A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2010 жылы қаңтар-желтоқсан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2010 жыл бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 80 457,0 млн.теңгеге өнім өндірді, бұл 2009 жылдан 0,2 пайызға жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (71,0 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2010 жыл бойынша 57 146,9 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2009 жылғы-деңгейге 100,5%.

2010 жыл бойынша 33 515,7 млн.теңгеде 0,6 пайыз құрап тамақ өнімдері өндірілді, ет және малдың ішек -қарын өнімдері 6,3 пайызға, құс еті 1,8 есеге, күнбағыс май өндірісі — 3,3 есеге, ұн — 9,5 пайызға, жарма — 17,1 пайызға.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 30 пайызын алатын машина жасау саласында 17 101,3 млн. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2009 жыл көлемінен 2,8 пайызға жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 1614,9 млн.теңгеге өнімі өндірілді.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 771,0 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2010 жыл бойынша көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,1 пайызға жоғарлады және 19 247,1 млн.теңгені құрады.

Су жабдықтау саласында 2010 жыл бойынша көлем 5,1 пайызға 2009 жылдың сәйкес кезеңіне ұлғайып 3 720,2 млн.теңгені құрады.

ҚР жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамытудың 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 2010 жыл бойынша 13,9 млрд. теңге сомаға он инновациялық жоба іске асырылды, бұл қосымша 915 жұмыс орын құруға мүмкіндік берді.

Республика мен өңір үшін индустриялық дамудың мүлдем жаңа бағыты игерілуде — астық тасымалдауға арналған жүк вагондары (астық тасымалдаушы) өндірісі. «ЗИКСТО» АҚ 2010 жылы астық тасымалдауға арналған (астық тасымалдаушы) жабық вагон-хоппер өндірісін және келешекті мамандандырылған платформа (контейнер тасымалдаушы) өндірісін игерді.

Сондай-ақ, «С. М. Киров ат. зауыт» АҚ жер үстіндегі эфирлі цифрлі хабарландырудың өңірлік желісін құру бойынша инновациялық жобаны іске асыра бастады.

Ауыл шаруашылығы. 2010 жыл бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 158,7 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңі-деңгейінен 76,7 пайызды құрайды.

Ауылшаруашылық өндірісті әртараптандыру мақсатында майлы дақылдар егістігі 2009 жыл-деңгейіне 2 есеге ұлғайған және 435,4 мың.га, кәртоп — 0,8% (26,9 мың.га құрайды), көкөністер — 2,1 пайызға (4,9 мың.га құрайды).

2010 жылы нөлдік және минималдық топырақ өңдеу, дәнді дақылдар өсіру жаңа ресурссақтандыру технологиясымен 3,0 млн. га. аудан жүзеге асырылады, бұл 2009 жыл-деңгейіне 103,4% құрайды.

Құнарлықты ұлғайту үшін топыраққа 22 мың. тонна минералдық тыңайтқыштар және қызмет ететін заттқа дәнді дақылдар егістігі 2,8 кг гектарға енгізілді, сүрі жерге олардың енгізілуі жалғастыруда.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, белсенді ылғалресурсүнемдеу технологияларын енгізуді жүзеге асыруға орай облыста астық өндіру бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ағымдағы жылғы құрғақшылық жағдайында дәнді дақылдардың жақсы өнімі алынды, қысқа мерзімде астық жинауды жүргізу қамтамасыз етілді, елдің сауда саттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экспорттық әлеуетті арттыру және республиканың астық державасы ретінде облыс өз үлесін қосты.

Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы астық жинау шығымдылығы бір гектардан 10,5 центнер бола тұрып, бастапқы түсу салмағы 4,1 млн. тоннадан астам. Дәндә дақылдардың жалпы астық жинау зачеттік есепте 164,9 мың. тонна құрады.

Картөп және көкөніс бойынша жалпы астық жинау 264,1 мың. тонна немесе 130,7 мың.тонна сәйкесінше.

2011 жылғы егістікке 546,2 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы сақтауға салынған.

Бірінші жартыжылдықта Тайынша ауданында «Баско» ЖШС " Ет өңдеу кешені және құрама жем зауытымен бірге мал шаруашылығы кешені» инвестициялық жобасы аумағында ет комбинатынын құрылысы аяқталды.

Мал шаруашылығының интенсификациялау бойынша қолданылған шаралар нәтижесінде, мал мен құстың, өнім өндірудің оң үрдісі байқалады:

  • 2009 жылға ет өндірісі 100,7 мың тоннаны құрады немесе 104,6%.
  • сүт 586,9 мың тонна (102,4%)
  • жұмыртқа 390 млн. дана (127,6%)
  • жүн 821,6 тонна (104,1%)

1.01.2011 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

  • ірі қара мал 365,6 мың бас (102,9%)
  • с.i. сиырлар 182,5 мың бас (102,8%)
  • Қой мен ешкi 270,4 мың бас (103,6%)
  • жылқы 95,7 мың бас (103,6%)
  • шошқа 265,7 мың бас (104,4%)
  • құстар 3109,7 мың бас (102,5%)

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер 2010 жыл бойынша 456,7 млн.теңгеге 760 ауылшаруашылық жәрмеңке, соның ішінде Петропавл қ. бойынша 337,7 млн. теңгеге сомасына өнім сатылып, 240 жәрмеңке өткізілді.

Кәсіпкерлік. Облыста 2011 жылда 1 қаңтарға рынокта белсенді жұмыс істейтіндердің шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 21 054 бірлік және 2009 жылдың деңгейінде қалды.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыспен қамтылғандар саны 103,0 мың адамға құрды, бұл 2009 жылдың сәйкес датасынан 0,2 пайызға үлкен.

Барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанда 194,2 млрд.тенгеге өнім шығарылды, бұл 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан-деңгейінен 0,2 пайыз өсіммен.

Инфляция. Облыста 2010 жылдың нәтижесі бойынша инфляция-деңгейі — 7,5%, құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштер-деңгейінен 0,3 пайызға төмен. 2010 жыл бойынша азық-түлік тауарлары — 10,3 пайызға ұлғайды, азық-түлік емес тауарлар 4,5%-ға қымбаттады, ақылы қызметтер 6,4%-ға өсті (Республика бойынша — 10,1%, 5,5%, 6,8%-ға сәйкесінше).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсан қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 53314,6 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың қарағанда 103,7 пайызды құрайды.

Инвестиция көлемінде ғимараттар және имараттар құрылысы мен күрделі жөндеуге 49,7%, машина және жабдықтар сатып алуға 47,6% келеді, басқа да күрделі жөндеу жұмыстары мен шығыстарға 2,7% келеді.

Жалпы көлемнен кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтан меншіктік қаражаттары есебінен (57,2%), бюджеттік қаражат (27,9%), қарыз қаражаты (14,9%) инвестицияның қаражаттандырылу көзі болып табылады.

Басымды салаларға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар, өнеркәсіп (жалпы көлемнен 33,0%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (26,5%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2010 жылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2732,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй салуға 588 млн.теңге, ипотекалық тұрғын үй құрылысына 288 млн. тенге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және дамытуға 1025 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы тұрғын үйлерді салуға және (немесе) сатып алуға — 593,4 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға — 238,0 млн. теңге.

Жергілікті бюджеттен 1226,7 млн.теңге бөлінді, соның ішінде коммуналдық тұрғын үй салуға — 505,9 млн.теңге, ипотекалық тұрғын үй салуға — 469,7 млн.теңге, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілер салуға — 251,1 млн.теңге.

Үстіміздегі жылыдың қаңтар-қараша айларында 2010 жылы облыс аумағында тұрғын үйлердің жалпы аумағынан 104,0 мың. шаршы метрі салынды, бұл 2009 жылғы ұқсас кезеңге 97% пайызды құрайды.

Сумен жабдықтау. 2010 жылы облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 4,1 млрд теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен — 2,3 млрд.теңге, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерімен — 1,7 млрд. теңге, облыстықтан — 152,8 млн. теңге.

Бөлінген қаражаттар есебіне орындалды:

  • Булаев топтық су құбырының 3 кезектегі сутартқышын жаңғырту жөніндегі жұмыстар басталды (45 км), Преснов, Есіл және Соколовка тотық су құбырларын жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жалғасуда;
  • 147,1 км су құбырының құрылысы және жаңғырту, сонымен қоса, 16 елді мекен пункттеріне ұзындығы 96,1 км 12 топтық су құбырының су бұрғышын жаңғырту, 11 елді мекен пункттеріне 44,1 км таратушы желілерді жаңғырту, 2 жергілікті ұңғымалы су қақпаларының құрылысы (4,1 км су құбыры), Мирный жер асты сулары учаскесін игеру есебіне Жамбыл ауданында жер асты суларынан 3 кезектегі шоғырланған ұңғымалы су қақпаларының құрылысы басталды (2,8 км су құбыры).

Жалпы халық саны -5,2 мың адамы бар облыстың 7 елді мекен пункттеріне ауыз су берілді және 33,5 мың адам тұратын 6 елді мекен пунктінде сумен жабдықтау жақсартылды.

Әлеуметтік қорғау. 2011 жылғы 1 қаңтарға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,3 пайызға азайып 2409 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңнен 0,2 пайыздық пунктке төмен.

2011 жылғы 1 қаңтарға 15810 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 18259 адам өкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 4708 адам жіберілді. Халықтың мақсатты топтарына кіретін азаматтар арасынан 8144 адам жұмысқа орналастырылды.

Кедейшілік шегінен төмен-деңгейде тұратын адам саны 9514 адамды құрайды. Кедейшілік-деңгейі 1,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,5 пайыздық пунктке төмен.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8756 аз қамтылған азаматтарға 272,9 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 305,1 млн.тенге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 12960 өтініш берушіге (26997 балаға) белгіленді.

2010 жылдын қантар-қарашаның айындағы облыста жал дамалы жұмыс бойынша істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 50939 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 112,9 пайызды құрады, нақты жалақы индексі осы кезеңге 105,6 пайыз.

2010 жылға арналған Жол картасының барлық бағыттары бойынша 7348 қосмыша жұмыс орнын құра отырып, 5,4 млрд. теңге бөлінді.

2010 жылдың 1 қазан жағдай бойынша инвестициялық бағыттар және әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын кеңейтуге есебінен 8038 адам (109,0%) жұмысқа орналасты, соның ішінде жөндеу жұмыстарына — 5380 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1355 адам және жастар практикасы бойынша 1303 түлек жұмысқа орналасты. 141 жоба ішінен жұмыстар 111 жобада аяқталды.

Білім беру. Бала бақшалардың жалпы саны 61 бірлікті құрайды, соның ішінде 49 мемлекеттік балалар мекемелері, 12 мемлекеттік емес. Бұдан басқа, 477 шағын-орталықтар қызмет атқарады.

2010–2011 оқу жылының басына облыстағы мектептер жүйесі 624 бірлікті құрайды.

Ғ.Мүсрепов атындағы аудан Пески с. 250 орынға арналған орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 бала бақша құрылысына қаражат бөлінген — Петропавл қ. 320 орындық, Қызылжар ауданы Бескөл с. және Тайынша ауданы Тайынша с. 280 орынға арналған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп құрылысы жалғасуда.

Білім берудің 50 объектісіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу бойынша Жол картасын іске асыруға 2010 жылғы 1 қаңтарға 980,680 млн. теңге көзделген, игеру жылдық жоспарға 99,9 пайызды құрайды.

Денсаулық сақтау. 2011 жылғы 1 қаңтарға облыстың денсаулық сақтау жүйесі жалпы 5030 кереует санымен 29 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсыны

лды, одан 4987 төсек орынға арналған 27 мемлекеттік, 154 амбулаторлық-емханалық мекеме, 111 — мемлекеттік (соның ішінде 4 өзіндік емхана, әйелдер консультациясы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 104 дәрігерлік амбулатория), ведомстволық — 1, жеке меншіктік — 43 заңды тұлға. Бұдан басқа, 38 ФАП, 497 медициналық пункт бар.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы аясында 3 объектінің құрылысы жалғастырылуда:

  • Жамбыл ауданы Пресновка селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер;
  • Петропавл қаласының 19-ыншы шағын ауданында 500 келімге арналған емхана.

2010 жылы Жол картасының аясында жалпы сомасы 580,68 млн. теңгеге денсаулық сақтаудың 4 объектісін жөндеу жоспарлануда (республикалық бюджет трансферттері есебінен — 387,12 млн. теңге; жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 193,56 млн. теңге).

Есепті кезеңге 580,68 млн.теңге немесе есепті кезең жоспарынан 100% игерілді.

Бұдан басқа, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің трансформаторлық кіші стансасын жөндеуге жергілікті бюджеттен 7,5 млн. теңге қарастырылған. 2011 ж. 1 қаңтарға игеру 6,4 млн.теңгені құрайды.

Ағымдығы жылғы сәуір айында облыстық бюджетті нақтылау кезінде облыс әкімінің облыс тұргындарымен есептік кездесуінде берілген тапсырмасына сай, Ақжар ОАА Ленинградтық өлімшесін күрделі жөндеуге қосымша 3 млн.теңге бөлінген. А.ж. 1 қарашадағы игеру 3,0 млн.теңгені құрайды.

Облыс бойынша ауылшаруашылық мал басының саны

мың бас

Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл Қаңтар–желтоқсан   2010 ж.
2009 ж. %
2009 ж. 2010 ж.
Мүйізді ірі қара мал саны 351,6 355,2 359,6 365,6 102,9
 оның iшiнде сиыр 174,1 177,5 178,2 182,5 102,8
 Қой мен ешкi 246,4 258,7 260,9 270,4 103,6
 Шошқалар 247,6 254,6 92,1 95,7 103,6
 Жылқылар 88,2 92,4 262,0 265,7 101,4
 Құс 2709,2 3033,7 3055,4 3109,7 102,5

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі
2008 жыл 2009 жыл Қаңтар–желтоқсан 2010 ж.
2009 ж. %
2009 ж. 2010 ж.
Астық (еңдеуден кейінгісалмақлен) мың тонна 4550,2 5620,8      
Ет, тірі салмағы мың тонна 58,7 59,9 96,2 100,7 104,6
Сүт мың тонна 547,7 573,3 573,3 586,9 102,4
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 260,5 312,0 305,6 390,0 127,6

Сыртқы экономикалық қызмет

Экономикалық және шекаралық ынтымақтастық.

ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың сыртқы тауар айналымы (2010 жылғы 1 шілдеден РФ және БР тауар айналымын есептемегенде) 389,4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт 122,7 млн. АҚШ долларын, импорт — 266,7 млн. АҚШ долларын құрады.

2010 жылғы қаңтар-желтоқсан кеден статистикасының мәліметтері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (2010 жылғы 1 шілдеден Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен есепке алмағанда) 742,4 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт — 367,5 млн. АҚШ доллары, импорт- 374,9 млн. АҚШ доллары.

Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Әзібайжан (барлық экспорт көлемінің 17,6 пайызы), Тәжікстан (13,3 пайыз), Ауғанстан (9,4 пайыз), Турқия (8,0 пайыз), Иран (7,8 пайыз), Мысыр (6,7 пайыз), Өзбекістан (6,6 пайыз), Қырғызстан (6,5 пайыз), Ресей (4,9 пайыз).

Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «дәнді-дақылдан жасалған нан» (экспорттың барлық көлемінен 64,9 пайыз немесе 238,5 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (27,6 пайыз немесе 101,6 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Ресей Федерациясы жетекші болып табылады (импорттың барлық көлемінен 72,0 пайыз), Украина (4,2 пайыз), Беларусь (2,9 пайыз), Қытай (2,0 пайыз), Германия (1,9 пайыз), Эквадор (1,7 пайыз), Турқия (1,0 пайыз), Бельгия (0,8 пайыз).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «минералды отын және мұнай өнімі» (импорттың жалпы көлемінен 30,3 пайыз немесе 113,6 млн. АҚШ доллары), «мал өнімі және өсімдік өнімдері» (16,9 пайыз немесе 63,3 млн. АҚШ доллары), «жабдықтар, құралдар және аппараттар» (15,9 пайыз немесе 59,7 млн. АҚШ доллары), «химия өнеркәсібінің өнімі» (10,3 пайыз немесе 38,8 млн. АҚШ доллары), «машиналар, көлік құралдары» (7,6 пайыз 28,6 млн. АҚШ доллары).

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық.

2010 жылдың 8–12, ақпанында Мәскеу қаласында «ПРОДЭКСПО 2010» өндірісі үшін тамақ өнімдерінің, сусындардың және шикізаттардың 17-ші халықаралық көрмесі өтті. Солтүстік Қазақстан облысынан «Асхат-Агро» барды, ол сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша мамандырылған.

«ПЗТМ» АҚ «Нефтемаш» БРҒЗИ-мен бірлесіп, мұнай-химия жабдықтарының өлшемдерін есептеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«С. М. Киров ат. зауыт» АҚ Бүкілресейлік автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу институтымен микропроцессорлық блоктау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін (АБТЦМ) және кешендік локомотивтік қауіпсіздік қондырғыларын (КЛУБ) әзірлеу мен жеткізу бойынша, сондай-ақ осы жабдықтарды шығару кезінде ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

«ЗИКСТО» АҚ «Промтехэксперт» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) бірлесіп, жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында оларды техникалық диагностикалау жұмысын жалғастыруда.

2010 жылы «Қазмұнайгазмаш» АҚ «АК „Корвет“ ААҚ-мен (Қорған қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін ұңғыма ауызының жабдықтарын және құбыр арматурасын бірлесе өндіру және жинақтау бұйымдарын жеткізу бойынша, „Сенсор“ предприятие» ЖШҚ-мен (Қорған қ.) қысымы төмен тиек арматурасын жеткізу бойынша, «Нефтемаш» ААҚ-мен (Түмен қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін құбыр арматурасын жеткізу бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында «АК Корвет» ААҚ 3,6 млн. теңге сомаға шарт жасалды, 0,2 млн. теңгеге тиелді, «Сенсор» предприятие» ЖШҚ-мен 1,0 млн. теңге сомаға жасалған шарт іске асырылды, «Нефтемаш» ААҚ 48,7 млн. теңге сомаға шарт жасалды, 14,0 млн. теңгеге тиелді.

Ғылыми-технологиялық және білім салаларындағы ынтымақтастық.

Үстіміздегі жылдың 19, ақпанында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С. С. Біләловтің қатысуымен кәсіптік білімнің агроқұрылымдар, өнеркәсіп және бизнес өкілдерімен өзара қатынас жасау мәселесі бойынша кеңес өтті, оған Ресей Федерациясының «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ өкілдері қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы Т.Әбілмәжінов және Қазақстан Республикасындағы «Комбайновый завод Ростсельмаш» ААҚ өңірлік даму директоры Д. С. Сургучев арасында екі жақты шарт жасасылды.

Сәуір айының басында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Современная Бизнес-Академия НОВА» ЖШҚ (Новосибирск қ.) өкілдері болып қайтты. Ресейлік әріптестер сапарының мақсаты — MANCOSA және Regent Business School (ЮАР) жоғары оқыту орындарымен халықаралық білімдік бағдарламаларды іске асыру аясында университетке ынтымақтастықты ұсыну болды.

Германия Федеративтік Республикасының елшісі Райнер Шлегет пен экономика және баспасөз мәселесі жөніндегі атташа елшілігі Ян-Дитер Госинкомның ресми іссапарымен біздің облысқа келуіне байланысты 2010 жылғы 17 маусымда облыс әкімі Серік Біләловпен кездесу болды. Ынтымақтастық бағытында — Петропавлда неміс орталығын ашу, Германияда кәсіптік жастарды оқыту, біздің медицина кадрлары біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ, туыстас-деңгейде Петропавл мен Германияның бір қаласы арасында тығыз қарым-қатынасты орнату белгіленді.

Шілде айының басында Петропавл ЛОРД мектебінің түлектері Вадим Усик және Диана Астахова Бүкіләлемдік жас астрономдар олимпиадасына қатысты, биыл ол Қырымда өтті.

Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық.

Өңірлік және шекаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортшыларымен бірлескен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтіп тұрады.

2010 жылдың қаңтар айында Ишим қаласында бокс бойынша ашық біріншілік өтті, оған солтүстікқазақстандық боксшылар қатысты.

2010 жылдың 20 қаңтарында Челябинск қаласында өтетін конькимен жүгіру бойынша Қазақстан Чемпионатына орай оқыту-жаттығу жиындары өтті.

28 қаңтардан бастап 1, ақпанға дейін Екатеринбург қаласында грек-рим күресі бойынша халықаралық турнир өтті, оған солтүстікқазақстандық спортшылар қатысты.

Омбы қаласында өткен жеткіншектер арасындағы баскетбол бойынша өткен халықаралық турнирде Солтүстік Қазақстан облысының командасы 6 орынға ие болды.

2010 жылғы мамырдың 6–9 аралығында Солтүстік Қазахстандық Виктор Сайко ресейлік Киров қаласында гір спорт бойынша төрт бірдей еліміздің беделін қорғады. 13 медаль ұтып алды, одан 9-ы алтын, 4-і-күміс, сондай-ақ жеті рекорд қойды, соның ішінде — екеуі әлемдік, және тағы екеуі ресейлік.

Польшада өткен көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирде төртінші орынға ие болған Петропавлдан келген спортшы өзін-өзі танытты.

Монғолияда өткен дзюдо бойынша әлем кубогына петропавлдық спортшы Александр Косачев қатысты. Ол 90 килі өз салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 12:12
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы