A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-маусым айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2019 жылғы қаңтар-маусым айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 110775,6 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейiнен 3,6%-ға төмен.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (69,9%), 2019 жылғы қаңтар-маусымда 77412,2 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейiнен 2,3%-ға жоғары.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-маусым айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

2019 жылғы қаңтар-маусымда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 55936,8 млн. теңгенi құрады, заттай түрдегi нан-тоқаш өнiмдерi 3,1%-ға, өсiмдiк және мал өнiмдерi мен тоң май 2,4 есеге, ұн үгу өнiмдерiнiң өнеркәсiбi 37,3%-ға, ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 13,9%-ын алатын машина жасау саласында 10690,3 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусым көлемiнен 40,3%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 2543,4 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минералдiк өнiмдер 2382,4 млн. теңгеге шығарылды.

2019 жылғы қаңтар-маусымда электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2018 жылғы қаңтар-маусымен салыстырғанда 10,5% жоғарлап 27006,3 млн. теңгенi құрады.

2019 жылғы қаңтар-маусымда сумен жабдықтау саласының көлемi 5149,9 млн. теңгенi құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2019 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 66720,9 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейiне 102,2%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 34,9 мың тоннаны немесе 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейiне 103,1% құрады.

Сүт — 255,2 мың тонна (101,4%),

Жұмыртқа — 386,8 млн. дана (104,5%).

2019 ж. 01.07. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 462,6 мың бас (103,1%);

с.i. сиыр — 211,6 мың бас (104,1%);

қой мен ешкi — 576,1 мың бас (103,7%);

жылқы — 162,2 мың бас (106,8%);

шошқа — 208,9 мың бас (119,7%);

құс — 5695,8 мың бас (101,3%).

Кәсiпкерлiк. 2019 жылғы 1 тамыз облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 30888 бiрлiктi құрады немесе 2018 жылғы сәйкес дата деңгейi 8,8% жоғары.

Инфляция. 2019 жылғы қаңтар-маусым айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 2,6% құрады. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 4,8%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 1,8%, ақылы қызметтердiң бағасы 100,5%.

Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-маусым айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2019 жылғы қаңтар-маусымда қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 87 795,7 млн. теңгенi немесе 2018 жылғы ұқсас кезеңге 114,4% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi болып: кәсiпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 70,8%), бюджеттiк қаражат (16,3%), басқа қарыздық қаражат (8,2%) және банк кредиттерi (4,7%) табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (51,2%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (12,2%), өнеркәсiп (11,3%), көлiк және қоймалау (11,1%), ақпарат және байланыс (3,1%) табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы ауданы 67 108 ш. м тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңге 112,4% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы бөлiндi:

  • сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн салу және реконструкциялауға — 2 652,5 млн. теңге (РБ — 2 420,3 млн. теңге, ЖБ — 232,2 млн. теңге). Ағмыдағы жылдың 6 айы бойынша игеру 712,6 млн. теңгенi құрады.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ең маңызды топтары мен жергiлiктi жүйелерiнен ауыз суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауға — 2 477,3 млн. теңге. Игеру 1 281,9 млн. теңгенi (күнтiзбелiк жоспардан 100%) құрады.

2019 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтiк қорғау. 2019 жылғы қантар-мамырға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 4750 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 9,8 пайызға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,2 пайызға артық.

2019 жылғы 1 шiлдеге 7567 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 14928 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 2173 адам жiберiлдi.

2019 жылғы 1 шiлдеге 18644 азаматқа 2376,2 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 73 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 61 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 416 шағын-орталық (8 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2018-2019 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 485 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2019 жылы 65,1 млрд. теңге бөлiндi, 2019 жылғы 1 шiлдеге жағдайында жоспардағы 33 млрд. теңгеден игерiлу 32,8 млрд. теңгенi немесе 99,4% құрады.

Соның iшiнде бiлiм беру объектiлерiн салуға 2907,8 млн. теңге көзделдi (РБ — 2466,3 млн. теңге, ЖБ — 441,5 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 6735,7 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 1831,3 млн. теңгеден игерiлу 1712,1 млн. теңгенi немесе 93,5% құрады.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 шiлдеге облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3414 төсек орынға арналған 23 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3389 төсек орынға арналған 22 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 132 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 64 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 46 ФАП, 429 медициналық пункт бар.

«Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық 5 млрд. 749,5 млн. теңгенi құрады. 2019 жылғы 1 шiлдедегi жоспарындағы 1213,1 млн. теңгеден 1184,3 млн. теңге немесе 97,6 %, игерiлдi, соның iшiнде:

  • денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 739,7 млн. теңге (РБ — 60,6 млн. теңге, ЖБ — 679,1 млн. теңге) құрады, есептi кезең жоспары 174,7 млн. теңге құрады, игерiлген 174,7 млн. теңге,
  • материалды-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 3 млрд. 119,9 млн. теңге (РБ — 2 млрд. 079,2 млн. теңге ЖБ — 1 млрд. 040,7 млн. теңге), есептi кезең жоспары 222,4 млн. теңге құрады, игерiлген 222,4 млн. теңге,
  • денсаулық сақтау объектiлерiн салуға жылдық жоспар 136,4 млн. теңге (ЖБ — 136,4 млн. теңге), есептi кезең жоспары 80,9 млн. теңге құрады, игерiлген 80,8 млн. теңге.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2017 жыл 2018 жыл Қаңтар-маусым 2019 ж. 2018 ж. %
2018 жыл 2019 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 92,0 93,9 33,9 34,9 103,1
Сүт мың тонна 546,1 555,0 251,6 255,2 101,4
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 695,7 809,4 370,1 386,8 104,5

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 112,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңге 117,0% құрады. Бұл ретте, тауарларды экспорттау — 77,3 млн АҚШ долларын (118,6%), импорт — 35,2 млн АҚШ долларын (113,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 42,0 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 17,7%), Қытай (15,1%), Иран (12,0%), Бельгия (11,9%), Өзбекстан (11,2%), Польша (8,3%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 98,8%-ы немесе 76,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (импорттың барлық көлемiнен 18,9%), Германия (14,3%), АҚШ (12,2%), Украйна (10,4%), Канада (8,7%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 62,7%-ы немесе 22,1 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (13,3%-ы немесе 4,7 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (11,4%-ы немесе 4,0 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-целлюлоза бұйымдары» (6,8%-ы немесе 2,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (2,2%-ы немесе 0,8 млн. АҚШ доллары).

Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-маусым айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырда Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемi 124,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 16,9% кем, соның iшiнде импорт — 107,0 млн. АҚШ доллары (14,7 % кем), экспорт — 17,7 млн. АҚШ доллары (27,8% кем).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-маусым бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстiк Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-маусым айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2019 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2019 20:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2019 14:46
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қаңтар 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы