A- A A+
Солтүстік-Қазақстан облысының 2009 жылы қаңтар-желтоқсан айларына әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2009 жыл бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 76 832,9 млн.теңгеге өнім өндірді, ол 2008 жылғы-деңгейі 5,1 пайызға жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (76,3 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2009 жылда 58 618,9 млн.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2008 жылдың деңгейінен 3,2 пайызға жоғары.

. 2009 жылда 34 087,7 млн.теңгеге тамақ өнімдері өндірілді, ет консервілер өндірісі — 22,4 пайызға, ет және тағамдық өнімдер — 7,6 пайызға, шұжық өнімдері — 7,1 пайызға, тазартылмаған рапс майы — 7,9 пайызға, этил спирты 2,0 есеге ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 27,6 пайызын алатын машина жасау саласында 16 177,2 млн. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2008 жылғы көлемінен 27,7 пайызға жоғары. Мамандырылған автомобильдер — 2,2 есеге, сұйықтарды айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғылар (2,4 есеге) және ауылшаруашылық үшін машина бөлшектері (21,4 пайызға), мұнай өңдеу жабдықтары (3,5 есеге), мұнай (82,5 пайызға) өндірісі ұлғайған.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 372,1 млн.теңгеге өнімі өндірілді.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 1 233,3 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2009 жыл бойынша электр қуат, газ, су өндіру мен бөлудің көлемі 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайды және 17 939,4 млн.теңгені құрады.

Облыстың индустриялық — инновациялық дамуы аясында 3,5 млрд. теңгеге, 6 инвестициялық жобалары іске асырылды, 295 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қазіргі уақытта 4,0 млрд.теңгеге сомасына алты жобаның іске асырылуы және 700 жаңа жұмыс орындары құруын жоспарлайды: соның ішінде бір жоба тау-кен өнеркәсібінде; екеуі — құрылыс материалдар өнеркәсібінде, үшеуі — машиножасау саласында.

Ауыл шаруашылығы. 2009 жыл бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 238,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 2008 жыл-деңгейінен 114,2 пайызды құрайды.

Облыс экономикасының аграрлық саласын дамытудағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2009 жылы республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге қаржы ресурстары бөлініп, игерілген.

Жерді пайдаланудың экономикалық нәтижесін арттыру мақсатында 2,9 млн. га егістікте нөлдік және минималдық топырақты өңдеуі дәнді — дақылдар өсіру жаңа ресурс сақтандыру технологиясымен орындалуда, немесе 74 пайыз бүкіл дәнді дақылдар егістігі, бұл 2008 жылғы-деңгейден 1,4 есеге артық.

2009 жыл бойынша астықтың жалпы түсімі бункерлік салмағымен 6,4 млн. теңгені 16,6 центнер астық гектардан құрайды немесе 28% 2008 жылдын-деңгейіне құрайды.

2010 жылғы егістікке 546,2 мың.тонна жақсы дәнді дақылдар тұқымы салынды, бұл облыс шаруашылықтарының толық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сақтауға салынған бүкіл тұқымдар сұрыпталған және аудандырылған.

2009 жыл бойынша астықтың 1 003,7 мың. тоннасы, одан бидай — 868,7 мың. тонна, арпа — 135,0 мың.тонна экспортталды. Сонымен қатар, рапс тұқымының майы — 33,9 мың. тонна, ұн — 300,7 мың тонна экспортталды. Елдің басқа өңірлеріне астық жеткізілімі 1 745,2 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 36 пайызға үлкен.

Құнарлықты ұлғайту үшін топыраққа 37 мың. тонна минералдық тыңайтқыштар және қызмет ететін заттқа дәнді дақылдар егістігі 4,8 кг бойынша гектраға енгізіледі, торлық алқапқа олардың енгізілуі жалғастыруда.

2009 жыл бойынша агросубъектілермен жалпы сомасы 17,7 млрд. теңгеге қазіргі заманға сай ауыл шаруашылық техникасының 1 157 бірлігі сатып алынды, соның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы қаржылық лизинг шарттары бойынша — 4,1 млрд. теңгеге 223 бірлігі.

Мал шаруашылығын интенсификациялау бойынша қолданылған шаралар нәтижесінде мал, құс және өнім өндірудін барлық түрлерін дамытудың оң үрдісі сақталады. 2009 жыл бойынша ет — 96,2 мың тонна тірі салмақта 2,0% өсуімен 2008 жылдың сәйкес кезең деңгейіне қарағанда өндіріліп, сүт — 573,3 мың. тонна (4,7%), жұмыртқа — 305,6 млн. дана (17,3%), жүн — 789,5 тонна (4,5%) артық шығарылды. Осы кезеңде ірі қара мал саны 2,2%, ешкі мен қой — 5,9%, жылқы — 3,7%, шошқа — 5, 8% және құс — 12,8% өсті.

Әрекеттегі нысаналы өңірлік бағдарламаларды іске асыру аясында ірі инновациялық, жоғары технологиялық өндірісті игеру бойынша инвестициялық жоспарларды іске асыру есебінен саланы индустриализациялауға және әртараптандыруға бағытталған жүейлі жұмыс жүргізілуде.

Тайынша ауданындағы «Баско» компаниясымен пайдалануға берілген 50 мың басқа арналған шоқа кешенінің бірінші кезегі жұмыс істейді. Жылдық қуаттылығы 9,0 мың тонна ірі ет өнімін өңдеу комбинаты, сондай-ақ 210 мың. тоннаға арналған құрама жем зауыты салынып жатыр. «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы «Қазэкспортастық" холдингімен, «Тайынша — Астық" ЖШС жаңа заманғы шетел технологиясы бойынша 1000 басқа ірі сүт кешенінің құрылысы жалғасуда, бірінші кезектегі сүт кешені сиыр қорасының құрылысы аяқталды.

«M.A.D. Corporation» израиль фирмасы «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС бірлесіп, қуаттылығы жылына 15,8 мың тонна бройлер еті құс фабрикасының қалпына келтіру жобасын іске асырып жатыр. Құс фабрикасының бірінші корпусы пайдалануға енгізілген. Құс фабрикасының бірінші кезегі пайдалануға берілді, қазіргі уақытта өнім дүкендерде сатылды. Құс сою цехы 2009 жылы іске қосылды, жаңа инкубатордың салуы басталды.

«Зенченко и К» командиттік серіктестікте Канададан мал әкеліп 800 басқа арналған сүт кешені қызмет істейді, 2009 жылы бір сиырдан 7000 кг сүт сауымы алынды.

Шағын кәсіпкерлік. Облыста 1 желтоқсанға 4 543 шағын бизнес кәсіпорыны тіркелді, соның ішінде жұмыс істейтіндер 2 648 немесе барлық санынан 58,3%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың айтарлықтай саны саудаға — 38,8%, ауыл шаруашылығына -18,4%, өнеркәсіпке — 9,1% келеді.

Инфляция. Облыста 2009 жыл бойынша инфляция-деңгейі — 5,9%, құрады, бұл орташа республикалық деңгейінен 0,3% төмен. 2009 жылдың деңгейінен азық-түлік тауарлары — 2,7 пайызға ұлғайды, азық-түлік емес тауарлар 8,1%-ға қымбаттады, ақылы қызметтер 8,5%-ға өсті (Республика бойынша — 3,0%, 8,6%, 8,4%-ға сәйкесінше).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы қайта есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 47226,2 млн.теңгені құрады, бұл 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан қарағанда 108,2% құрайды.

Инвестиция көлемінің 46,8% құрылыс-монтаж жұмыстарына, 49,1% машина және құрал-жабдықтар сатып алуға келеді.

Негізгі капиталға инвестицияның технологиялық құрылымы

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншіктік қаражаттары (46,4%), қарыз қаражаты (18,9%), бюджеттік қаражат (32,9%) және шетелдік инвестициялар (1,8%) инвестицияларды қаржыландырудың көздері болып табылады.

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы (жалпы көлемнен 28,7%), өнеркәсіп (28,3%), көлік және байланыс (17,0%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұтынушыларға жалға беру және қызмет көрсету (8,0%) негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2009 жылы 108,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынып және пайдалануға берілген (963 пәтер немесе 825 үй), бұл қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарға 101 пайызын құрайды.

Селолық жерлерде 76,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген, немесе облыс бойынша жалпы пайдалануға беруден 70,4 пайыз.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айында тұрғын үй құрылысына 3482,1 млн. теңге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен бөлінтен 595,9 млн. теңге трансферттер есебінен Уәлиханов ауданы Кішкенекөл с. жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй салуға сомада жалпы ауданы 2,8 мың шаршы метр 30 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға енгізілген. 2010 жылға пайдалануға беруге жоспарланған Петропавл қ. жалпы алаңы 19 мың шаршы метр (342 пәтер) 3 тоғыз қабатты үйлердің құрылысы жүргізілген. Құрылыстық-монтаждық жұмыс көлемі үстіміздегі жылға көзделген қаржыландыру шегінде орындалған. Игерілгені 592 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 100 пайыз.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында салынып жатқан тұрғын үймен денсаулық сақтау қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін 289 млн. теңге сомада кредиттік қаражат есебінен 2010 жылы пайдалануға беруге жоспарланған Петропавл қ. жалпы алаңы 18,4 мың шаршы метр (215 пәтер) 3 бес қабатты үй және Ғ.М.Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское с. жалпы көлемі (0,78 мың шаршы метр) 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын салу жалғастырылуда.

Инженерлік коммуникацияларды дамыту мен жайластыруға республикалық бюджеттен 1325 млн. теңге бөлінді. Игерілгені 1320 млн. теңге немесе жылдық жоспарға99,6 пайыз.

Бөлінген қаражат есебінен Петропавл қ. ұзақтылығы 3,4 км 800 мм диаметр оңтүстік-шығыс су тартқыш пайдалануға берілген, Орман шағын ауданында кәріз және электрмен жабдықтау желілері бойынша жұмыс аяқталған.

«Солнечный» шағын ауданына (ұзындығы 1,9 км қос құбыр) магистралдық жылу желілерін салу орындалды. Мемлекеттік бағдарламасы аясында Юбилейная көшесі тұрғын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген және «Байтерек» тұрғын ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салу бойынша үстіміздегі жылға көзделген қаржыландыру шегінде құрыстық-монтаждық жұмыс көлемі орындалған.

Жұмабаев көшесіндегі (1 кезек) су құбырлары желілерін ренконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 971,7 млн. теңге сомада 7,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде Қызылжар ауданы Элитное с. «Байтерек» тұрғын кешенінде 23 бір пәтерлік үйлер, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское с. 12 пәтерлік тұрғын үй, Айыртау ауданы Саумалкөл с. 19 пәтерлік тұрғын үй.

2010 жылғы берілуі жоспарланған Петропавл қ. жалпы алаңы 14,6 мың шаршы метр (182 пәтер) 2-і көп қабатты үйлерді салу жүргізілген.

Жеке құрылысшылар есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінен жалпы алаңы 81,2 мың шаршы метр 773 үй салынған немесе облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 74,7 пайыз (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 49,4 пайыз).

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен жалпы алаңы 16,8 мың шаршы метр 19 үй (94 пәтер) пайдалануға берілген.

Сумен қамтамасыз ету. 2009 жылы «Ауыз су» республикалық бағдарламасының шегінде су шаруашылық құрылысына 2961,3 млн.теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер — 1541,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен — 294,7 млн.теңге, Азият даму банкінің қарыз қаражатынан — 1125,4 млн.теңге.

Ағымдағы жылғы 12 айдың нәтижесі бойынша сутартқыштың 203,44 км салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: республикалық бюджет есебінен — 99,24 км және Жамбыл ауданы Екатеринов учаскесіндегі жер асты суларынан бұталы ұңғымалы бастоған құрылысы (ІІ кезек) аяқталады, жергілікті бюджет қаражаты есебінен — облыстың 5 селосында және 21,4 км құрылысы аяқталды, Азиат даму банкінің жобасын іске асыру аясында су құбырының 82,8 км реконструкцияланды.

Әлеуметтік қорғау. 2010 жылғы 1 қантарға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға ұлғайып 3224 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,8 пайызын құрады, өткен жылдан сәйкес.

2010 жылғы 1 қантарға 14929 жаңа тұрақты жұмыс орыны қүрылып, 19245 адам өкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 4620 адам жіберілді. Халықтың мақсатты топтарына кіретін азаматтар арасынан 7438 адам жұмысқа орналастырылды.

Кедейшілік шегінен төмен-деңгейде тұратын адам саны 13,6 мың адамды құрайды. Кедейшілік-деңгейі 2,1 пайызды құрады, бүл өткен жылғы сәйкес кезеңнен, 0,3 пайыздық пунктк төмен.

2010 жылғы 1 қантарға жағдай бойынша 22,8 мың аз қамтылған азаматтарға 333,3 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 296,8 млн.тенге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 15286 өтініш берушіге (31340 балаға) белгіленді.

2009 жылдын қантар-қарашанің айындағы облыста жал дамалы жұмыс бойынша істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 45127 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2008 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 114,9 пайызды құрады.

2009 жылға арналған Жол картасының барлық бағыттары бойынша 4485,7 млн.теңге бөлінді, игеру 4364,1 млн.теңге немесе 97,3%-ды құрады.

Жол картасының жөндеу құрылыс жұмыстары бойынша 6754 жұмыс орны құрылды (жоспардан 101%), оларға 6797 адам жұмысқа орналасты (100,6%) соның ішінде жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша — 6475 жұмыссыз (95%).

Барлық жобаларда жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталды (182 жоба).

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын кеңейтуге есебінен 3516 жұмыс орны құрылды, нақты 4409 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына — 2857 және 1552 түлек жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасты.

2009 жылы даярлау және қайта даярлауға 5005 адам жіберілді.

Білім беру. Балабақшалардың жалпы саны 59 бірлікті құрайды, соның ішіңде 48 мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемелері, 11 мемлекеттік емес. Бұдан басқа, 297 шағын орталық жұмыс істейді.

2009–2010 оқу жылы басына облыстың мектеп жүйесі 635 бірлікті құрайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Мамлют ауданы Мамлютка қ. 200 орындық жатын корпусымен 400 орынға арналған мемлекетік тілде оқытатын мектеп-интернат, Петропавл қ. Победа-Уәлиханов көшесінде 320 орынға арналған балабақша енгізілді, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы Пески с. 250 орындық мектеп құрылысы жалғастырылуда.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Уәлиханов ауданы Береке с.80 орынға арналған мектеп енгізілді және Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп құрылысы жалғастырылады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 50 білім беру объектісін күрделі жөндеу бойынша Жол картасын іске асыруға 499,836 млн.теңге немесе 2009 жылғы нақтыланған жоспардан 99,9% (500 млн. теңге) игерілді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесі жалпы 5476 кереует санымен 36 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 5433 төсек орынға арналған 34 мемлекеттік, 210 амбулаторлық-емханалық мекеме, 166 — мемлекеттік (соның ішінде 4 өзіндік емхана, әйелдер консультациясы, 155 дәрігерлік амбулатория, 4 БМСК орталығы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), ведомстволық — 1, жеке меншіктік — 41 заңды тұлға. 485 медициналық пункт бар.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы аясында 3 объектінің құрылысы жалғастырылуда:

  • Жамбыл ауданы Пресновка селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • Петропавл қаласының 19-ыншы шағын ауданында 500 келімге арналған емхана.

Петропавл қаласындағы облыстық қан орталығының құрылысы 2009 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды.

2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтаудың 3 объектісінің құрылысы аяқталды, соның ішішде мыналар:

  • Аққайың ауданы Ленинское селосында дәрігерлік амбулатория;
  • Жамбыл ауданы Троицкое селосында дәрігерлік амбулатория;
  • М. Жұмабаев ауданы Полтавке с. дәрігерлік амбулатория.

2009 жылы жалпы сомасы 956,8 млн. теңгеге 36 медициналық ұйымдарды жөндеу жоспарлануда, соның ішінде Жол картасы аясында 29 ЕАҰ күрделі жөндеу жүргізілуде, бұған 500 млн. теңге бөлінген. 2010 жылғы 1 қаңтарға игерілгені- 956,755 млн. теңге, сонын ішінде Жол картасы бойынша — 500 млн. теңге немесе есептік кезеңдегі жоспардан 100%.

Облыс бойынша ауылшаруашылық мал басының саны

мың бас

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009 ж.
2008 ж. %

Мүйізді ірі қара мал саны

344,4

351,6

359,5

102,2

оның iшiнде сиыр

171,5

174,1

178,2

102,3

Қой мен ешкi

234,0

246,4

260,9

105,9

Шошқалар

240,9

247,6

262,0

105,8

Жылқылар

83,7

88,2

92,1

103,7

Құс

2604,0

2709,2

3055,4

112,8

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлері өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009 ж.
2008 ж. %

Астық (еңдеуден кейінгісалмақлен)

мың тонна

5027,9

4550,2

5620,8

123,5

Ет, таза салмағы

мың тонна

55,1

58,7

59,6

102,0

Сүт

мың тонна

531,4

547,7

573,3

104,7

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

250,0

260,5

305,6

117,3

Сыртқы экономикалық қызмет

Шекаралық және экономикалық ынтымақтастық

Географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Ресей Федерациясы облыстың негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады, бұл ретте ынтымақтастық негізгі үлесі Омбы, Түмен және Қорған шекаралас облыстарына келеді, олармен экономиканың әртүрлі салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасылған және олар іске асырылуда.

2009 жылғы 11 наурызда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан және Орал облыстарының сауда-экономикалық палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Ресейдің Свердлов облысы және Екатеринбург қ. іскер орталарының қатысуымен сауда-экономикалық миссия өткізілді. Қазақстан жағынан құрылыс, энергетика және тамақ өнеркәсіптерінің 63 кәсіпорын қатысты. Екі өңір кәсіпорындары мен кәсіпкерлік құрылымдарының кездесуі нәтижесінде ынтымақтастық туралы 5 шарт, келешекті іскерлік байланыс орнату ниеті туралы 15 хаттама жасасылды.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының ресми делегацияларымен айырбас тәжірибесі жолғасуда. Осылай, а.ж. 2 сәуірде Қорған облысы Үкіметінің Жумыс тобы Солтүстік Қазақстан облысында іс-сапарымен болып кетті.

Омбы қаласында Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары делегацияларының ресми кездесуі өтті. Іс-шараға Омбы облысындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің консулы О.Мұхсиынов, тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарының басшылары, мүдделі тұтынушылар қатысты. Екі жақтың келіссөзі нәтижесінде Омбы облысына сапалы, ақжар қиыршықтасын жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

2009 жылғы 16 маусымда солтүстікқазақстандық делегациясы, облыс әкімі Серік Біләловтің басқаруымен РФ Қорған облысына барып қайтты.

Облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясы және Зауралье Халықтары Ассамблеясы арасындағы сапар барысында ынтымақтастық туралы арнайы келісім жасалды. Солтүстікқазақстандықтардың сапары 2009 жылғы наурызда Ресейліктер Петропавл қ. келіп, ұлттық-мәдени саласындағы ынтымақтастық туралы ниеті жөніндегі хаттамасына қол қойғанда жоспарланған. Енді екі жақ өз қарым-қатынастарын жаңа құжатпен бекітті, ұлтаралық келісімге қол жеткізу, екі шекаралас өңірдің дамуына белсенді қатысу, халықтарының мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтау бұл құжаттың негізгі мақсаттары болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы және Ресей Федерациясы кәсіпорындары арасындағы қол қойылған құжаттар шегінде өзара тиімді тауар жеткізу және қызмет көрсетуге шарттар жасасылуда және іске асырылуда, бұл тауар айналымын арттыруға әсерін тигізеді.

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және Ресей Федерациясы Түмен облыстық дума арасында өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды. Іргелес облыстардың өкілетті органдарының басшылары өңірлердің жан-жақты қатынастырының ілгеріде дамып, нығаюына сенім білдірді және тұрақты байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін айтты.

2009 жылғы қаңтар-қараша айларында облыстың сыртқы тауар айналымы транзиттік жеткізілімдерді есептемегенде 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 51,7 пайызға қысқарумен 657,1 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт — 113,9 млн, АҚШ доллары (60,3 пайызға қысқартылумен), импорт — 543,2 млн, АҚШ доллары (49,5 пайызға қысқартылумен). Ресей Федерациясымен -447,3 млн. АҚШ доллары (51,3 пайызға қысқарумен), соның ішінде экспорт — 13,4 млн, АҚШ доллары (73,7 пайызға қысқарумен), импорт — 433,9 млн, АҚШ доллары (50,0 пайызға қысқарумен).

2009 жығы кеден статистикасының мәліметтері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы транзиттік жеткізілімдерді есептегенде 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 43,2 пайызға қысқарды және 1006,8 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт — 347,8 млн, АҚШ доллары (51,9 пайызға қысқарды), импорт — 659,0 млн, АҚШ доллары (30,9 пайызға қысқарды). Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы транзиттік жеткізілімдерді есептегенде — 548,2 млн. АҚШ доллары (35,3 пайызға қысқарумен), соның ішінде экспорт — 26,6 млн, АҚШ доллары (62,5 пайызға қысқарумен), импорт — 521,6 млн, АҚШ доллары (32,8 пайызға қысқарумен).

Денсаулық сақтау, білім беру және ғылыми-техникалық салалары облысындағы ынтымақтастық

27–28, ақпанда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақтан мемлекеттік университеті базасында ҚР Білім және ғылым министірінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарының Жоғарғы Оқу орындарының халықаралық ғылыми — оқыту форумы өтті. Форумға Ресейдің 11 Жоғарғы Оқу орындары және Қазақстанның 14 университеті қатысты. Нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ екі елдің Жоғарғы Оқу орындары арасында білім және ғылым саласындағы байланыстарын тереңдетуді көздейтін екі жақты шарттар жасасылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен Омбы педагогикалық № 1 колледжге қазақ тілін оқуға арналған оқу-әдістемелік кешендер жинақтары жіберілді.

Петропавл қ. дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейдің тәрбиеленушісі Дінмұхамед Дүйсенов әзірбайандық Баку қаласында өткен «INEP EUROASIA» экология бойынша ғылыми жобалардың үшінші халықаралық олимпиадасының жүлдегері аталды.

7 жыл бұрын біздің облыс әкімі және Түмен облысы губернаторы қол қойған денсаулық сақтау саласындағы шекаралас ынтымақтастығы туралы келісімнің арқасында үш мыңнан астам бала Түмен дәрігерлерінің қабылдауында болғаны бәріне мәлім. Ағымдағы жылғы сәуір айында ресейлік дәрігерлер Түмен балаларға арналған облыстық клиникалық ауруханасы кардиохиругиялық бөлімшесінің меңгерушісі Кирилл Горбатиковтың басқаруымен Петропавл қ. іссапармен келіп, 250 баланы қарады. Ағымдағы жыл басынан туа біткен жүрек, ақауы бар балаларға 54 операция жасады, одан 19-ы облыстық балалар аруханасы базасында.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақтан мемлекеттік университеті базасында «Марғулан оқулары — 2009» Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияға Қазақстан және Ресейдің проблемалық зертханаларының, ғылыми — зерттеу орталықтарының, жоғарғы оқу орындарының археологтар мен тарихшыларын жиналды.

Солтүстік Қазақтандық кәсіби — педагогикалық колледжінде тың және тыңайған жерлердің игерілуіне 55 жылдығына арналған тарихи-өлкетану конференция өтті, оған Қорған қ. колледждерінің студенттері қатысты.

Түмен облыстық Дума делегациясы Петропавл қаласы кәсіпорындарында, Қызылжар ауданында болып қайтты. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақтан мемлекеттік университеті қонақтарға жақсы әсер етті. Олар оқу орынымен танысты, алапына, обсерватория мен планетарийіне барды.

Мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық

Петропавл қ. Совет Одағының екі мәрте Батыры ұшқыш — ғарышкер -Владимир Шаталовтың жүлделеріне спорттық акробатика бойынша дәстүрлі қалааралық турнир өтті. Турнирге Ресей Федерациясы Омбы қаласының командалары қатысты.

«Виктория» бала-жасөспірім спорт мектебінің тәрбиеленушілері Ресей Федерациясының Бердск қаласында өткен греко-рим күресі бойынша халықаралық турнирде алтын, үш күміс және бір қола медаль ұтты. Петухово қаласында греко-рим күрес бойынша жалпы ресейлік турнирге қатысып, үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль ұтты.

Солтүстік Қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Жапонияда өткен Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды.

Петропавл қаласының жасөспірімдер арасында футбол бойынша «Қысқы демалыс» халықаралық турнир өтті, онда Омбы қаласының командасы қатысты.

Солтүстікқазақстандық конькиші, халықаралқ дәрежедегі спорт шебері Роман Креч, Итальялық Коллальбо қаласында өткен юниорлар арсындағы Әлем кубогының чемпионатында алтын медалін ұтып алды. Ол Польшалық Закопань қаласында өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 1500 ара-қашықтығында күміс жүлдегері болып, 500 метрлікте төртінші болды.

Петропавлдық жүгіруші Софья Сұлтанова Ленинград блокадасының 65 жылдығына арналған Санкт-Петербург «Дорога жизни» марафонына алтыншы рет қатысты. София Султанова Ғарышкерлер күніне арналған, Томск қаласында өткен Үшінші ғарышкерлік жартылай марафонына қатысып күміс медалін ұтып алды, ол спортшының қырқыншы медалі болды. Қорған қаласында өткен Ұлы отан соғысының батыры генерал Д.Қарбышевтың естелігіне арналған жарысқа қатысып, ол қырық бірінші медаль жеңіп алды.

«Виктория» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Ауғанстаннан Кеңес әскері шығаруының 20 жылдығына арналған және КСРО спорт шеберлері, күресшілері Гаваз Кайманов пен Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған грек-рим күресі бойынша дәстүрлі турнир өтті. Турнирге Қазақстан мен Ресей қалаларының командалары қатысты.

Петропавлдың № 2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері америкалық Айдахо штатының Бойс қаласындағы арнайы қысқы Олимпияда ойындарына Қазақстан құрамасының құрамында қатысып, алтын медаль ұтты.

Солтүстік-Қазақстандық спортшы Кристина Яловенко Беларусь Республикасы Минск қ. өткен олимпиада чемпионы Александр Медведев жүлделеріне юниорлар арасында еркін күрес бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы аталды.

Спорттық акробатика бойынша Петропавл мамандандырылған бала-жасөспірім мектебінің тәрбиеленушілері Рига қ. өткен батутта секіру бойынша қала кубогының ашық жарыстарына табысты қатысты. Жасөспірімдер арасында Александр Захаров бірінші орынға, Евгения Шапавалова екінші орынға ие болды. Тәрбиеленушілер Омбы қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып топты жаттығуларда үшінші орын алды.

«Жеңіс» бала-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиленушісі Жанна Ыбраева Загреб қ. өткен Хорбатияның фехтование бойынша кубогында бірінші орын алды.

Петропавл мамандандырылған бала-жасөспірім мектебінің велоспорт бойынша олимпияда резервінің тәрбиеленушісі Евгений Непомнящий велоспорт бойынша топты бәйгенің Өзбекстан біріншілігінде үшінші орынға ие болды.

Петропавл спортшысы Әнуәрбек Байжанов әзірбайжандық Баку қ. өткен бокс бойынша халықаралық турнирінің күміс жүлдегері болды.

«Жеңіс» Петропавл мамандандырылған бала-жасөспірім спорт мектебінің тәрбиеленушісі Виталий Васильев Ташкент қаласында өткен грек-рим күресі бойынша «Гран-при Өзбекстан» халықаралық турнирде күміс медалін ұтып алды. Басқа тәрбиеленушісі, Руслан Какенов, ресейлік Ростов-на-Дону қаласында өткен, Самурғалиев, ағайындалар сыйлықтарына кадеттер арасындағы жарыста күміс жүлдегері болды.

Солтүстік-Қазақстандық спортшы Роман Милешин грек-рим күресі бойынша Азия чемпионатында үшінші орынға болды.

Спортта дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектебінің тәрбиеленушісі — Ренат Нығматуллин түрік қаласы Антальяда өткен греко-римдік күрес бойынша турнирде күміс жүлдегері болды.

Солтүстікқазақстандық спортшылар Қайрат Қанафин және Олег Сысолятин Қорған облысы Шадринск қаласында өткен ХХХ халықаралық мерейлі марафонның жеңімпаздары болды. Қайрат өз жастағы топта (23–24 жас) 42 километр 195 метрді 4 сағат 7 минут 27 секундта өтіп, финишке бірінші келді. Олег Сысолятин халықаралық кластағы спорт шебері, Шадринск қаласында өткен отызыншы марафонда өз жастағы топта (45–49 жас) 42 километр 195 метрді 2 сағат 49 минутта өтіп, бірінші болды.

Қорған қаласында РФ барлық қаларында өткен «Кросс наций» бүкіл ресейлік кросс аясында ұлдар мен қыздар үшін шосседе жүгіру бойынша Ресейдің біріншілігі өтті. Оған Ресейдің жиырма бір өңірі спортшылары мен Қазақстаннан келген қонақтар қатысты: «Жеңіс» мамандырылған бала-жасөспірім олимпияда резерві мектебінің петропавлдық командасы. Солтүстікқазақстандықтар жоғары көрсеткіштер көрсетті. Әртүрлі қашықтарға жүгіруге алты мыңнан астам адам қатысты. Сегіз километр қашықтықта 18–19 жастағы топта петропавлдық-республикалық жастар ойындарының қола жүлдегері Александр Дейков қатысты.

Тайпей қаласында (Тайвань) спорттың он алты түрі бойынша саңырау және есту қабілеті кем спортшылар арасында өткен ХХІ сурдоолимпиадалық ойындары аяқталды. Бірінші болу үшін дүниежүзінің 82 елінің өкілдері қатысты. Қазақстанның құрама командасында солтүстікқазақстандықтар да болды. Олар жеңіл атлет Рустам Шакеев және Александр Соловьев, футболшы Илнур Юнусов

Санкт-Петербург қаласында гір спорты бойынша Еуропа чемпионаты өтті, оған солтүстікқазқстндықтар Жаслан Нұмбаев, Владислав Третьяков, Илья Бахтов, Виталий Диденко, Андрей Гловяк, Николай Карабышев қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта спортшылар жаттығып жатыр — қазан айының соңында Таллин қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Солтүстікқазақстандық сарбаздары Түмен қаласында өткен шинкиоку-шинкай каратэ бойынша облыстық ашық турнирге табысты қатысты. Жарысқа Ресей қалаларының командалары, Петропавл қаласының командасы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша екі солтүстікқазақстандық спортшы — Анастасия Слимкова және Әйгерім Зікірьянова қола медальдерін ұтып алды, Александр Ченцов төртінші боды.

Спорттың ойын түрлері бойынша Петропавл бала-жасөспірім мектебінің тәрбиеленушілері РФ Ишим қаласында өткен баскетбол бойынша «Золотая осень» атты ашық турнирдің жеңімпаздары атанды.Қазіргі уақытта команда басқа халықаралық турнирге дайындалып жатыр, ол қараша айының басында Омбы қаласында өтеді.

«Қазақтардың бүкіләлемдік ассоциациясы» Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы «Ресей қазақтары: өткен және қазіргі кезеңдері» атты ғылыми — тәжірибелік конференцияны дайындау мен ұйымдастыруда тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Омбы қ. болып қайтты.

Ағымдағы жылғы 12 наурызда Қорған облысы делегациясының кездесуі өтті, оның құрамына Зауралье халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, облысымыздағы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және активтерімен қатар ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары кіреді. Делегацияны Зауралье халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы, губернатордың орынбасары А. Г. Мазеин басқарды. Достық үйінде «Зауралье халықтары және Қазақстан халықтарының Солтүстік Қазақстан Ассамблеяларының гуманитарлық ынтымақтастығы туралы» «дөңгелек үстелінің" отырысы өткізілді. Оның жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қорған облысы губернаторының орынбасары — Қорған облысы Үкіметінің аппарат басшысы, Зауралье халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ облыстық ұлттық-мәдени орталықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құрамына кіретін Қорған облысының делегациясы қатысты. Делегацияның келу бағдарламасы шеңберінде гуманитарлық және өнер колледжі оқушылары мен оқытушыларының Қорған педагогикалық колледж оқытушысы, сазды аспаптар мұражайының басшысы Ю. Б. Куньшинмен кездесуі өтті, онда сазды аспаптардың тұсаукесері және оқушыларды сазды-эстетикалық оқыту мен тәрбиелеу бойынша тәжірибе алмасуы өтті.

Делегацияның іссапары нәтижесінде Ресей Федерациясы Зауралье халықтары Ассамблеясы және Қазақстан халықтарының Солтүстік Қазақстан Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеті туралы хаттамаға қол қойылды.

Петропавлдық «Забияки» шоу-тобы Санкт-Петербург қаласында өткен «Путь к звездам» эстрадалық ән орындаушылар халықаралық конкурсының лауреаты болды. Топ ұжымы «Ансамбль» номинациясында үздіктердің бірі болып танылды.

Петропавл шығармашылық лицей тәрбиеленушілері Наталья Гусева, Анастасия Рыжова, Алиса Горбовская және Дария Литвинованың жұмыстары Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен «Моя семья» атты ХІV Жалпы Ресейлік конкурста Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Петропавлдық Достастық үйі базасында облыстық украиндық мәдени орталығы, аудандық филиалдармен бірлесе Қазақстанның Халық бірлігі Күніне және орталықтың 15 — жылдағына арналған украиндық мәдениет Күні өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс іс — сапарымен Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Чеплак және Елшіліктің бірінші хатшысы Павел Есса келді. Жұмыс іс-сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының Польшамен ауыл шаруашылық саласындағы және мәдени байланыстарды дамытудағы ынтымақтастығының болашағы және мәселелері талқыланды.

Маусым айында облыс әкімінің орынбасары Т.Қаскин басқарған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Түмен облысы құрылуына 65-жылдығына арналған «Мост дружбы — 2009» атты ұлттық мәдениеттерінің XV облыстық фестиваліне қатысты.

Бұдан басқа, Қорған қаласында «Нам вместе жить в XXI веке» Халықаралық жастар фестивалі өтті, оған Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің оқушылары қатысты. Фестиваль Ресей жастары Күні қарсаңында өткізілген, оның мақсаты — Қазақстан мен Ресейдің жастарын біріктіру.

Құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық

Ағымдағы жылғы маусымның аяғында Ішкі істер департаментінде шекаралық ынтымақтастық аясында СҚО ІІД криминалдық полициясының және Омбы, Қорған, Түмен облыстарының қылмысты іздестіру бөлімшелері басшыларының жұмыс кездесуі өтті.

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 12:05
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы