A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2017 жылғы қаңтар айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 15 606 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар деңгейінен 4,9%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (63,7%) 2016 жылғы қаңтарда 9936,3 млн. теңгеге өнім өндірілген.

2017 жылғы қаңтар айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2017 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерінің өндірісі 5960,0 млн. теңгені құрады, заттай түрде сүт — 55,7%, ыстық нан — 2,7%, ірімшік және сүзбе — 70,0%, шұжық өнімдері — 1,0%, кондитер өнімдері — 42,0%.

Құс етін өндіру көлемі сақталған — 150 тн, малға арналған дайын жем-шөп — 13 064 тн.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 31,0%-ын алатын машина жасау саласында 3079,7 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2016 жылғы қаңтар көлемінен 31,1%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 274,5 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минеральдік өнімдер 57,6 млн. теңгеге шығарылды.

2017 жылғы қаңтарда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 4 9902,8 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтарда сумен жабдықтау саласының көлемі 590 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 8004,9 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2015 жылғы қаңтар деңгейіне 98,1%.

Ет өндірісі 9,5 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар деңгейіне 97,1% құрады.

Сүт — 16,0 мың тонна (98,0%),

Жұмыртқа — 40,3 млн. дана (115,5%).

2017 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 347,8 мың бас (100,8%);

с.і. сиыр — 176,8 мың бас (101,3%);

қой мен ешкі — 365,2 мың бас (102,4%);

жылқы — 109,1 мың бас (101,8%);

шошқа — 143,8 мың бас (85,4%);

құс — 4156,4 мың бас (109,3%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,2% төмен. Азық-түлік тауарлардың бағасы 0,8%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,8%, ақылы қызметтердің бағасы 0,2% қымбаттады.

Кәсіпкерлік. 2017 жылғы 1 ақпанға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 28 707 бірлікті құрады.

2017жылғы қантар ай бойынша тұтыну баға индексі %-те

Негізгі капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 8 754,8 млн. теңгені немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 128,6 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 67,7%), банк кредиттері (29,3%), бюджеттік қаражат (2,2%) және басқа қарыз қаражат (0,8 %) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар өнер, ойын-сауық және демалыс (3456,1 есе), құрылыс (17,7 есе), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (11,5 есе), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (3,9 есе), қаржылық және сақтандыру қызметі (3,4 есе), жылжымайтын мүлікпен операциялар (192,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (158,4%), ақпарат және байланыс (102,3%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар айында облыс аумағында жалпы ауданы 3 004 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 63,7% құрайды

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылға сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 0,9 млрд. теңге көзделген. Қаржыландыру үстіміздегі жылғы сәуірден көзделген.

Бұдан басқа, Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйесін реконструкциялауға 2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 0,68 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау. 2017 жылғы қаңтарға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 1390 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,4 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейге сәйкес келеді.

2017 жылғы қаңтарға 408 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1190 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 653 адам жіберілді.

2017 жылғы қаңтарға 150 аз қамтылған отбасыға 7 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 8 млн. теңге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 468 өтініш берушілерге (1139 балаға) белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бірлікті құрайды, соның ішінде: 64 — мемлекеттік, 14 — жекеменшік. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешені, 467 шағын-орталық (9 жекеменшік) жұмыс атқарады.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 518 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2017 жылы 47,6 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылғы 1 ақпанға жоспар 3,6 млрд.теңге бола тұра, игерілу 3,5 млрд. теңгені немесе 95,9% құрады.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 1936,8 млн. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 ақпанға облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3728 кереуетке арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3703 төсек орынға арналған 24 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 128 амбулаторлық-емханалық мекеме: 72 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 67 дәрігерлік амбулатория), жеке меншік — 56 заңды тұлға. Бұдан басқа, 49 ФАП, 445 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 706,3 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы 1 ақпанға жоспар 1 млрд.531 млн. теңге бола тұра, 1 млрд. 530,2 млн. теңге немесе 99,9% игерілді, соның ішінде:

денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 493,1 млн. теңге (ЖБ — 493,1 млн. теңге) құрады, есепті кезеңге жоспар көзделмеген,

материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 819,3 млн. теңге (РБ — 515 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 304,3 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 9,8 9,5 97,1
Сүт мың тонна 504,1 525,6 16,3 16,0 98,0
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 576,1 34,9 40,3  115,5

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 187,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 0,1%-ға артық. Бұл ретте, экспорт — 108,9 млн АҚШ долларын (10,7%-ға ұлғаюмен), импорт — 78,7 млн АҚШ долларын (11,7% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 45,0%-ы), Өзбекстан (14,4%-ы), Тәжікстан (9,3%-ы), Бельгия (7,6%-ы), Польша (4,4%-ы) болып табылады.

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,4%-ы немесе 96,7 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикізаты, аң терісі және олардан жасалған өнімдер» (0,2%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: АҚШ (барлық импорт көлемінің 21,0%-ы), Қытай (18,1%-ы), Израиль (14,9%-ы), Украина (7,7%-ы) Германия (6,8%-ы) болып табылды.

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 55,0%-ы немесе 43,3 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (17,2%-ы немесе 13,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,6%-ы немесе 9,1 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (7,0%-ы немесе 5,5 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2016 жылғы қаңтар-қарашадағы Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 274,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 34,7 млн. АҚШ доллары, импорт — 240,1 млн. АҚШ доллары.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар айы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар айы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 15:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 17:34
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы