A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Солтүстiк Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2016 жылғы қаңтар-мамыр айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағада 66643,6 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейiнен 0,4% жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (65,1%), 2016 жылғы қаңтар-мамырда 43371,4 млн. теңгеге өнiм өндiрiлген.

2016 жылғы қаңтар-мамыр айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2016 жылғы қаңтар-мамырда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 27840,9 млн. теңгенi құрады, заттай түрде құс етiнiң өндiрiсi 2,9%, шұжық өнiмдерiнiң — 2,8%, ұн — 27,6%, кондитер өнiмдерi — 26,2%, ыстық нан — 4,9% ұлғайтылды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 20,5%-ын алатын машина жасау саласында 8887,3 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 1125,4 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минеральдiк өнiмдер 954,1 млн. теңгеге шығарылды.

2016 жылғы қаңтар-мамырда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2015 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 15,7% өсiп, 20221,6 млн. теңгенi құрады.

2016 жылғы қаңтар-мамырда сумен жабдықтау саласының көлемi 2781,9 млн. теңгенi құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейiнен 7,0% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 39194,4 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейiне 102,0%.

Ет өндiрiсi 29,3 мың тоннаны немесе 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейiне 100,7% құрады.

Сүт — 168,1 мың тонна (105,2%),

Жұмыртқа — 212,5 млн. дана (94,6%).

2016 ж. 01.06. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 436,1 мың бас (104,5%);

с.i. сиыр — 199,3 мың бас (107,1%);

қой мен ешкi — 523,4 мың бас (105,0%);

жылқы — 143,9 мың бас (105,2%);

шошқа — 172,3 мың бас (103,0%);

құс — 5297,3 мың бас (97,6%).

Кәсiпкерлiк. 2016 жылғы 1 маусымға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28772 бiрлiктi құрады.

Инфляция. 2016 жылғы қаңтар-мамыр нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 3,4% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,8% төмен. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 3,5%, азық-түлiк емес тауарлардың 3,4%, ақылы қызметтердiң бағасы 3,2% қымбаттады.

2016 жылғы қантар-мамыр айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2016 жылғы қаңтар-мамырды қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 34554,2 млн. теңгенi немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 97,5 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 72,2%), бюджеттiк қаражат (14,4%), басқа қарыз қаражат (9,8%) банк кредиттерi (3,6%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (36,5%), өнеркәсiп (25,7%), көлiк және қоймалау (16,8%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (8%), бiлiм (4,6%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдердi жөндеу (3,9%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-мамыр айында облыс аумағында жалпы ауданы 29396 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 141,1% құрайды

Сумен жабдықтау. 2016 жылға арналған «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 1,63 млрд. теңге, облыстық бюджеттен — 84,8 млн. теңге көзделген. Ү.ж. 5 айдың нәтижесi бойынша РБ-тен 230,19 млн. теңге және ЖБ-тен 32,9 млн. теңге игерiлдi.

Бұдан басқа, Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн реконструкциялауға 2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 3,2 млрд. теңге бөлiндi. 2 жоба бойынша мердiгерлер айқындалған, шарт жасасылған. 4 жоба бойынша конкурстық процедуралар аяқталуда.

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылғы 1 маусымдағы өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары 2035 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,6 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

2016 жылғы 1 маусымдағы 4230 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 8936 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетiледi. Қоғамдық жұмыстарға 1937 адам жiберiлдi.

2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 431 аз қамтылған азаматтарға 27,3 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 43,1 млн. тенге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 1809 өтiнiш берушiлерге (4276 балаға) белгiлендi.

2016 жылдың 1 тоқсандағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша iстейтiндердiң ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 88802 теңгенi құрады. Номиналдық жалақының индексi 2015 жылдың сәйкес мерзiмiне қарағанда 113,2 пайызды құрады.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 79 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 65 — мемлекеттiк, 14 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 479 шағын-орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 533 бiрлiктi құрайды.

2016 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 49,1 млрд.теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 маусымға жоспар 21,0 млрд. теңге бола тұра, игерiлу 20,3 млрд. теңгенi немесе 96,7% құрады.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебiнен 1965,5 млн. теңге бөлiнген, соның iшiнде:

  • СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 1052,8 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 432,4 млн. теңге, игерiлу 432,4 млн. теңгенi құрады.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 492,4 млн. теңге. 2016 жылғы 1 маусымға жоспар 439,1 млн. теңге бола тұра, игеру 341,0 млн. теңгенi құрады, төлем орындалған жұмыстар фактiсi бойынша жүргiзiлген.
  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынға арналған балабақша құрылысы — 420,3 млн. теңге. 2016 жылғы 1 маусымға жоспар 372,3 млн. теңге бола тұра, игеру 230,9 млн. теңгенi құрады, төлем орындалған жұмыстар фактiсi бойынша жүргiзiлген.

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 2016 жылы 1158,7 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде мыналарға:

  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынға арналған балабақша құрылысы — 71,4 млн. теңге. 2016 жылғы 1 маусымға жоспар 25 млн. теңге бола тұра, игерiлу жоқ.
  • СҚО Қызылжар ауданының Бәйтерек а. 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына жылдық жоспар 833,2 млн. теңге, есептi кезеңге арналған жоспар 170 млн. теңге бола тұра, игерiлу 170 млн. теңгенi құрады.
  • СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 160,9 млн. теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 93,2 млн. теңге. Есептi кезең жоспары жоқ.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 2324,9 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 266,0 млн. теңгеден 161,5 млн. теңге немесе 60,7% игерiлдi.

Денсаулық сақтау. 2016 жылғы 1 маусымға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3793 кереуетке арналған 27 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3768 төсек орынға арналған 26 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 73 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 68 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 55 заңды тұлға. Бұдан басқа, 51 ФАП, 449 медициналық пункт бар.

2016 жылы «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жылдық жоспар 24 млрд. 907,2 млн. теңгенi құрады, 2016 жылғы 1 маусымға игерiлгенi 10 млрд. 810,8 млн. теңге, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге — 544,2 млн. теңге, (РБ — 108,4 млн. теңге, Ұлттық қордан НТ — 155,9 млн. теңге, ЖБ — 279,9 млн. теңге), есептi кезеңге арналған жоспар 31,6 млн. теңге бола тұра (РБ — 18,2 млн. теңге, ЖБ — 13,4 млн. теңге), игерiлу 9,8 млн. теңгенi құрады (РБ — 3,4 млн. теңге, ЖБ — 6,5 млн. теңге).
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 585,8 млн. теңге, (РБ шығындарды өтеуге арналған НТ — 120 млн. теңге, ЖБ — 465,8 млн. тенге), есептi кезеңге арналған жоспар 38,8 млн. теңге бола тұра, игерiлу 36,6 млн. теңгенi құрады (ЖБ есебiнен).
  • денсаулық сақтау объектiлерiнiң құрылысына — ЖБ қаражаты есебiнен 0,3 млн. теңге, есептi кезеңге қаражат жоспарланбаған.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл Қаңтар-мамыр 2016 ж. 2015 ж. %
2015 жыл 2016 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,9 90,6 21,9 29,3 100,7
Сүт мың тонна 473,3 504,1 159,9 168,1 105,2
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 543,0 583,7 224,6 212,5 94,6

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтар-сәуiрдегi облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 65,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңнен 8,3% артық. Бұл ретте, экспорт — 42,2 млн. АҚШ долларын (1,4 есе ұлғаюмен), импорт — 22,8 млн. АҚШ долларын (21,9% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 35,5%-ы), Өзбекстан (18,9%-ы), Тәжiкстан (10,8%-ы), Бельгия (8,1%-ы), Латвия (539%-ы), Қытай (4,7%-ы).

Экспорттық жеткiзулерде негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,1%-ы немесе 41,8 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикiзаты, аң терiсi және олардан жасалған өнiмдер» ( 0,2%-ы немесе 0,1 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Израиль (барлық импорт көлемiнiң 38,7%-ы), Қытай (13,7%-ы), Украина (11,8%-ы), Польша (5,1%-ы).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 56,1%-ы немесе 12,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (18,9%-ы немесе 4,3 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (11,4%-ы немесе 2,6 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (6,1%-ы немесе 1,4 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 54,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 8,8 млн. АҚШ доллары, импорт — 46,0 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 16:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 16:18
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы