A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 32 844,8 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 5,2%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (66,6%) 2016 жылғы қаңтар-наурызда 21 866,1 млн. теңгеге өнім өндірілген.

2017 жылғы қаңтар-наурыз айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы2017 жылғы қаңтар-наурыздағы тамақ өнімдерінің өндірісі 20 409,4 млн. теңгені құрады, заттай түрде құс етін өндіру — 22,6%, өңделген сүт — 25,4%, ұн — 13,6%, ыстық нан — 5,1%, ірімшік және сүзбе — 91,7%, шұжық өнімдері — 8,6%, кондитер өнімдері — 13,3%, малға арналған дайын жем-шөп — 12,5%.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 30,9%-ын алатын машина жасау саласында 10 776,2 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпан көлемінен 3,8 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 962,6 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минеральдік өнімдер 449,7 млн. теңгеге шығарылды.

2017 жылғы қаңтар-наурызда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2016 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,9% жоғарлап, 15 107,5 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-наурызда сумен жабдықтау саласының көлемі 1 953,5 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 2,8% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 20869,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2016 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 102,1%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 19,7 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 101,3% құрады.

Сүт – 59,7 мың тонна (103,9%),

Жұмыртқа – 123,6 млн. дана (114,2%).

2017 ж. 01.04. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 437,9 мың бас (101,4%);

с.і. сиыр — 194,6 мың бас (103,6%);

қой мен ешкі — 361,3 мың бас (102,7%);

жылқы — 107,5 мың бас (101,7%);

шошқа — 140,8 мың бас (86,2%);

құс — 4 000,6 мың бас (103,6%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 2,8% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,5% төмен. Азық-түлік тауарлардың бағасы 2,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1,5%, ақылы қызметтердің бағасы 5,0% қымбаттады.

Кәсіпкерлік. 2017 жылғы 1 сәуірғе облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 27 513 бірлікті құрады немесе 2016 жылғы сәйкес дата деңгейі 9,5% төмен.

2017 жылғы қантар-наурыз айлары бойынша тұтыну баға индексі %-теНегізгі капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-наурыз қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 23 722,6 млн. теңгені немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 134 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 62,9%), банк кредиттері (30,4%), бюджеттік қаражат (5,1%) және басқа қарыз қаражат (1,6 %) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (40%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (28), өнеркәсіп (11,4%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (9,2%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айында облыс аумағында жалпы ауданы 19 579 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 126,7% құрайды

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылға сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жергілікті атқарушы органымен шамамен — 2 млрд. теңге бөлінді.

Қосымша Петропавл қ. су бұру жүйесін реконструкциялауға 2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 0,68 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2017 жылғы қаңтар-наурызға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 1857 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,1 пайыздық пунктке артық.

2017 жылғы 1 сәуірге 1552 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3929 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1305 адам жіберілді.

2017 жылғы 1 сәуірге 264 аз қамтылған отбасыға 11,0 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 19 млн. теңге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 1127 өтініш берушілерге (2839 балаға) белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 77 бірлікті құрайды, соның ішінде: 66 — мемлекеттік, 11 — жекеменшік. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешені, 465 шағын-орталық (9 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2016-2017 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 518 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2017 жылы 48,3 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылғы 1 сәуірге жоспар 11,1 млрд.теңге бола тұра, игерілу 11,1 млрд. теңгені немесе 99,9% құрады.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 2512 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 85,4 млн.теңгеден игерілу 85,1 млн. теңгені немесе 99,6% құрады.

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 сәуірге облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3686 төсек орынға арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3661 төсек орынға арналған 24 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 72 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 67 дәрігерлік амбулатория), жеке меншік — 56 заңды тұлға. Бұдан басқа, 49 ФАП, 441 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 658,1 млн. теңгені құрады. 2017 жылғы 1 сәуірге жоспар 4 млрд. 398,6 млн.теңге бола тұра, 4 млрд. 398,3 млн. теңге немесе 100% игерілді, соның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 593,8 млн. теңгені құрады (ЖБ — 593,8 млн. теңге), есепті кезеңге арналған жоспар — 22,5 млн. теңгені, атқарылу 22,5 млн. теңгені құрады.
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған жылдық жоспар — 1 млрд. 718,6 млн. теңге (РБ — 515 млн.теңге, ЖБ — 1 млрд. 203,6 млн. теңге), есепті кезеңге арналған жоспар 29,2 млн. теңгені (ЖБ — 29,2 млн.теңге), атқарылу 29,2 млн.теңгені құрады (ЖБ — 29,2 млн.теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-наурыз 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 19,4 19,7 101,3
Сүт мың тонна 504,1 525,6 57,5 59,7 103,9
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 584,7 108,2 123,6 114,2

Сыртқы сауда айналымы.

Алдын ала мәлімет бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 17,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 41,3% кем. Бұл ретте, экспорт — 11,1 млн АҚШ долларын (48,1% қысқарумен), импорт — 6,1 млн АҚШ долларын (22,8% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 32,0%-ы), Бельгия (16,3%-ы), Қытай (16,2%-ы), Өзбекстан (13,0%-ы), Тәжікстан (8,4%-ы).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,1%-ы немесе 11,0 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,7 пайыз немесе 0,1 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (барлық импорт көлемінің 36,6%-ы), Польша (9,2 пайызы), Украина (8,0 пайызы), Германия (6,4%-ы).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 50,8%-ы немесе 3,1 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (19,7%-ы немесе 1,2 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (9,8%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан бұйымдар» (9,8%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2017 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 22,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 3,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 19,5 млн. АҚШ доллары.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 15:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 16:48
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы