A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2017 жылғы қаңтар-ақпан айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 32 844,8 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiнен 5,2%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (66,6%) 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 21 866,1 млн. теңгеге өнiм өндiрiлген.

2017 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 12662,1 млн. теңгенi құрады, заттай түрде құс етiн өндiру — 1,3%, өңделген сүт — 27,8%, ыстық нан — 4,7%, iрiмшiк және сүзбе — 89,6%, шұжық өнiмдерi — 7,3%, кондитер өнiмдерi — 20,2%, малға арналған дайын жем-шөп — 9,4%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 32,2%-ын алатын машина жасау саласында 7 038,4 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпан көлемiнен 3,9 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 594,1 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минеральдiк өнiмдер 206,8 млн. теңгеге шығарылды.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2016 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1,1% жоғарлап, 9 415,9 млн. теңгенi құрады.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда сумен жабдықтау саласының көлемi 1 272,2 млн. теңгенi құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiнен 1,6% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 14 482,9 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2015 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiне 98,3%.

Ет өндiрiсi 15,4 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар-ақпан деңгейiне 97,5% құрады.

Сүт — 34,6 мың тонна (98,3%),

Жұмыртқа — 80,9 млн. дана (113,2%).

2017 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 398,3 мың бас (100,5%);

с.i. сиыр — 189,8 мың бас (103,6%);

қой мен ешкi — 363,9 мың бас (102,3%);

жылқы — 108,3 мың бас (101,9%);

шошқа — 137,6 мың бас (85,8%);

құс — 4026,9 мың бас (107,1%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-ақпан айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 2,5% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,7% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 1,5%, азық — түлiк емес тауарлардың бағасы 1,2%, ақылы қызметтердiң бағасы 4,9% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2017 жылғы 1 наурызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 27 483 бiрлiктi құрады.

2017 жылғы қантар-ақпан айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-ақпан қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 15 822,9 млн. теңгенi немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 134,3 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 63%), банк кредиттерi (30,9%), бюджеттiк қаражат (4,4%) және басқа қарыз қаражат (1,7 %) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (42,4%), әкiмшiлiк және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (29,4), өнеркәсiп (9,4%) және жылжымайтын мүлiкпен операциялар (8,5%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-ақпан айында облыс аумағында жалпы ауданы 13 592 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңiне 125,1% құрайды

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылға сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 2 млрд. теңге көзделген. Қаржыландыру үстiмiздегi жылғы сәуiрден көзделген.

Бұдан басқа, Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн реконструкциялауға 2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 0,68 млрд. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк қорғау. 2017 жылғы 1 наурызға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 1672 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 2 пайызға кем. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,5 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейге сәйкес келедi.

2017 жылғы 1 наурызға 920 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 2479 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 1038 адам жiберiлдi.

2017 жылғы 1 наурызға 251 аз қамтылған отбасыға 10,8 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 19 млн. теңге сомада 1109 отбасыға (2797 балаға) белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 66 — мемлекеттiк, 11 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 464 шағын-орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2016-2017 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 518 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2017 жылы 47,6 млрд. теңге бөлiндi. 2017 жылғы 1 наурыздағы жоспар 7332,4 млн. теңге бола тұра, игерiлу 7300,4 млн. теңгенi немесе 99,6% құрады.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 1917,3 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 46,6 млн. теңгеден игерiлу 37,6 млн. теңгенi немесе 80,9% құрады.

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 наурызға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3686 төсек орынға арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3661 төсек орынға арналған 24 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 72 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 67 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 52 заңды тұлға. Бұдан басқа, 49 ФАП, 442 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 706,3 млн. теңгенi құрады. 2017 жылғы 1 наурыздағы жоспар 3 млрд.635,4 млн. теңге бола тұра, 3 млрд. 483,3 млн. теңге немесе 95,8% игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 593,8 млн. теңгенi құрады (ЖБ — 593,8 млн. теңге), есептi кезеңге арналған жоспар — 10 мың теңге, игерiлу 0 мың теңге,
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар — 1 млрд. 718,6 млн. теңге (РБ — 515 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 203,6 млн. теңге), есептi кезеңге арналған жоспар 958,2 мың теңге, игерiлу 958,1 мың теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-ақпан 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 15,8 15,4 97,5
Сүт мың тонна 504,1 525,5 35,2 34,6 98,3
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 576,1 80,9 71,5 113,2

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2017 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 9,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 22,3%-ға кем. Бұл ретте, экспорт — 5,5 млн АҚШ долларын (40,9%-ға қысқарумен), импорт — 3,9 млн АҚШ долларын (39,3% ұлғаюмен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Бельгия (барлық экспорт көлемiнiң 29,7%-ы), Ауғанстан (22,6%), Өзбекстан (13,2%-ы), Қытай (12,4%-ы), Польша (8,7%-ы) болып табылады.

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 98,2%-ы немесе 5,4 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (1,8%-ы немесе 0,1 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (барлық импорт көлемiнiң 44,2%-ы), Италия (9,3%-ы), Украина (8,4%-ы), Германия (7,3%-ы) болып табылды.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 56,4%-ы немесе 2,2 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (15,4%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (7,7%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары), «Сүрек, ағаш материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары» (7,7%-ы немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 313,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 41,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 272,5 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2017 16:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2017 16:26
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы