A- A A+
Солтүстiк-Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2013 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша облыстың өндiрiстiк кәсiпорындары қолданылып жүрген бағалармен 151 991,3 млн.теңгеге өнiм өндiрдi, бұл 2012 жылғы қаңтар–желтоқсан деңгейiнен 5,1% жоғары.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша үлес алатын (75,6 пайыз) өңдеу өнеркәсiбiнде 2013 жылдың қаңтар–желтоқсан 114 940,9 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi немесе 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан 8,0% жоғары.

Өнеркәсiп

2013 жылдың қаңтар–желтоқсан 67 580,4 млн.теңгенi тамақ өнiмдерi құрады, ет және тағамдық қосымша — 14,7%, құс етi — 32,8%, өңделген сүт — 91,7%, рапс майы — 57,2%, нан — 4%, кондитерлiк бұйымдар — 6% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 28,1 пайызын алатын машина жасау саласында 32 285,2 млн. теңге сомаға өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлген, бұл 2012 жылғы қаңтар–желтоқсан көлемiнен 10% жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру саласында 3594,3 млн.теңгеге өнiмi өндiрiлдi, өзге металл емес минералды өнiмдер өндiрiсiнде 1435,7 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi.

2013 жылдың қаңтар–желтоқсанда көлемi электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан деңгейiмен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары және 29 118,3 млн.теңгенi құрады.

Су жабдықтау саласында 2013 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша көлем 5997,2 млн.теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2013 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнiмiнiң жалпы көлемi 277 269,4 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан деңгейiнен 113,1% құрайды.

Үстiмiздегi жылы барлық егiн егу алаңы 4,4 млн. га құрады, соның iшiнде дәндi дақылдар — 3,6 млн. га. Жаңа ресурсты үнемдеушi технологияларымен дәндi дақылдарды өсiру 3,45 млн. га астам алаңға игерiлдi.

Облыста өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргiзiлуде, ол бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағытталған мәдениетке бағытталған. Үстiмiздегi жылы май дақылдары 55,6 мың га, жем-шөп — 68,5 мың га ұлғайған.

2014 жылдағы 1 қаңтар жағдай бойынша орташа шығымдылығы 14,6 ц/га бола тұра, 5,2 млн. тонна дәндiлер үктiрiлдi, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 ц/га жоғары.

2013 жылдың қаңтар–желтоқсан деңгейiне ет өндiрiсi 97,4 мың тоннаны құрады немесе 102,0%.

  • сүт 458,5 мың тонна
  • жұмыртқа 487,2 млн. дана

1.01.2014 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

  • iрi қара мал 271,1 мың бас
  • с.i. сиырлар 156,8 мың бас
  • қой мен ешкi 315,1 мың бас
  • жылқы 89,4 мың бас
  • шошқа 154,5 мың бас
  • құстар 3577,7 мың бас

Кәсiпкерлiк. Облыста 2014 жылдың 1 қаңтарыңа рынокта белсендi жұмыс iстейтiндердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлер саны 25 181 бiрлiк және 2012 жылдың сәйкес деңгейiнен 5,9 пайызға жоғары.

Шағын және орта кәсiпкерлiк саласында белсендi жұмыспен қамтылғандар саны 102 980 адамды құрайды.

Барлық шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлерiмен 2013 жылдың қаңтар–желтоқсанда 294,7 млрд.тенгеге өнiм шығарылды, бұл 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан деңгейiнен 3,5 пайыз жоғарлауымен.

Инфляция. Облыста 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында тауарлар мен қызметтердiң бағасы 5,3% құрады. 2013 жылғы қаңтар — қараша айларында азық-түлiк тауарларының бағасы 4,3%-ға, азық-түлiк емес тауарлардың — 2,8%-ға, ақылы қызметтер — 8,9%-ға қымбаттады.

Инфляция

Негiзгi капиталға инвестиция. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қайта есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 101 505,4 млн. теңгенi немесе 2012 жылғы қаңтар–желтоқсанға 100,1 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаттары (жалпы көлемнен 72,3%), бюджеттiк қаражаттар (21,8%), қарыз қаражаттары (21,8%), шетел қаражаттары (0,1%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (44,1%), өнеркәсiп (20,4%), көлiк және қоймалау (16,4%), жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар (6,8%), денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтiк (4%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2013 жылғы қаңтар–желтоқсанға облыс аумағында кәсiпорындармен және тұрғындармен жалпы аумағы 115,016 мың.ш.м. тұрғын үй енгiзiлген, бұл 2012 жылғы ұқсас кезеңге 114,3% құрайды, соның iшiнде тұрғындар қаражаты есебiнен пайдалануға 55563 ш.м. пайдалануға енгiзiлдi (жалпы көлемнен 48,3%), бюджеттiк қаражаттары — 55083 (46,2%), кәсiпорынның өз қаражаты — 6370 ш.м. (5,5%).

Сумен жабдықтау. 2013 жылы облыстағы елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер 2,5 млрд.теңге, облыстық бюджеттен — 186,4 млн.теңге көзделген.

162 км су құбыры салынады және реконструкцияланады, соның iшiнде:

  • 3 ауылға ұзақтылығы 21,4 км топты су құбырларының 2 бұрғышы;
  • 6 ауылда 66,4 км таратқыш желiлерi;
  • 14 ауылда жер асты суларынан ұзақтылығы 74,2 км бұталы ұңғымалы бастоған;
  • 1 ауылда 1 жергiлiктi ұңғымалы бастоған.

8 объектiнi сумен жабдықтау енгiзiлген, 3,2 мың адам тұрғынымен 5 ауылда ауыз суы берiлдi және 18,6 мың адам тұрғынымен облыстың 6 ауылында сумен жабдықтау жақсартылды.

Әлеуметтiк қорғау. 2014 жылғы 1 қантарға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 23,2 пайызға азайып 1011 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,3 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне 0,1 пайыздық пунктке төмен.

2014 жылғы 1 қантарға 13602 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 29014 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 5197 адам жiберiлдi.

Тұрмысы нашар азаматтар саны 12945 адамды құрайды. Кедейшiлiк деңгейi 2,2 пайызды құрады.

2014 жылғы 1 қантарға жағдай бойынша 867 аз қамтылған азаматтарға 72,6 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 131,2 млн.тенге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 4635 өтiнiш берушiге (10537 балаға) белгiлендi.

2013 жылдың қаңтар–желтоқсан айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша iстейтiндердiң ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 74172 теңгенi құрады. Номиналдық жалақының индексi 2012 жылдың сәйкес мерзiмiне қарағанда 107,9 пайызды құрады, осы мерзiмге нақты жалақы индексi 101,9 пайызды құрады.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 74 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде 64 мемлекеттiк, 10 мемлекеттiк емес. Бұдан басқа, «Мектеп-бала бақша» 1 кешен, 502 шағын-орталық (5 жекеменшiк) қызмет атқарады.

2013–2014 оқу жылының басына облыстағы мектептер жүйесi 570 бiрлiктi құрады.

2013 жылы бiлiм беру жүйесiн дамытуға 36,5 млрд.теңге бөлiндi, 2014 жылғы 1 қаңтарға игеру 36,4 млрд.теңгенi құрайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Мамлют ауданының Мамлютка қ. жұмысшы кентiнде 300 орынға арналған мектеп салуға 104,6 млн.теңге бөлiндi.

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 443,6 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде:

  • Жамбыл ауданының Айтуар а. 80 орынға арналған негiзгi мектеп салуға, Петропавл қ. 2 ғимаратты балабақшаға реконструкциялауға.
  • бiлiм объектiлерiн салуға ЖСҚ әзiрлеуге.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына (жедел мәлiметтер бойынша) 2 012,8 млн.теңге бөлiндi, 1 993,2 млн.теңге игерiлдi.

Денсаулық сақтау. 2013 жылғы 1 желтоқсанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 4374 кереуетке арналған 30 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 4319 төсек орынға арналған 28 мемлекеттiк, 30 төсек орынға арналған 1 ведомстволық, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме, 84 — мемлекеттiк (соның iшiнде 4 өзiндiк емхана, әйелдер консультациясы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 77 дәрiгерлiк амбулатория), ведомстволық — 1, жеке меншiк — 47 заңды тұлға. Бұдан басқа, 53 ФАП, 472 медициналық пункт бар.

2013 жылғы «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жоспар —23 млрд. 564 млн. теңге бола тұра, игерiлгенi 23 млрд. 57 млн. теңге немесе жоспардан 98%, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 491,2 млн. теңге (РБ — 273,9 млн. теңге, ЖБ — 217,3 млн. теңге), 2013 жылғы денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге игерiлгенi — 491,1 млн. теңге немесе жоспардан 100% құрайды (РБ — 273,9 млн.теңге, ЖБ — 217,2 млн. теңге);
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар — 1 млрд. 112,6 млн. теңге (РБ — 872,6 млн. теңге, ЖБ — 240 млн. теңге, 2013 жылғы материалдық-техникалық базаны нығайтуға игерiлгенi — 1 млрд. 112,6 млн. теңге немесе жоспардан 100% құрайды (РБ — 872,6 млн. теңге, ЖБ — 240 млн. теңге);
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға арналған жылдық жоспар

3 млрд. 895,4 млн. теңгенi құрайды (РБ — 2 млрд. 872,6 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 22,8 млн. теңге), 2013 жылғы денсаулық сақтау объектiлерiн салуға игерiлгенi — 3 млрд. 404 млн. теңге немесе жоспардан 87% құрайды (РБ — 2 млрд. 565 млн. теңге, ЖБ — 839 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi өндiру

Көрсеткіштер Өлшем 
бірлігі
  2011 жыл   2012 жыл Қаңтар–желтоқсан 2013 ж.
 2012 ж. %
2012 жыл 2013 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 96,1 95,6 95,6 97,4 102,0
Сүт мың тонна 555,0 447,8 447,8 458,5 102,4
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 393,1 437,2 437,2 487,2 113,1

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ана мәлiмет бойынша 2013 жылғы қаңтар–қарашадағы облыстың сыртқы сауда айналымы (РФ және БР тауар айналымын есепке алмағанда) 252,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 115,9 млн АҚШ долларын, импорт — 136,8 млн АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi серiктестерi: Тәжiкстан (барлық экспорт көлемiнiң 19,4 пайыз), Қырғызстан (17,1 пайыз), Өзбекiстан (11,8 пайыз), Ауғанстан (11,1 пайыз), Латвия (9,3 пайыз), Украина (5,1 пайыз).

Экспорттық жеткiзулерде мына тауарлық топтардың азық-түлiктерi ең үлкен үлестi орынға ие болады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (экспорттың барлық көлемiнен 88,3 пайыз немесе 102,3 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (4,9 пайыз немесе 5,7 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнiмдер» (4,7 пайыз немесе 5,5 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi Қытай болып табылады (импорттың барлық көлемiнен 20,5 пайыз), Украина (19,4 пайыз), АҚШ (10,1 пайыз), Германия (7,1 пайыз), Малайзия (4,2 пайыз), Польша (3,8 пайыз).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынға келесi өнiм топтары ие болады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнен 55,8 пайыз немесе 76,4 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсiп саласының өнiмi» (17,4 пайыз 23,8 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан бұйымдар» (8,8 пайыз немесе 12,1 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (8,6 пайыз немесе 11,7 млн. АҚШ доллары).

Солтүстiк Қазақстан облысы статистика департаментiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2013 жылғы қаңтар–қазандағы Кедендiк одаққа мүше мемлекеттерiмен облыстың өзара сауда-саттық көлемi 648,1 млн. АҚШ долларын құрады және 2012 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 6,6 пайызға қысқарды. Бұл ретте, экспорт — 56,7 млн. АҚШ доллары (28,9 пайызға көбею), импорт — 591,4 млн. АҚШ доллары (4,9 пайызға көбею).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2013 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2016 17:09
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы