A- A A+
Солтүстік Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2017 жылғы қаңтар-шілде айының нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 122427,8 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 5,2%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (68,4%), 2017 жылғы қаңтар-шілде 83726,1 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 4,7%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-шілде айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы

2017 жылғы қаңтар-шілдесінде тамақ өнімдерінің өндірісі 50672,3 млн. теңгені құрады, заттай түрде ет және ішек-қарын өнімдерінің өндірісі артты — 12,8%, өңделген сүт — 24,1%, сары май — 4,6%, ұн — 4,6%, ірімшік және сүзбе — 18,3%, кондитер өнімдері — 10,7%, макарондар — 2,3%, малға арналған дайын жем-шөп — 15,4%.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 27,3%-ын алатын машина жасау саласында 22861,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде көлемінен 2,3 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 2571,7 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 19,9%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-шілде электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемі 2016 жылғы қаңтар-шілде айымен салыстырғанда 5,8% жоғарлап, 32982,1 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар-шілде сумен жабдықтау саласының көлемі 4871,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 7,3% жоғары.

2017 жылы Кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында 151 жаңа жұмыс орын құрумен құны 6,6 млрд.тенге сомаға 8 жобаны енгізу жоспарлануда.

Одан 46 млн. теңгеге 1 жоба енгізілді, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-шілдесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 81217,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 101,9%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 44,4 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 102,0% құрады.

Сүт — 322,7 мың тонна (103,4%),

Жұмыртқа — 394,6 млн. дана (112,0%).

2017ж. 01.08. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ — 401,4 мың бас (102,5%);

с.і. сиыр — 190,5 мың бас (103,6%);

қой мен ешкі — 441,6 мың бас (101,7%);

жылқы — 127,8 мың бас (102,9%);

шошқа — 174,3 мың бас (95,2%);

құс — 5142,9 мың бас (106,8%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-шілде айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 5,1% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 1,3% жоғары. Азық-түлік тауарлардың бағасы 5,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 3,2%, ақылы қызметтердің бағасы 6,7% қымбаттады.

Кәсіпкерлік. 2017 жылғы 1 тамызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 28 397 бірлікті құрады немесе 2016 жылғы сәйкес дата деңгейі 5,5% жоғары.

2017 жылғы қантар-шілде айлары бойынша тұтыну баға индексі %-те

Негізгі капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-шілде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 78 041,7 млн. теңгені немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 108,1 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 60%), банк кредиттері (18,3%), бюджеттік қаражат (15,5%) және басқа қарыз қаражат (6,2 %) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (41,5%), өнеркәсіп (18,8%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (14,3%) келеді. Жылжымайтын мүлікпен операцияларға (10,1%).

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-шілде айында облыс аумағында жалпы ауданы 58 966 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 132,1% құрайды

Сумен жабдықтау: «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында бөлінгені:

  • АЕМ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ЖСҚ әзірлеуге — 2 017,8 млн. теңге (РБ — 1 690,7 млн. теңге, ЖБ — 327,1 млн. теңге). Ү.ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша 739,4 млн. теңге игерілді;
  • «Петропавл қ. тазарту кәріз имараттарының қолда бар технологиялық сызбаларын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңі» жобасы бойынша — 50 млн. теңге. Ү.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша 48,6 млн. теңге игерілді;
  • сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топты және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен су беру қызметінің құнын субсидиялауға — 2 232,4 млн. теңге. Ү.ж. 7 айдағы жоспар 1 273,4 млн. теңгені құрады, игеру күнтізбелік жоспардан 100%.

Әлеуметтік қорғау. 2017 жылғы қаңтар-шілдеге өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 2767 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4 пайызға артық.

2017 жылғы 1 тамызға 9182 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 16882 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2845 адам жіберілді.

2017 жылғы 1 тамызға 1295 азаматқа 32,1 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 50,2 млн. теңге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 1,5 мың отбасына (3,8 мың балаға) белгіленді.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 77 бірлікті құрайды, соның ішінде: 66 — мемлекеттік, 11 — жекеменшік. Бұдан басқа, 1 «Мектеп — бала бақша» кешені, 463 шағын-орталық (8 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2016-2017 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 518 бірлікті құрайды.

Білім жүйесін дамытуға 2017 жылы 47,4 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылғы 1 тамыз жоспарындағы 29,5 млрд. теңгеден игерілу 29,4 млрд. теңгені немесе 99,7% құрады.

Білім объектілерінің күрделі шығыстарына 1946,8 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 838,6 млн. теңгеден игерілу 810,2 млн. теңгені немесе 96,6% құрады

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 тамызға облыстың денсаулық сақтау жүйесі 3576 төсек орынға арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 3551 төсек орынға арналған 24 мемлекеттік, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 120  амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттік (соның ішінде 3 өзіндік емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншік — 56 заңды тұлға, 59 дәрігерлік амбулатория. Бұдан басқа, 51 ФАП, 446 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 729,5 млн. теңгені құрады. 2017 жылғы 1 тамыз жоспарындағы 7 млрд. 787,2 млн. теңгеден 7 млрд. 587,4 млн. теңге немесе 97,4% игерілді, соның ішінде:

денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар — 618,8 млн. теңге (ЖБ — 618,8 млн. теңге) құрады, есепті кезең жоспарындағы 316,6 млн. теңгеден 316,6 млн. теңге игерілген.

материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 718,6 млн. теңге (РБ — 515 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 203,6 млн. теңге), есепті кезең жоспарындағы 782,7 млн. теңгеден (РБ — 154,5 млн. теңге, ЖБ — 524,3 млн. теңге) 782,7 млн. теңге игерілген (ЖБ — 782,7 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-шілде 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 43,5 44,4 102,0
Сүт мың тонна 504,1 525,6 312,0 322,7 103,4
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 584,7 352,3 394,6 112,0

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2017 жылғы қаңтар-маусымда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 95,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 1% кем. Бұл ретте, экспорт — 54,1 млн АҚШ долларын (7,5% қысқарумен), импорт — 41,8 млн АҚШ долларын (8,9% ұлғаюмен) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 12,3 млн. АҚШ долларына оң қалыптасты

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемінің 36,2%), Өзбекстан (15,4%), Қытай (11,0%), Тәжікстан (10,9%), Латвия (8,1%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (барлық экспорт көлемінің 99,3%-ы немесе 53,7 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,5 пайыз немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (барлық импорт көлемінің 38,3%), Германия (8,2%), АҚШ (5,4%), Украйна (5,4%), Польша (5,3%), Канада (4,2%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынды келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 45,9%-ы немесе 19,2 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (25,6%-ы немесе 11,1 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (12,4%-ы немесе 5,2 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (5,6%-ы немесе 2,3 млн. АҚШ доллары). 

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 152,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 1,5 есе артық. Бұл ретте, экспорт — 18,2 млн. АҚШ доллары (30,9% ұлғайды), импорт — 134,0 млн. АҚШ доллары (1,6 есе ұлғайды).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2017 15:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2017 16:05
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы