A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 70 003,1 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуiр деңгейiнен 6,1%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (66,6%) 2017 жылғы қаңтар-сәуiрде 46 614,8 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуiр деңгейiнен 8,2%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-сәуiр айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2017 жылғы қаңтар-сәуiрде тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 27 083,5 млн. теңгенi құрады, заттай түрде ет пен тағамдық iшек-қарын өндiрiсi 22,1% ұлғайды, құс етi — 1,2%, өңделген сүт — 8,2%, ұн — 35,8%, ыстық нан — 0,5%, iрiмшiк және сүзбе — 42,7%, шұжық өнiмдерi — 8,2%, кондитер өнiмдерi — 12,8%, малға арналған дайын жем-шөп — 20,4%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 30,7%-ын алатын машина жасау саласында 14 314,2 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2016 жылғы қаңтар- сәуiр көлемiнен 3,4 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 1319,8 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минеральдiк өнiмдер 684,6 млн. теңгеге шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуiр деңгейiнен сәйкесiнше 33,0% және 9,6% жоғары.

2017 жылғы қаңтар-сәуiрде электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2016 жылғы қаңтар-сәуiрмен салыстырғанда 1,3% жоғарлап, 20 050,2 млн. теңгенi құрады.

2017 жылғы қаңтар-сәуiрде сумен жабдықтау саласының көлемi 2 640,0 млн. теңгенi құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар- сәуiр деңгейiнен 3,1% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-сәуiрде ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 32012,0 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2016 жылғы қаңтар- сәуiр деңгейiне 101,5%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 24,4 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар- сәуiр деңгейiне 100,5% құрады.

Сүт — 112,4 мың тонна (103,8%),

Жұмыртқа — 177,0 млн. дана (110,4%).

2017ж. 01.05. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 441,6 мың бас (101,4%);

с.i. сиыр — 198,7 мың бас (101,1%);

қой мен ешкi — 426,6 мың бас (102,0%);

жылқы — 124,2 мың бас (102,4%);

шошқа — 145,5 мың бас (86,5%);

құс — 4 525,6 мың бас (103,8%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 3,6% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,9% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 2,8%, азық — түлiк емес тауарлардың бағасы 1,8%, ақылы қызметтердiң бағасы 6,3% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2017 жылғы 1 мамырға облыста базарларда шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 27 902 бiрлiктi құрады.

2017 жылғы қантар-сәуiр айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-сәуiр қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 32 193,2 млн. теңгенi немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 138,7 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 58,7%), банк кредиттерi (28,9%), бюджеттiк қаражат (9,5%) және басқа қарыз қаражат (2,9 %) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (38,8%), әкiмшiлiк және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (26,2%), өнеркәсiп (13,5%) келедi. Жылжымайтын мүлiкпен операцияларға (9,9%).

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-наурыз айында облыс аумағында жалпы ауданы 23102 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңiне 124,3% құрайды

Сумен жабдықтау: «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылға сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға жергiлiктi атқарушы органымен шамамен — 2 млрд. теңге бөлiндi. Ү.ж. 1 мамырдағы жағдай бойынша 127 млн. теңге игерiлдi.

Қосымша Петропавл қ. су бұру жүйесiн реконструкциялауға 2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 0,68 млрд. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк қорғау. 2017 жылғы қаңтар-сәуiрге өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 2115 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 3 пайызға кем. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,7 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,1 пайызға артық.

2017 жылғы 1 мамырға 3058 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 6612 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 1713 адам жiберiлдi.

2017 жылғы 1 мамырға 323 аз қамтылған отбасыға 20,1 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 32,7 млн.теңге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 1306 өтiнiш берушiлерге (3291 балаға) белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 77 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 66-мемлекеттiк, 11- жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 465 шағын-орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2016-2017 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 518 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2017 жылы 48,6 млрд. теңге бөлiндi. 2017 жылғы 1 мамыр жоспарындағы 15,2 млрд.теңгеден игерiлу 15,1 млрд. теңгенi немесе 99,7% құрады.Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 2622 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 194,5 млн. теңгеден игерiлу 173,5 млн. теңгенi немесе 89,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 мамырға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3686 төсек орынға арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3661 төсек орынға арналған 24 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 120 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 59 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 56 заңды тұлға. Бұдан басқа, 51 ФАП, 446 медициналық пункт бар.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 660,2 млн теңгенi құрады, 2017 жылғы 1 мамырдағы жоспарындағы 5 млрд. 125,3 млн теңгеден 4 млрд. 981,7 млн. теңге немесе есептi кезеңге жоспардан 97,2% игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 593,8 млн. теңге (ЖБ — 593,8 млн. теңге) құрады, есептi кезеңге жоспары 47,6 млн. теңге, игерiлген 47 млн. теңге,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 718,6 млн. теңге (РБ — 515 млн.теңге, ЖБ — 1 млрд. 203,6 млн. теңге), есептi кезеңге жоспары 62,6 млн. теңге (ЖБ — 62,6 млн. теңге), игерiлген 62,6 млн. теңге (ЖБ — 62,6 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-наурыз 2017 ж. 2016 ж. %
2016жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 24,2 24,4 100,5
Сүт мың тонна 504,1 525,6 108,3 112,4 103,8
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 584,7 160,3 177,0 110,4

Сыртқы сауда айналымы. 2017 жылғы қаңтар-наурыз сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 35,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге 27,1% құрады. Соның iшiнде тауарларды экспорттау — 20,1 млн. АҚШ доллары (37,8%-ға қысқарды), импорт — 14,9 млн. АҚШ доллары (5,1%-ға қысқарды).

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 41,9%-ы), Тәжiкстан (11,5%), Қытай (11,0%), Өзбекстан (7,8%), Бельгия (5,1%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,0%-ы немесе 19,9 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,5 пайыз немесе 0,1 млн.АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (барлық импорт көлемiнiң 52,3%-ы,) Сербия (7,3%), АҚШ (6,0%), Польша (5,7%), Германия (5,6%), Украина (4,2%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 64,4%-ы немесе 9,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (12,1%-ы немесе 1,8 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан бұйымдар» (9,4%-ы немесе 1,4 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 49,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 7,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 42,9 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-сәуiр айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 14:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 17:14
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы