A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2016 жылғы қаңтар-қазан айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 148557,0 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейiнен 0,3%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (71,4%) 2016 жылғы қаңтар-қазанда 106 134,8 млн. теңгеге өнiм өндiрiлген.

2016 жылғы қаңтар-қазан айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2016 жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 68029,9 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген ұн — 35,9%, ыстық нан-1,9%, кондитер өнiмдерi — 17,2%, мал арналған дайын жем-шөп-5,2%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 19,8%-ын алатын машина жасау саласында 20 994,8 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 3002,8 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минеральдiк өнiмдер 3794,8 млн. теңгеге шығарылды.

2016 жылғы қаңтар-қазанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2015 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 10,7% өсiп, 34655,2 млн. теңгенi құрады.

2016 жылғы қаңтар-қазанда сумен жабдықтау саласының көлемi 5870,0 млн. теңгенi құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейiнен 4,9% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 373956,2 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейiне 103,1%.

Ет өндiрiсi 75,3 мың тоннаны немесе 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейiне 101,3% құрады.

Сүт — 476,5 мың тонна (104,1%),

Жұмыртқа — 493,5 млн. дана (95,6%).

2016 ж. 01.11. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 346,0 мың бас (105,1%);

с.i. сиыр — 183,7 мың бас (105,0%);

қой мен ешкi — 371,1 мың бас (101,6%);

жылқы — 108,7 мың бас (102,1%);

шошқа — 178,4 мың бас (99,1%);

құс — 4603,4 мың бас (101,4%).

Кәсiпкерлiк. 2016 жылғы 1 қарашаға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28 463 бiрлiктi құрады.

Инфляция. 2016 жылғы қаңтар-қазан айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 5,5% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,7% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 4,7%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 7,2%, ақылы қызметтердiң бағасы 4,8% қымбаттады.

2016 жылғы қантар-қазан айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2016 жылғы қаңтар-қазанды қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 127,4 млрд. теңгенi немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге 97,3% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 62,4%), бюджеттiк қаражат (22,6%), басқа қарыз қаражат (11,3%) банк кредиттерi (3,7%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағыттаған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (39,4%), өнеркәсiп (21,5%), көлiк және қоймалау (19,2%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (8,4%), бiлiм (3,4%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдердi жөндеу (2,3%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-қазан айында облыс аумағында жалпы ауданы 84 482 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 115,5% құрайды.

Сумен жабдықтау. 2016 жылы қаржыландырудың барлық көздерiнен сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң құрылысы мен жаңартылуына 3 913,3 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту бағдарламасы аясында 625,9 млн. теңге (РБ — 400,8 млн. теңге, ЖБ — 225,1 млн. теңге) және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 287,4 млн. теңге (Ұлттық қор қаражаты).

10 айдың нәтижесi Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту бағдарламасы бойынша 551,1 млн. теңге (РБ — 400,9 млн. теңге, ЖБ — 150,2 млн. теңге) игерiлдi, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 6 жоба (сумен жабдықтау бойынша 2 жоба және су бұру бойынша 4 жоба) iске асырылуда, 10 ай iшiндегi игеру (жалпы бөлiнген сомадан 3 287 млн. теңге) 2 182,4 млн. теңгенi немесе 66% құрайды.

2016 жыл нәтижесi бойынша 5 ауылға су берiлетiн болады және облыстың 14 елдi мекенiнде сумен жабдықтау жақсарады.

Сонымен қатар, үстiмiздегi жылы Еуропа реконструкциялау және даму банкiнен тартылған қарыз аясында «Қызылжар су» ЖШС объектiлерiн жаңғырту жөнiндегi жобаны iске асырылуы басталады, жобаның барлық құны 3 млрд. 850 млн. теңге (iске асыру кезеңi 2016-2018 жылдар).

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылғы 1 қарашаға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 2158 адамды құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 51 пайызға артты. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,7 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейден 0,3 пайыздық пунктке жоғары.

2016 жылғы 1 қарашаға 9733 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 20289 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 3451 адам жiберiлдi.

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 511 аз қамтылған азаматтарға 51,6 млн.теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 71,6 млн. тенге сомада 2045 өтiнiш берушiлерге (4856 балаға) мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 64 — мемлекеттiк, 14 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 467 шағын-орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 518 бiрлiктi құрайды.

2016 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 49 млрд.теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 қарашаға жоспар 41,9 млрд.теңге бола тұра, игерiлу 41,7 млрд. теңгенi немесе 99,6% құрады.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебiнен 1710,3 млн. теңге бөлiнген, соның iшiнде:

  • СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 898,9 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 898,9 млн. теңгеден игерiлу 898,9 млн. теңгенi құрайды.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 439,1 млн. теңге. 2016 жылғы 1 қарашаға жоспар 439,1 млн. теңге бола тұра, игерiлу 439,1 млн. теңгенi құрады.
  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша құрылысы — 372,3 млн. теңге. 2016 жылғы 1 қарашаға жоспар 372,3 млн. теңге бола тұра, игерiлу 372,3 млн. теңгенi құрады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 2016 жылы 1154 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде мыналарға:

  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша салу — 72,3 млн. теңге. 2016 жылғы 1 қарашаға жоспар 71,4 млн. теңге бола тұра, игерiлу 70,9 млн. теңгенi құрады, төлем орындалған жұмыс фактiсi бойынша жүргiзiлдi;
  • СҚО Қызылжар ауданының Бәйтерек а. 300 оқушыға арналған мектеп салуға жоспардағы 827,6 млн. теңгеден, есептi кезең жоспарындағы 827,6 млн. теңгеден игерiлу 822,5 млн. теңгенi құрады;
  • СҚО Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат салу — 160,9 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 160,9 млн. теңгеден игерiлу 160,9 млн. теңгенi құрады;
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп салу — 93,2 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 93,2 млн. теңгеден игерiлу 93,2 млн. теңгенi құрады.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 2375,7 млн. теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 қарашаға жоспар 2176 млн. теңге бола тұра, игерiлу 2119,8 млн. теңгенi немесе 97,4% құрады.

Денсаулық сақтау. 2016 жылғы 1 қарашаға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3748 кереуетке арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3723 төсек орынға арналған 24 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 127 амбулаторлық-емханалық мекеме: 72 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 67 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 55 заңды тұлға. Бұдан басқа, 49 ФАП, 446 медициналық пункт бар.

2016 жылға «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 25 млрд. 112,6 млн. теңгенi құрады, 2016 жылғы 1 қарашаға 19 млрд. 890,9 млн. теңге игерiлдi, соның iшiнде:

  • Денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 640,4 млн. теңге (РБ — 108,4 млн. теңге, Ұлттық қордан НТ — 194,2 млн. теңге, ЖБ — 337,8 млн. теңге), есептi кезең жоспарындағы 501,7 млн. теңгеден (РБ — 102,4 млн. теңге, Ұлттық қордан НТ — 92,1 млн,тенге, ЖБ — 307,2 млн. теңге), 483,9 млн. теңге игерiлдi (РБ — 102,4 млн. тенге, Ұлттық қордан НТ — 92,1 млн,тенге, ЖБ — 289,4 млн. тенге);
  • Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 532,1 млн. теңге (шығындарды өтеуге РБ-дан НТ — 120 млн. теңге, ЖБ — 412,1 млн. теңге), есептi кезең жоспарындағы 362,4 млн. теңгеден (шығындарды өтеуге РБ-дан НТ — 20 млн. теңге, ЖБ — 342,4 млн. теңге), 362,4 млн. теңге игерiлдi (шығындарды өтеуге РБ-дан НТ — 20 млн. теңге, ЖБ — 342,4 млн. теңге);
  • Денсаулық сақтау объектiлерiн салуға ЖБ қаражаты есебiнен — 30 мың теңге, есептi кезеңге жоспар — 30 мың теңге, игерiлу 28,6 мың теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2013 жыл 2014 жыл Қаңтар-қазан 2016 ж. 2015 ж. %
2015 жыл 2016 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,9 90,6 74,3 75,3 101,3
Сүт мың тонна 473,3 504,1 457,9 476,5 104,1
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 543,0 583,7 516,3 493,5 95,6

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 141,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 1,1%-ға кем. Бұл ретте, экспорт — 72,1 млн.АҚШ долларын (1,5%-ға ұлғаюмен), импорт — 69,1 млн.АҚШ долларын (3,8% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 44,1%-ы), Өзбекстан (17,6%-ы), Тәжiкстан (10,7%-ы), Бельгия (5,5%-ы), Польша (4,0%-ы) болып табылады.

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,2%-ы немесе 71,5 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикiзаты, аң терiсi және олардан жасалған өнiмдер» (0,3%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: АҚШ (барлық импорт көлемiнiң 23,8%-ы), Қытай (17,7%-ы), Израиль (16,5%-ы), Украина (7,4%-ы) Германия (6,1%-ы) болып табылды.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 55,8%-ы немесе 40,2 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (17,5%-ы немесе 12,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (10,1%-ы немесе 7,3 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (5,4%-ы немесе 3,9 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы қаңтар-тамыздағы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 177,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 22,7 млн. АҚШ доллар, импорт — 154,8 млн. АҚШ доллар.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2017 17:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 17:03
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы