A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Солтүстiк Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша облыстың өндiрiстiк кәсiпорындары қолданылып жүрген бағалармен 168491,7 млн. теңгеге өнiм өндiрдi, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiнен 1,1% жоғары.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында барынша үлес алатын (72,0 пайыз) өңдеу өнеркәсiбiнде 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанда 121373,3 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi немесе 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан 0,4% жоғары.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанда 72903,6 млн. теңгенi тамақ өнiмдерi құрады құс етi — 44,3%, сүзбе және iрiмшiк — 14,0%, кондитерлiк бұйымдар — 20,4% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 25 пайызын алатын машина жасау саласында 29937,4 млн. теңге сомаға өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлген, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан көлемiнен 18,4% жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру саласында 3205,8 млн. теңгеге өнiмi өндiрiлдi, өзге металл емес минералды өнiмдер өндiрiсiнде 3777,6 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанда көлемi электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейiмен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары және 38542,0 млн. теңгенi құрады.

Су жабдықтау саласында 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша көлем 6787,6 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнiмiнiң жалпы көлемi 311080,2 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейiнен 107,5% құрайды.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейiне ет өндiрiсi 90,5 мың тонна

сүт 504,1 мың тонна

жұмыртқа 583,7 млн. дана

1.01.2016 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

iрi қара мал 310,3 мың бас

с.i. сиырлар 175,0 мың бас

қой мен ешкi 351,5 мың бас

жылқы 98,8 мың бас

шошқа 151,8 мың бас

құстар 4250,9 мың бас

Кәсiпкерлiк. Облыста 2015 жылдың 1 қантардағы рынокта жұмыс iстейтiндердiң шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлер саны 34333 бiрлiк.

Инфляция. Облыста 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айында тауарлар мен қызметтердiң өсiм бағасы 12,2% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 1,4 пайызға төмен. 2015 жылғы қаңтар — желтоқсан айында азық-түлiк тауарларының бағасы 11,9%-ға, азық-түлiк емес тауарлары — 22,5%, ақылы қызметтер — 3,3%-ға қымбаттады.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 154 501,8 млн. теңгенi немесе 2014 жылғы ұқсас кезеңге 128,4 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 69,4%), бюджеттiк қаражат (23,3%), басқа қарыз қаражат (4,8%) банк кредиттерi (2,5%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар көлiк және қоймалау (39%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (28,6%), өнеркәсiп (17,7%), жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар (6,2%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айында облыс аумағында жалпы ауданы 140 402 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңiне 116,9% құрайды.

Сумен жабдықтау. 2015 жылы сумен жабдықтаудың 36 объектiсiн салуға және реконструкциялауға 4,9 млрд. теңге көзделген, соның iшiнде республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер — 4,7 млрд. теңге, облыстық — 0,2 млрд. теңге.

Бұдан басқа, 2015 жылға Петропавл қ. сумен жабдықтау жүйесiн реконструкциялауға Ұлттық қордан 0,5 млрд. теңге бөлiндi және игерiлдi (2 объект).

3 ауылға су берiлдi және 41 елдi мекенде сумен жабдықтау жақсартылды. 2015 жылы 3,66 млрд. теңге сомаға 215,8 км желiлер салынды және реконструкцияланды немесе 2015 жылға 91,4% (236 км).

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылғы 1 қаңтардағы өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 7,4 пайызға жоғары 936 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,3 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

2016 жылғы 1 қаңтардағы 12106 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 27305 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 4783 адам жiберiлдi.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 726 аз қамтылған азаматтарға 62,6 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 97,7 млн. тенге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 2745 өтiнiш берушiлерге (6510 балаға) белгiлендi.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегi айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша iстейтiндердiң ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 81882 теңгенi құрады. Номиналдық жалақының индексi 2014 жылдың сәйкес мерзiмiне қарағанда 104,4 пайызды құрады, осы мерзiмге нақты жалақы индексi 99,9 пайызды құрады.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 64 — мемлекеттiк, 14 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 481 шағын-орталық (8 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 533 бiрлiктi құрайды.

2015 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 38,9 млрд. теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 қаңтардағңы жоспар 38,9 млрд. теңге бола тұра, игерiлу 38,8 млрд. теңгенi немесе 99,8% құрады.

Мамлют ауданы Мамлютка қ. жұмысшы кентiндегi 300 орынға арналған мектеп құрылысына республикалық бюджет қаражатының есебiнен 110,8 млн. теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 қаңтардағңы жоспар 110,8 млн. теңге бола тұра, 105,1 млн. теңге игерiлдi.

Ұлттық қордан берiлетiн нысаналы трансферттер есебiнен 1220 млн. теңге бөлiндi, с.i.:

  • СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын корпусы бар 400 орынға арналған мектеп-интернат салу — 550 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 550 млн. теңгеден игерiлу 550 млн. теңгенi құрады.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қ. Қазақстан Конституциясы көшесi, 255А мекенжайында 300 орынға арналған мектеп салу — 400 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 400 млн. теңгеден игерiлу 400 млн. теңгенi құрады;
  • СҚО Петропавл қ. Мир-Строительная көшелерi бойында 320 орынға арналған балабақша салу — 270 млн. теңге. 2016 жылғы 1 қаңтардағңы жоспар 270 млн. теңге бола тұра, 270 млн. теңге игерiлген.

Жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 2015 жылы 529,9 млн. теңге бөлiндi (1 қаңтардағңы жағдай бойынша жоспардағы 529,9 млн. теңгеден игерiлу 529,3 млн. теңгенi құрады), соның iшiнде:

  • Мамлют ауданы Мамлютка қ. жұмысшы кентiнде 300 орынға арналған мектеп салу (бiрлесiп қаржыландыру) есептi кезең жоспарындағы 317,7 млн. теңгеден игерiлу 317,1 млн. теңгенi құрады;
  • Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Буденное а. орта мектебiн салуға есептi кезең жоспарындағы 212,2 млн. теңгеден игерiлу 212,2 млн. теңгенi құрады;

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 1222,3 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 1222,3 млн. теңгеден игерiлу 1196,6 млн. теңгенi немесе 96,6% құрады.

Денсаулық сақтау. 2016 жылғы 1 қаңтардағңы облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3801 кереуетке арналған 27 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3776 төсек орынға арналған 26 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 130 амбулаторлық-емханалық мекеме, 73 — мемлекеттiк (соның iшiнде 5 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 68 дәрiгерлiк амбулатория),жеке меншiк — 57 заңды тұлға. Бұдан басқа, 52 ФАП, 449 медициналық пункт бар.

2015 жылғы «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жылдық жоспар 21 млрд. 51,7 млн. теңге құрады, 2016 жылғы 1 қаңтардағңы игерiлгенi 21 млрд. 23,2 млн. теңге, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге — 294 млн. теңге, есептi кезеңге жоспар 294 млн. теңгенi құрады (РБ — 30,1 млн. тенге, МБ — 263,9 млн. тенге), 294 млн. теңге сомасында қаражат игерiлдi;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 463 млн. теңге, есептi кезеңге жоспар 463 млн. теңгенi құрады (МБ — 463 млн. тенге), 463 млн. теңге сомасында қаражат игерiлдi;
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға — 44,5 млн. теңге, есептi кезеңге жоспар 44,5 млн. теңгенi құрады (МБ — 44,5 млн. тенге), 42,9 млн. теңге сомасында қаражат игерiлдi.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл Қаңтар-желтоқсан 2015 ж. 2014 ж. %
  2014 жыл 2015 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 97,4 91,9 91,9 90,5 98,5
Сүт мың тонна 458,5 473,3 473,3 504,1 106,5
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 487,2 543,0 543,0 583,7 107,5

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2015 жылғы қаңтар-қараша облыстың сыртқы сауда айналымы (айналымын есепке алмағанда) 169,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңiнен 1,3 есе кем. Бұл ретте, экспорт — 86,7 млн. АҚШ долларын (1,5 есе кемуiмен), импорт — 82,3 млн. АҚШ долларын (1,2 есе кемуiмен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi серiктестерi: Тажiкстан (барлық экспорт көлемiнiң 21,5 пайыз), Ауғанстан (21,4 пайыз), Өзбекiстан (19,5 пайыз), Латвия (9,8 пайыз), Қырғызстан (9,4 пайыз), Бельгия (5,8 пайыз), Иран (3,4 пайыз).

Экспорттық жеткiзулерде мына тауарлық топтардың азық-түлiктерi ең үлкен үлестi орынға ие болады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (экспорттың барлық көлемiнен 98,5 пайыз немесе 85,4 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнен 0,5 пайыз немесе 0,4 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнiмдер» (0,3 пайыз немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi Қытай болып табылады (импорттың барлық көлемiнен 24,6 пайыз), Украина (13,0 пайыз), Финляндия (11,7 пайыз) Германия (6,9 пайыз), Түркия (6,5 пайыз), Польша (6,4 пайыз), Құрама штаттары (5,9 пайыз).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынға келесi өнiм топтары ие болады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнен 59,6 пайыз немесе 49,1 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын сауда-саттық тауары» (10,8 пайыз немесе 8,9 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан бұйымдар» (9,7 пайыз немесе 8,0 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсiп саласының өнiмi» (8,5 пайыз 7,0 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2015 жылғы қаңтар-қараша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен Солтүстiк Қазақстан облысының өзара сауда-саттық көлемi 373,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 33,3 млн. АҚШ доллары, импорт — 339,9 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 16:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 15:22
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы