A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Солтүстік Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2016 жылдың қаңтар-наурыздың нәтижесі бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары қолданылып жүрген бағалармен 38177,3 млн. теңге сомаға өнім өндірді, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурыздеңгейінен 1,7% жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (60,5%) 2016 жылдың қаңтар-наурызында 23 102,0 млн. теңгеге өнім өндірілген.

2016 жылғы қаңтар-наурыз айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2016 жылғы қаңтар-наурызға 15 319,2 млн. теңгені тамақ өнімдері өндірісі құрады, заттай түрде құс етінің өндірісі 11,5%, шұжық өнімдері – 5,1%, ұн – 25,8%, сары май – 13,3%, ыстық нан – 8,3% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 16,5%-ын алатын машина жасау саласында 3810,4 млн. теңге сомаға өнім өндіріліп, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 534,2 млн. теңгеге өнімі өндірілді, өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 534,8 млн. теңгеге өнім өндірілді.

2016 жылғы қаңтар-наурызда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2015 жылғы қаңтар-наурыз деңгейімен салыстырғанда 9,3% артып, 13336,9 млн. теңгені құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2016 жылғы қаңтар-наурыздағы көлемі 1599,8 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 9,0% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қаңтар-наурызда облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 18121,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі 2015 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 101,4% құрайды.

2015 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне ет өндірісі 19,4 мың тоннаны немесе 99,4% құрады.

сүт 57,5 мың тонна (107,2%);

жұмыртқа 108,2 млн. дана (92,5%);

2016 жылғы 1.04. барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ431,8 мың бас (104,6%);

с.i. сиыр 187,9 мың бас (105,3%);

қой мен ешкi 352,0 мың бас (104,6%);

жылқы 105,7 мың бас (105,5%);

шошқа 163,2 мың бас (98,9%);

құстар 3860,8 мың бас (91,9%).

Кәсіпкерлік. Облыста 2016 жылғы 1 сәуіргебазарларда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 34266 бірлікті құрады.

Инфляция. Облыста 2016 жылғы қаңтар-наурыз нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 2,6% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,4 пайызға төмен. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарларының – 1,9%-ға, ақылы қызметтер – 2,5%-ға қымбаттады.

2016 жылғы қантар-наурыз айлары бойынша тұтыну баға индексі

Негізгі капиталға инвестициялар. 2016 жылғы қаңтар-наурызды қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 16 890,5 млн. теңгені немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 86,3 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 81,7%), бюджеттік қаражат (11%), басқа қарыз қаражат (3,7%) банк кредиттері (3,6%) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (38,4%), көлік және қоймалау (20,8%) өнеркәсіп (19,2%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (7,1%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (5%), білім беру (4,4%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-наурыз айында облыс аумағында жалпы ауданы 15 451 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңіне 131,8% құрайды.

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 1,63 млрд. теңге, облыстық бюджеттен — 84,8 млн. теңге көзделген. Ү.ж. 3 айдың нәтижесі бойынша РБ-дан 81,3 млн. теңге және ЖБ-дан 10,2 млн. теңге игерілді.

Бұдан басқа, Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйесін реконструкциялауға 2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 3,2 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Әлеуметтік қорғау. 2016 жылғы 1 сәуірдегі өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға жоғары 1861 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

2016 жылғы 1 сәуірдегі 1750 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 4292 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетіледі. Қоғамдық жұмыстарға 1405 адам жіберілді.

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 352 аз қамтылған азаматтарға 13,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 21,2 млн. тенге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 1441 өтініш берушілерге (3453 балаға) белгіленді.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 82971 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2014 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 104,1 пайызды құрады.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 79 бірлікті құрайды, соның ішінде: 65 — мемлекеттік, 14 — жекеменшік. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешені, 479 шағын-орталық (9 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 533 бірлікті құрайды.

2016 жылы білім жүйесін дамытуға 46,6 млрд.теңге бөлінді. 2016 жылғы 1 сәуірге жоспар 11,4 млрд. теңге бола тұра, игерілу 11,1 млрд.теңгені немесе 97,4% құрады.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен 1965,5 млн. теңге бөлінген, соның ішінде:

  • СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы – 1052,8 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 200 млн. теңге, игерілу 200 млн. теңгені құрады.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы – 492,4 млн. теңге. 2016 жылғы 1 сәуірге жоспар 160 млн.теңге бола тұра, игеру 138,3 млн. теңгені құрады, төлем орындалған жұмыстар фактісі бойынша жүргізілген.
  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелеріндегі 320 орынға арналған балабақша құрылысы – 420,3 млн. теңге. 2016 жылғы 1 сәуірге жоспар 160 млн. теңге бола тұра, игеру 107 млн. теңгені құрады, төлем орындалған жұмыстар фактісі бойынша жүргізілген.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім объектілерін дамытуға 2016 жылы 474,7 млн. теңге бөлінді, соның ішінде мыналарға:

  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелеріндегі 320 орынға арналған балабақша құрылысы – 70,9 млн.теңге. Есепті кезеңге арналған жоспар жоқ.
  • СҚО Қызылжар ауданының Бәйтерек а. 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына жылдық жоспар 205,6 млн. теңге, есепті кезеңге арналған жоспар 35 млн. теңге бола тұра, игерілу 35 млн. теңгені құрады.
  • СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы – 110,7 млн. теңге. Есепті кезең жоспары жоқ.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы – 87,5 млн. теңге. Есепті кезең жоспары жоқ.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 687,7 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 28,9 млн.теңгеден 16,8 млн. теңге немесе 58,1% игерілді.

Денсаулық сақтау. 2016 жылғы 1 сәуірге облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3801 кереуетке арналған 27 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3776 төсек орынға арналған 26 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 73 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 68 дәрігерлік амбулатория), жеке меншік — 55 заңды тұлға. Бұдан басқа, 51 ФАП, 449 медициналық пункт бар.

2016 жылы «Денсаулық сақтау» саласы бойынша жылдық жоспар 23 млрд. 84,3 млн. теңгені құрады, 2016 жылғы 1 сәуірге игерілгені 6 млрд. 419 млн. теңге, соның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге – 370,9 млн. теңге, (РБ – 108,4 млн. теңге, ЖБ – 262,5 млн. теңге). Есепті кезеңге қаражаттарды игеру жоспарланбаған;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 480,7 млн. теңге, (ЖБ – 480,7 млн. тенге), Есепті кезеңге қаражаттарды игеру жоспарланбаған;
  • 2016 жылға денсаулық сақтау объектілерін салуға бюджеттік қаражаттар көзделмеген.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлері өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл Қаңтар-наурыз 2016 ж. 2015 ж. %
2015жыл 2016 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,9 90,6 19,5 19,4 99,2
Сүт мың тонна 473,3 504,1 53,6 57,5 107,2
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 543,0 583,7 117,0 108,2 92,5

Сыртқы сауда айналымы.

Алдын ала мәлімет бойынша 2016 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 29,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңнен 33,9% артық. Бұл ретте, экспорт — 21,3 млн АҚШ долларын (49,0% ұлғаюмен), импорт — 7,9 млн АҚШ долларын (5,3% ұлғаюмен) құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 31,8%-ы), Өзбекстан (15,8%-ы), Латвия (10,5%-ы), Бельгия (10,0%-ы), Тәжікстан (8,5%-ы), Иран (6,8%-ы).

Экспорттық жеткізулерде негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,7%-ы немесе 21,2 млн. АҚШ доллары), «Бұлғары шикізаты, аң терісі және олардан жасалған өнімдер» (0,3%-ы немесе 0,06 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Израиль (барлық импорт көлемінің 30,8%-ы), Украина (13,5%-ы), Қытай (11,4%-ы), Австрия (7,3%-ы), Түркия (5,9%-ы).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 57,0%-ы немесе 4,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (17,7%-ы немесе 1,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (10,1%-ы немесе 0,8 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсіп саласының өнімі»(7,6%-ы немесе 0,46 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2016 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 15,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 4,2 млн. АҚШ доллары, импорт — 11,3млн. АҚШ доллары.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 16:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 17:41
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы