A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар–желтоқсан айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша облыстың өндiрiстiк кәсiпорындары қолданылып жүрген бағалармен 159 643,6 млн.теңгеге өнiм өндiрдi, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiнен 3,5% жоғары.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша үлес алатын (75,7 пайыз) өңдеу өнеркәсiбiнде 2014 жылдың қаңтар — желтоқсанында 120 782,0 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi немесе 2013 жылдың қаңтар — желтоқсаннан 3,4% жоғары.

2014 жылдың қаңтар — желтоқсанында 73894,4 млн.теңгенi тамақ өнiмдерi құрады, сұйық май — 1,9 есеге, рапс майы 1,7 есеге, өңделген сүт –1,2 есеге, сары май — 10,9%-ға, нан — 2,1%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 25,1 пайызын алатын машина жасау саласында 30 266,1 млн. теңге сомаға өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлген.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру саласында 3912,1 млн.теңгеге өнiмi өндiрiлдi, өзге металл емес минералды өнiмдер өндiрiсiнде 2082,7 млн.теңгеге өнiм өндiрiлдi.

2014 жылдың қаңтар — желтоқсанда көлемi электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2013 жылдың қаңтар — желтоқсан деңгейiмен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары және 30 471,0 млн.теңгенi құрады.

Су жабдықтау саласында 2014 жылдың қаңтар — желтоқсан айы бойынша көлем 2,0 пайызға 2013 жылдың қаңтар — желтоқсан деңгейiне ұлғайып 6417,7 млн.теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2014 жылдың қаңтар — желтоқсан айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнiмiнiң жалпы көлемi 283 476,8 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 2013 жылдың қаңтар- желтоқсан деңгейiне 102,6% құрайды.

2013 жылдың қаңтар — желтоқсан деңгейiне ет өндiрiсi 91,9 мың тоннаны құрады немесе 103,9%.

  • сүт 473,3 мың тонна (103,2%);
  • жұмыртқа 543,0 млн. дана (111,4%);

1.01.2015 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

  • iрi қара мал 285,8 мың бас
  • с.i. сиырлар 163,6 мың бас
  • қой мен ешкi 336,2 мың бас
  • жылқы 95,1 мың бас
  • шошқа 147,7 мың бас
  • құстар 3863,5 мың бас

Кәсiпкерлiк. Облыста 2015 жылдың 1 қаңтарына рынокта белсендi жұмыс iстейтiндердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлер саны 25191 бiрлiк.

Инфляция. Облыста 2014 жылғы қаңтар- желтоқсан айында тауарлар мен қызметтердiң бағасы 7,2% құрады, бұл орташа республикалық деңгейiнен 0,2%-ға төмен. 2014 жылғы қаңтар — желтоқсан айында азық-түлiк тауарларының бағасы 8,0%-ға, азық-түлiк емес тауарлардың — 8,1%-ға, ақылы қызметтер — 5,6%-ға қымбаттады.

Солтүстік - Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар –  желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Негiзгi капиталға инвестиция. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 115073,0 млн. теңгенi немесе 2013 жылғы с2йкес кезе4ге 108,7 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншiктi қаражаттары (жалпы көлемнен 70,9%), бюджеттiк қаражат (19,9%), басқа қарыз қаражат (6,2%), банк кредиттерi (3,0%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы көлемнен 43,4%), көлiк және қоймалау (17,9%), өнеркәсiп (21,6%), жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар (6,2%), ақпарат және байланыс (2,6%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. Облыс аумағында кәсiпорындармен және тұрғындармен жалпы аумағы 120091 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2013 жылғы ұқсас кезеңге 104,4% құрайды, соның iшiнде тұрғындар қаражаты есебiнен 70515 ш.м. (жалпы көлемнен 58,7%), бюджеттiк қаражат есебiнен — 43878 (36,5%), кәсiпорындардың меншiктi қаражаты есебiнен — 5698 ш.м. (4,8%) пайдалануға берiлдi.

Сумен жабдықтау. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау бойынша 37 жоба iске асырылды, одан 34 жоба ауылдарда және 3 жоба қалаларда. 2014 жыл нәтижесi бойынша 5 елдi мекенге (Уәлиханов ауданында — 4 және Куйбышев орман шаруашылығы) су берiлдi, бұрын олар суды орталықтандырылмаған көздерден алатын, және 4 елдi мекеннiң сумен жабдықталуы жақсартылды.

Ауылдық жерде iске асырылатын 30 жоба 2015 жылға ауыстырылды, олар сумен жабдықтау жағдайын жақсартуды, демек, тарату желiлерiн салуды көздейдi.

Су бұру бойынша «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы «Южный» өздiгiнен ағатын коллекторды реконструкциялау бойынша бiр жоба iске асырылды. Республикалық бюджеттiң секвестрленуiне байланысты жобаны 2015 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Облыстың ауылдық елдi мекендерiн (бұдан әрi — АЕМ) орталықтандырылған сумен қамту 54,1 пайызды құрады (жаңа ауылдар қосуды және 11 АЕМ таратуды ескерумен).

Әлеуметтiк қорғау. 2015 жылғы 1 қантарға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 7,9 пайызға азайып 931 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,3 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

2015 жылғы 1 қантарға 12801 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 27828 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 5094 адам жiберiлдi.

2015 жылғы 1 қантарға жағдай бойынша 1460 аз қамтылған азаматтарға 110,1 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 111,2 млн.тенге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 3322 өтiнiш берушiге (7833 балаға) белгiлендi.

2014 жылдың қаңтар — қараша айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша iстейтiндердiң ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 78756 теңгенi құрады. Номиналдық жалақының индексi 2013 жылдың сәйкес мерзiмiне қарағанда 107,5 пайызды құрады, осы мерзiмге нақты жалақы индексi 99,9 пайызды құрады.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде 66 мемлекеттiк, 10 мемлекеттiк емес. Бұдан басқа, «Мектеп-бала бақша» 1 кешен, 491 шағын-орталық (5 жекеменшiк) қызмет атқарады.

2014-2015 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесi 547 бiрлiктi құрады.

2014 жылы бiлiм беру жүйесiн дамытуға 37,4 млрд. теңге бөлiнген, 2015 жылғы 1 қантарға игерiлу 37 млрд. теңгенi құрайды.

Мамлют ауданының Мамлютка қ. жұмыс кентiнде 300 орынға арналған мектеп құрылысына республикалық бюджет қаражаты есебiнен 391 млн. теңге бөлiнген, 2015 жылғы 1 қантарға игерiлу 238 млн. теңгенi құрайды.

Бiлiм беру объектiлерiн дамытуға жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 192,5 млн. теңге бөлiнген, (2015 жылғы 1 қантарға игерiлу 156,9 млн. теңгенi құрайды), соның iшiнде:

Мамлют ауданының Мамлютка қ. жұмыс кентiнде 300 орынға арналған мектеп құрылысы (бiрлесiп қаржыландыру);

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан Буденое а. орта мектеп құрылысы;

Петропавл қ. Казахстанская правда көш. 35 бойындағы ғимаратты балабақшаға қайта жоспарлау;

бiлiм беру объектiлерiн салу үшiн ЖСҚ әзiрлеуге.

Бiлiм беру объектiлерiн күрделi жөндеуге 1,7 млрд. теңге бөлiнген, 1,7 млрд. теңге игерiлдi.

Денсаулық сақтау. 2014 жылғы 1 желтоқсанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 4015 кереуетке арналған 29 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3960 төсек орынға арналған 27 мемлекеттiк, 30 төсек орынға арналған 1 ведомстволық, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 129 амбулаторлық-емханалық мекеме, 78 — мемлекеттiк (соның iшiнде 6 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 72 дәрiгерлiк амбулатория), ведомстволық — 1, жеке меншiк — 50 заңды тұлға. Бұдан басқа, 54 ФАП, 465 медициналық пункт бар.

2015 жылғы 1 қантарға «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жылдық жоспар 22 млрд. 325,3 млн теңгенi құрайды, игерiлгенi 22 млрд. 244,1 млн. теңге немесе есептi кезеңге жоспардан 99,6% соның iшiнде:

— денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 358,3 млн. теңге (РБ — 243,4 млн. теңге, ЖБ — 114,9 млн. теңге), 2015 жылғы 1 қантарға игерiлгенi — 352,3 млн.теңге (РБ — 237,4 млн. теңге, ЖБ — 114,9 млн.теңге);

— материалдық-техникалық базасын нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 94,1 млн.теңге (РБ — 444 млн.теңге, ЖБ — 650,1 млн.теңге), 2015 жылғы 1 қантарға игерiлгенi — 1 млрд. 94,1 млн.теңге (РБ — 444 млн теңге, ЖБ — 650,1 млн.теңге);

— денсаулық сақтау объектiсiн салуға жылдық жоспар 1 млрд. 143,2 млн. теңгенi құрайды (РБ — 682 млн. теңге, ЖБ — 461,2 млн. теңге), 2015 жылғы 1 қантарға игерiлгенi — 1млрд. 68 млн. теңге (РБ — 615,1 млн. теңге, ЖБ — 452,9 млн.теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлері өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл Қаңтар–желтоқсан 2014 ж.2013ж. %
2013 жыл 2014 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 95,6 97,4 88,5 91,9 103,9
Сүт мың тонна 447,8 458,5 458,5 473,3 103,2
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 437,2 487,2 487,4 543,0 111,4

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік - Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар –  желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік - Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар –  желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Сыртқы сауда айналымы

Алдын ала мәлiмет бойынша 2014 жылғы қаңтар — қарашадағы облыстың сыртқы сауда айналымы (РФ және БР тауар айналымын есепке алмағанда) 223,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезеңiмен салыстырғанла 14,4 пайызға кемiдi. Бұл ретте, экспорт — 126,4 млн АҚШ долларын (8,7 паыйзға ұлғаюмен), импорт — 96,7 млн АҚШ долларын (33,0 пайызға қысқарды) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi серiктестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 17,0 пайыз), Латвия (16,8 пайыз), Қырғызстан (16,0 пайыз), Тажiкстан (14,8 пайыз), Өзбекiстан (12,2 пайыз), Иран (7,0 пайыз).

Экспорттық жеткiзулерде мына тауарлық топтардың азық-түлiктерi ең үлкен үлестi орынға ие болады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (экспорттың барлық көлемiнен 93,0 пайыз немесе 117,6 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнiмдер» (5,9 пайыз немесе 7,4 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,5 пайыз немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi Қытай болып табылады (импорттың барлық көлемiнен 17,6 пайыз), Украина (16,7 пайыз), АҚШ (11,2 пайыз), Германия (11,0 пайыз), Түркия (11,0 пайыз), Польша (5,6 пайыз).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынға келесi өнiм топтары ие болады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнен 56,7 пайыз немесе 54,8 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсiп саласының өнiмi» (15,1 пайыз 14,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (13,1 пайыз немесе 12,7 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан бұйымдар» (4,7 пайыз немесе 4,5 млн. АҚШ доллары).

Солтүстік - Қазақстан облысының 2014 жылғы қаңтар –  желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика жөнiндегi комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2014 жылғы қаңтар-қазанда Солтүстiк Қазақстан облысының Кеден одағына қатысушы елдермен өзара сауда көлемi 444,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 33,6 млн. АҚШ доллары, импорт — 411,3 млн. АҚШ доллары.

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 14:49
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы