A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 109,2 млрд.теңгеге өнім өндірді, бұл 2010 жылғы қаңтар - желтоқсан деңгейінен 7,2 пайызға жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (75,3 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2011 жылдың қаңтар - желтоқсанда 82,3 млрд.теңгеге өнім өндірілді немесе 2010 жылдың қаңтар - желтоқсан деңгейінен 13,6% жоғары.

2011 жылдың қаңтар - желтоқсанға 43,6 млрд.теңгені құрап тамақ өнімдері өндірілді, күнбағыстың майы – 32,4%, өңделген сүт – 6,7%, жарма – 13,5%, жаңа піскен нан – 4,4%, макарондар – 6,7 % ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 35,4 пайызын алатын машина жасау саласында 29,1 млрд. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2010 жылғы қаңтар - желтоқсан көлемінен 32,1 пайызға жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 3,0 млрд.теңгеге өнімі өндірілді.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 1,4 млрд.теңгеге өнім өндірілді.

2011 жылдың қаңтар - желтоқсан көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейімен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғары және 22,2 млрд.теңгені құрады.

Су жабдықтау саласында 2011 жылдың қаңтар - желтоқсан айы бойынша 4,0 млрд.теңгені құрады.

ҚР жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 2011 жылы жалпы 4,3 млрд. теңге сомаға 10 инвестициялық жоба іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы. 2011 жылдың қаңтар - желтоқсан айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 357,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 2010 жылдың қаңтар - желтоқсан деңгейінен 158,9 пайызды құрайды.

2010 жылы нөлдік және минималдық топырақ өңдеу, дәнді дақылдар өсіру жаңа ресурссақтандыру технологиясымен 3,3 млн. га. аудан жүзеге асырылады, бұл 2010 жылдың сәйкес деңгейінен 10% үлкен.

Құнарлықты ұлғайту үшін топыраққа 17,1 мың. тонна минералдық тыңайтқыштар және қызмет ететін заттқа дәнді дақылдар егістігі 2,2 кг гектарға енгізілді.

Келесі жыл астығына төрт ізді 401,2 мың га. алаңға сүре жерлер дайындалған немесе жоспарға 100 пайыз, 793,9 мың тонна шөп дайындалды (тапсырмаға 105 пайыз).

2012 жылғы егістікке 546,2 мың.тонна жақсы дәнді дақылдар тұқымы салынды, бұл облыс шаруашылықтарының толық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сақтауға салынған бүкіл тұқымдар сұрыпталған және аудандырылған.

Алдын ала болжам бойынша жалпы астық жинау бастапқы кіріске алған салмақта 8,8 млн. тоннаны құрады, бұл гектардан шығымдылығы 22,7 центнер бола тұра 2010 жыл деңгейінен 2 есеге артық.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін оның техникалық қайта жарақтандыруы жөнінде жұмыс жалғастыруда.

2011 жылғы 12 айы бойынша 11,4 млрд. теңгеге 761 жаңа техника сатып алынды, лизинг бойынша КазАгроФинанс» АҚ арқылы 3,3 млрд.теңгеге 269 бірлік.

Ет өндірісі 96,1 мың тоннаны құрады.

сүт - 555,0 мың тонна;

жұмыртқа - 393,1 млн. дана;

1.01.2012 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ірі қара мал - 237,6 мың бас;

с.i. сиырлар - 131,6 мың бас;

қой мен ешкi - 279,0 мың бас;

жылқы - 88,7 мың бас;

шошқа - 223,7 мың бас;

құстар - 3217,1 мың бас.

Облыста ауылшаруашылық тауар өндірушілермен 2011 жыл бойынша 456,4 млн.теңгеге 482 ауылшаруашылық жәрмеңке, соның ішінде Петропавл қ. бойынша 382,2 млн. теңгеге сомасына өнім сатылып, 237 жәрмеңке өткізілді.

Кәсіпкерлік. Облыста 2012 жылдың 1 қаңтарға рынокта белсенді жұмыс істейтіндердің шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 22 067 бірлік және 2010 жылдың сәйкес деңгейінен 11,5 пайызға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыспен қамтылғандар саны 105 545 адамды құрды, бұл 2010 жылдың сәйкес датасы деңгейінен 5,5 пайызға жоғары.

Барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан 238,9 млрд.тенгеге өнім шығарылды, бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 15,1 пайыз өсіммен.

Инфляция. Облыста 2011 жылдың қаңтар - желтоқсан айында тауарлар мен қызметке бағалар бойынша инфляция деңгейі 8,0% ұлғайды, бұл орташа республикалық деңгейінен 0,6% жоғары. 2010 жылғы қаңтар - желтоқсан азық-түлік тауарларының бағасы 7,7%-ға, азық-түлік емес тауарлардың – 3,9%-ға, ақылы қызметтер – 12,7%-ға өсті (Қазақстан Республикасы бойынша – сәйкесінше 9,1%-ға, 5,3%-ға және 7,3%-ға).

Негізгі капиталға инвестиция. 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан айындағы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 68980,7 млн.теңгені құрады, бұл 2010 жылдың қаңтар- желтоқсанға қарағанда 129,3 пайызды құрайды.

Кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтан меншіктік қаражаттары есебінен (65,5%), бюджеттік қаражат (22,5%), қарыз қаражаты (12,0%) инвестицияның қаражаттандырылу көзі болып табылады.

Басымды салаларға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар, ауыл, орман және балық шаруашылығы (43 % жалпы көлемінен), өнеркәсіп (24,1%), көлік және қоймада сақтау (9,6%).

Тұрғын үй құрылысы. 2011 жылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 4244,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй салуға – 572,0 млн.теңге, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына - 1183,1 млн. теңге, «Тұрғынқұрылысжинақбанкі» АҚ салымшылары үшін кредиттік қаражат – 461,4 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға – 423,9 млн. теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға – 159,4 млн. теңге.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында тұрғын үй салу және (немесе) сатып алуға республикалық бюджеттен 1087,8 млн. теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуға – 356,9 млн. теңге қаражат көзделген.

2011 жылы тұрғын үй салуға жергілікті бюджеттен 879,3 млн.теңге бөлінді, соның ішінде жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй салуға – 744,8 млн.теңге, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желілер салуға – 134,5 млн.теңге.

Тұрғын үй құрылысы 2011 жылы қаңтар желтоқсанғы айында облысымызда 98943 шаршы метр баспана салынды.

Сумен жабдықтау. 2011 жылы облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 4869,9 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 4329,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 540,1 млн. теңге.

Үстіміздегі жыл нәтижесі бойынша 265,8 км су құбырларын салу және реконструкциялау орындалған., соның ішінде:

- Республикалық бюджет есебінен жалпы ұзақтығы 67 км Булаев топты су құбырының 3 кезегін реконструкциялау орындалды;

- Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ұзақтылығы 93,6 км топты су құбырларының бұрғыштарын реконструкциялау, тарату желілерінің 72,7 км, жалпы ұзақтылығы 28,8 км Жамбыл ауданында жер асты суларынан бұталы ұңғымалы бастоғандардың 3 кезегін реконструкциялау, 3 елді-мекенде жалпы ұзақтылығы 3,7 км жерасты суларынан жергілікті сумен жабдықтау.

- Жалпы халық саны 14 мың адамы бар облыстың 10 елді мекен пункттеріне ауыз су берілді және 30 мың адам тұратын 5 елді мекен пунктінде сумен жабдықтау жақсартылды.

Әлеуметтік қорғау. 2011 жылғы 1 қантардада өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,9 пайызға азайып 1689 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылғы сәйкес денгейне 0,1 пайыздық пунктке төмен.

2011 жылғы 1 қантарданда 15465 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 12308 адам өкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 4802 адам жіберілді. «Мақсатты топтарға» кіретін азаматтар қатарынан 11482 адам жұмысқа орналасуда көмек алды.

Кедейшілік шегінен төмен деңгейде тұратын адам саны 6261 адамды құрайды. Кедейшілік деңгейі 1,1 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,5 пайыздық пунктке төмен.

2011 жылғы 1 қантарда жағдай бойынша 7730 аз қамтылған азаматтарға 272,6 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 261,0 млн.тенге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 10426 өтініш берушіге (22135 балаға) белгіленді.

2011 жылдың қаңтар-қараша айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 60315 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 118,4 пайызды құрады, нақты жалақы индексі осы кезеңге 108,7 пайыз.

Білім беру. Бала бақшалардың жалпы саны 70 бірлікті құрайды, соның ішінде 60 мемлекеттікі, 10 мемлекеттік емес. Бұдан басқа, «мектеп-бала бақша» 2 кешені (1 мемлекеттік емес), 492 шағын-орталықтар қызмет атқарады.

2011-2012 оқу жылының басына облыстағы мектептер жүйесі 614 бірлікті құрады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен – Петропавл қ. 320 орындық, Қызылжар ауданы Бескөл с. және Тайынша ауданы Тайынша с. 280 орындық 3 балабақша құрылысы жалғастырылуда.

Также выделено 200 млн.тенге на строительство средней школы на 300 мест в г.Мамлютка Мамлютского района.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп құрылысы жалғастырылуда. 2011 жылы Есіл ауданы Тау-Ағаш ауылында 90 орынға арналған мектеп ғимаратының құрылысына қаржат бөлінген. Ақжар ауданы Талшық с. 2 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй ғимаратын 60 орындық балабақша ғимаратына реконструкциялауға қаражат бөлінген.

Денсаулық сақтау. 2012 жылғы 1 қаңтарда облыстың денсаулық сақтау жүйесі 4907 кереуетке арналған 31 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 4852 төсек орынға арналған 29 мемлекеттік, 30 төсек орынға арналған 1 ведомстволық, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 145 амбулаторлық-емханалық мекеме, 103 - мемлекеттік (соның ішінде 4 өзіндік емхана, әйелдер консультациясы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 96 дәрігерлік амбулатория), ведомстволық – 1, жеке меншік – 43 заңды тұлға. Бұдан басқа, 46 ФАП, 479 медициналық пункт бар.

«100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы аясында Петропавл қаласы 19 ықшам ауданында 500 келімге арналған емхана салу аяқталған; сондай-ақ Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское селосында 90 келімге арналған емханасымен 100 төсек орынға ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер салу аяқталған.

Медициналық жабдық, медициналық тағайындаудағы бұйымдармен, автокөлікпен қамтамасыз етуге 2011 жылы 969,9 млн. теңге бөлінген болатын. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 960,2млн. теңге игерілген.

2011 жылы денсаулық сақтаудың объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 270,1 млн. теңге сома көзделген. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 269,3 млн. теңге игерілген.

Сыртқы сауда айналымы. Кедендік статистика мәліметі бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларымен 140,3 млн. құрады, соның ішінде экспорт АҚШ долларымен – 77,5 млн, импорт АҚШ долларымен – 62,8 млн.

Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Тәжікстан (барлық экспорт көлемінің 27,6 пайыз), Қырғызстан (17,5 пайыз), Өзбекістан (16,9 пайыз), Ауғанстан (13,5 пайыз), Әзербайжан (6,5 пайыз), Қытай (4,3 пайыз) Иран (3,9 пайыз), Украина (3,3 пайыз), Түркия (1,9 пайыз).

Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын сауда-саттық тауары» (экспорттың барлық көлемінен 88,9пайыз немесе 68,9 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнімдер» (7,2 пайыз немесе 5,5 млн. АҚШ доллары), «Өтын-энергетикалық тауарлары» (4,7 пайыз немесе 3,7 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Украина болып табылады (импорттың барлық көлемінен 20,8 пайыз), Қытай (14,8 пайыз), Германия (9,0 пайыз), Италия (8,2 пайыз), АҚШ (7,3 пайыз), Дания (7,2 пайыз), Канада (6,6 пайыз), Қырғызстан (3,9 пайыз), Түркия (3,2 пайыз), Австрия (2,6 пайыз), Франкия (2,5 пайыз), Польша (2,4 пайыз).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінен 44,3 пайыз немесе 27,8 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсіп саласының өнімі» (18,7 пайыз 11,7 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын сауда-саттық тауары» (16,6 пайыз немесе 10,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (7,7 пайыз немесе 4,9 млн. АҚШ доллары).

2011 жылғы қаңтар-қазандағы кедендік одаққа мүше мемлекеттерімен облыстың өзара сауда-саттық көлемі 568,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт 38,6 млн. АҚШ долларын, импорт – 529,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық. «ПЗТМ» АҚ «Нефтемаш» БРҒЗИ-мен бірлесіп, мұнай-химия жабдықтарының өлшемдерін есептеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«С.М.Киров ат. зауыт» АҚ Бүкілресейлік автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу институтымен микропроцессорлық блоктау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін (АБТЦМ) және кешендік локомотивтік қауіпсіздік қондырғыларын (КЛУБ) әзірлеу мен жеткізу бойынша, сондай-ақ осы жабдықтарды шығару кезінде ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

«ЗИКСТО» АҚ «Промтехэксперт» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) бірлесіп, жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында оларды техникалық диагностикалау жұмысын жалғастыруда.

«ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ СҚМУ және «ХИМПЭК» Орал холдингтік компаниясымен (Пермь қ.) бірлесіп өндірісте инновациялық жобалардың, ғылым мен техникалардың жетістіктерін жеделдетіп енгізу бойынша қызметке бағыттары жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Мұнай сорғыларын және өткізу рыногы шығаратын номенклатурасын кеңейту, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа технологиялар алу және мұнай газ секторлары жаңа өнімдері түрлерін игеру мақсатында «Мунаймаш» АҚ «ЭЛКАМ-Нефтемаш» ЖАҚ-мен (Пермь қ.) ынтымақтастықты жүзеге асырады.

«Қазмұнайгазмаш» АҚ «АК «Корвет» ААҚ-мен (Қорған қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін ұңғыма ауызының жабдықтарын және құбыр арматурасын бірлесе өндіру және жинақтау бұйымдарын жеткізу бойынша, «Сенсор» предприятие» ЖШҚ-мен (Қорған қ.) қысымы төмен тиек арматурасын жеткізу бойынша, «Нефтемаш» ААҚ-мен (Түмен қ.) мұнай мен газ тасымалдау үшін құбыр арматурасын жеткізу бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

«Блок» ЖШС 2011 жылға «Раскомплект» ЖШБ-мен электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткізіліміне сомасы 50 млн. Теңгенің шартына қол қойды.

«Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС Омбы қаласына («Компания «ОмскСинтезПласт» ЖШБ) полиэтелен және су қысымды құбырлары экспортын жүзеге асырады.

«Петропавл құбыр зауыты» ЖШС Омбы облысына пісірілген болат құбырларының экспорттық жеткізілімін жүзеге асыра бастады.

Көлік саласындағы ынтымақтастық. Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесі Ресей Федерациясының Петухов, Макушин және Есілкөл аудандарын қамтумен қала маңы қатынастарына қос төрт электр пойыз арқылы қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бұдан басқа, 2006 жылдан бастап «Омбы-Петропавл-Омбы» жедел электр пойызы қызмет етеді.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы аумағына 5 халықаралық автобус бағыты жүзеге асырылады: «Петропавл-Ишим», «Петропавл-Тобольск», «Петропавл-Түмен», «Петропавл-Тайынша-Омбы», «Петропавл-Қорған».

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық. Жүректің туа біткен ақаулары бар балаларға кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша Түмен облыстық клиникалық орталықпен ынтымақтастық орнатылды. Оталар Түмен облыстық аурухана, сондай-ақ, ресейлік мамандардың қатысуымен Петропавл қ. облыстық балалар ауруханасы базасында жүргізіледі. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы ққ. Клиникалары базасында дәрігерлерді оқыту тәжірибесі жалғасуда.

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық. Бірнеше жылдың ішінде бейбітшілік шығармашылық «Томирис» сән театры облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының балаларын Мәскеу қ. Вячеслав Зайцевтің сән Орталығымен байланыстырады. Жыл сайын танымал модельердің патронатымен өткізілетін әртүрлі шараларға «Томирис» театрының қатусышылары қатысады. 2011 ж. наурызға айында біздің жас артістер Мәскеу қ. балалар сән театрының V Халықаралық мерейтолық конкурсына қатысты.

Ақжар ауданының әкімі және РФ Одесса ауданының муниципалдық білім беру басшысы 2 ауданның мәдениет бөлімдерінің өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасуы туралы шешім қабылдады. 2011 жылғы 5 наурызда Омбы облысы Одесса ауданының 22 қатысушыдан тұратын көркем шығармашылық ұжымы аудан орталығы Талшық с. гастрольмен болып қайтты. Салтанатты жиналыстан кейін шығармашылық ұжым 1,5 сағаттық концерт қойды, оған «Сусиденки» атты фольклорлық ансамбль қатысты; дуэттер, триолар орындауында эстрадалық өлеңдер орындалды; би ұжымдары өнерін көрсетті; жақын арада «халықтық» деген атағын алған «Замандастар» ұлттық мәдени орталығы шықты.

2011 жылғы 20-24 наурыз аралығында Халықаралық және сыртқы экономикалық байланыс департаментімен, Ямало-Ненецкий автономный округтың Мәдениет департаментімен және Шемановский ат. Ямало-Ненецкий округтық мұражайлық-көрмелік кешенімен бірлесіп, «Сохраним традиции» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Фестиваль аясында «Знакомьтесь - Ямал» атты көрме ұйымдастырылды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, «Абылай хан резиденциясы» мұражайында, бейнелеу өнері мұражайында бірқатар іс-шаралар өткізілді, оларда Салехард қ. және Петропавл қ. мұражай клубтарының тәрбиеленушілері қазақ халқының мәдениеті және дәстүрімен танысты.

Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық. Өңірлік және шекаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортшыларымен бірлескен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтіп тұрады.

2011 жылдың қаңтар айында Петропавл қ. МОРБЖМ базасында «Қысқы демалыс» қалааралық турнир өтті, оған Омбы, Түмен, Қорған шекаралас қалаларының жастар командалары қатысты. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры С.Бегалиннің естелігі құрметіне арналған жылдағы футзал бойынша спорттық сайыстарға Қорған облысы Шадринск политехникалық колледжінің командасы қатысты.

2011 жылғы наурызда күрес бойынша БЖСМ және «Жеңіс» ОРБЖСМ тәрбиеленушілері Қорған облысының Петухово с. өткен грек-рим күресі бойынша ашық турнирға қатысты.

2011 жылғы наурызда Омбы қ. жасөспірімдер арасында баскетбол бойынша шекаралық қалалардың кубогы өтті, оған «Барс» БЖСМ тәрбиеленушілері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2011 жылғы қаңтар – желтоқсан айларындағы қаржылық емес корпорация секторының өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2011 жылғы қаңтар - желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 12:40
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы