлiк және қоймалау (18,6%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (10,4%), бiлiм (4,7%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылғы қаңтар-тамыз айында облыс аумағында жалпы ауданы 72 462 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiне 113,7% құрайды.

Сумен жабдықтау.

«Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салу және реконструкциялауға — 1 385,1 млн. теңге (РБ — 1 160,3 млн. теңге, ЖБ — 224,7 млн. теңге), 1 қыркүйекке 375,8 млн. теңгенi құрады;
  • «Петропавл қ. тазарту кәрiз имараттарының бар технологиялық схемасын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңi» жобасы бойынша — 522,9 млн. теңге.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергiлiктi жүйелерiнен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 321,9 млн. теңге. 2018 жылғы қаңтар-тамызға жоспар 1 512,9 млн. теңгенi құрайды, ол 100%-ға орындалды.

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында жобалар жоқ.

Бүгiнгi таңда Петропавл қ. су бұру бойынша 2017 жылдан ауысқан 1 жоба аяқталды, сондай-ақ 2017 жылы құрылысы басталған жылумен жабдықтау бойынша ауыспалы 4 жобаны (Айыртау ауданының Саумалкөл а. жылумен жабдықтау желiсiн салу) аяқтау жоспарланып отыр.

Әлеуметтiк қорғау. 2018 жылғы қантар-тамызға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 4326 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 11,6 пайызға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,4 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,1 пайызға артық.

2018 жылғы 1 қыркүйекке 10106 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 21664 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 2743 адам жiберiлдi.

2018 жылғы 1 қыркүйекке 6426 азаматқа 242,5 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 75 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 64 — мемлекеттiк, 11 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 5 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 432 шағын-орталық (8 жекеменшiк) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 485 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2018 жылы 51,6 млрд. теңге бөлiндi. 2018 жылғы 1 қыркүйек жоспарындағы 34,6 млрд. теңгеден игерiлу 34,6 млрд. теңгенi немесе 100% құрады.

Соның iшiнде бiлiм беру объектiлерiн салуға 4232,4 млн.теңге көзделдi (РБ — 850 млн. теңге, ЖБ — 1100,4 млн. теңге, ҚР Үкiметiнiң резервi есебiнен — 2282 млн. теңге), есептi кезеңге арналған жоспар 3359 млн. теңгенi құрады, игерiлгенi 89,7%.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 3633,1 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 1944,5 млн. теңгеден игерiлу 1942,2 млн. теңгенi немесе 99,9% құрады.

Денсаулық сақтау. 2018 жылғы 1 қыркүйекке облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3463 төсек орынға арналған 24 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3438 төсек орынға арналған 23 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 64 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 49 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 3 млрд. 894,1 млн. теңгенi құрады. 2018 жылғы 1 қыркүйекке жоспарындағы 2 млрд. 145 млн. теңгеден 2 млрд 081,8 млн. теңге немесе 97,1% игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 767,0 млн. теңге (ЖБ — 767,0 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспары 344,4 млн. теңге, игерiлген — 335,9 млн. теңге немесе 97,5%;
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 093,3 млн. теңге (ЖБ — 1 млрд. 093,3 млн. теңге), есептi кезеңге жоспары 606,7 мың теңге, 100% игерiлген;
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға жылдық жоспар 459,6 млн. теңге (РБ — 308,5 млн. теңге, ЖБ — 151,2 млн. теңге), есептi кезең жоспары 321,7 млн. теңге құрады (ЖБ — 46,7 млн. теңге), игерiлген — 304,4 млн. теңге (ЖБ — 29,8 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2016 жыл 2017 жыл Қаңтар-тамыз 2018 ж. 2017 ж. %
2017 жыл 2018 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,8 92,0 55,3 56,7 102,4
Сүт мың тонна 525,5 546,1 391,9 401,1 102,4
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 576,1 695,7 467,7 544,7 116,5

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2018 жылғы қаңтар-мамырда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 88,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңнен 113,7% артық. Бұл ретте, экспорт 57,3 млн. АҚШ долларын (129,9%), импорт — 30,7 млн. АҚШ долларын (92,2%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 26,6 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,8%-ы немесе 57,2 млн. АҚШ доллары) алады.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 64,7%-ы немесе 19,9 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (11%-ы немесе 3,4 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз — қағаздан жасалған бұйымдар» (6,5%-ы немесе 2 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (3,9%-ы немесе 1,2 млн. АҚШ доллары), «Химиялық және өнеркәсiп салаларына байланысты өнiмдер» (10,0%-ы немесе 3,1 млн. АҚШ доллары).

Құрылым

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2018 жылғы қаңтар-шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 206,2 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-шiлдеге 94,2%). Бұл ретте, экспорт — 34,9 млн. АҚШ доллары (22,1% ұлғайды), импорт — 171,4 млн. АҚШ доллары (9,9% қысқарды).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

 Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2018 жылғы қаңтар-тамыз айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2018 11:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2018 14:14
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы