A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Көлiк және байланыс
  • Автомобиль көлігі

    Автомобиль көлігі2017 жылғы қаңтар-наурызда жүк тасымалдау көлемi 11170,4 мың тоннаны немесе 2016 жылдың қаңтар-наурызына 98,7% құрады. Тасымалданған жүк айналымы 736,8 млн. ткм немесе 102,3% құрады.

    2017 жылғы қаңтар-наурызда жолаушылар көлiгiмен 118095 мың адам немесе 2016 жылдың қаңтар-наурызына 100,5% тасымалданды. Жолаушылар айналымы (бағалау есебiмен) 846,4 млн. жкм немесе 100% құрады.

    Тұрғындарды жолаушылар тасымалымен қанағаттандыру үшiн облыста 220 автобус бағыты жұмыс iстейдi, соның iшiнде: қалалық — 25, қала маңындағы — 12, қалааралық облысiшiлiк — 86, халықаралық — 7, облысаралық — 27, ауданiшiлiк — 61, кентiшiлiк — 16.

    Тұрақты жолаушылар автобустық қатынасымен 676 ауылдық елдi мекеннiң 630-ы қамтылған, қамтылуы 93,6%-ды құрайды.

    2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет көрсету үшiн 17 автостанция және 1 автовокзал жұмыс iстейдi.

    Қалалардың ресми такси тасымалымен қамтамасыз етiлуi — 100%.

  • Теміржол көлігі

    Теміржол көлігі 2017 жылғы қаңтар-наурызда облыста Оңтүстiк Орал темiр жолының Петропавл бөлiмшесi темiржол көлiгiмен 170,6 мың тонна жүк тасымалдады, ол 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 70,7% құрайды. Жүк айналымы 8073,8 млн. тонна км немесе 117,9% құрады. Жолаушыларды тасымалдау көлемi 2017 жылғы қаңтар-наурызда 160,0 мың жолаушыны немесе сәйкес кезеңге 86,5% құрады. Жолаушыайналымы — 41,1 млн. жол-км немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 93,8% құрады.

    2017 жылдың 1 мамырына

    Облыста РФ Қатынас жолдары министрлiгiнiң «Оңтүстiк Орал темiр жолы» ФМУК «Петропавл бөлiмшесi» еншiлес кәсiпорны орналасқан. Ұзақтығы 184,96 км.

    Солтүстiк Қазақстан облысының аумағы арқылы «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ ұзақтығы 615 км темiржолы өтедi.

    «ООТЖ» ФМУК «Петропавл бөлiмшесi» құрылымдық бөлiмшелерi:

    •Локомотив депосы

    •Вагон депосы

    •№ 18 жол қашықтығы

    •Байланыс сигнализациясы дистанциясы

    •Электрмен жабдықтау дистанциясы

    •Азаматтық құрылыстар, сумен қамту және су бөлу дистанциясы

    •№ 175 жол машина станциясы

    •Тиеу-түсiру жұмыстары дистанциясы

    •№ 705 құрылыс-монтаж пойызы

    •Жол бөлiмшесi

    •Петропавл станциясы

    •НОДХ (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмшесi)

    Әлеуметтiк сала нысандары:

    •Мәдениет үйi — тапсырылды

    •2 балабақша — тапсырылды

    •Стадион (Локомотив) — тапсырылды

    •№ 75 мектеп —2005 ж.1.09 тапсырылды.

    •№2 Мектеп-интернат — 2005 ж. 1.09. тапсырылды.

    •Аурухана — 2006 жылғы 1.01. тапсырылды.

    Қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны 5 189 адам.

    Теміржол көлігіТемiржол вокзалы 16 пар пойыз жөнелтедi, жазғы кезеңде — 32 пар, қала маңындағы — 4 пар:

    Халықаралық пойыздар жоқ, оның iшiнде, ҚР қалаларынан — 19 пойыз. Транзиттiк пойыздар: №83 Қарағанды-Москва. №823/824 Петропавл-Омск жүрдек электр пойызы.

  • Әуе көлiгi

    2017 жылғы қаңтар-наурызда 128 ұшақ ұшырылып, 2421 жолаушы тасымалданды.

    Қаржы-экономикалық жағдайы 2017 жылғы 01 қаңтардан 2017 жылғы 31 наурызға дейiн:

    •кiрiс бөлiгi — 9 845 мың теңге

    •шығыс бөлiгi — 33 746 мың теңге,

    •қаржылық нәтиже — залал — 23 901 мың теңге.

    Кредиторлық берешек — 438 452 мың теңгенi құрайды, соның iшiнде:

    •жалақы төлемi бойынша — 19 562 теңге,

    •зейнетақы қорларына аударулар бойынша — 22 939 мың теңге.

    •салықтар бойынша — 53 701 мың теңге, соның iшiнде:

    әлеуметтiк салық — 18 293 мың теңге,

    ЖТС — 14 974 мың теңге,

    мүлiкке салық — 1 470 мың теңге,

    әлеуметтiк аударулар — 13 048 мың теңге,

    көлiкке салық — 1 715 мың теңге,

    басқа да — 4 201 мың теңге.

    •басқа да өнiм берушiлер мен мердiгерлер бойынша — 342 250 мың теңге

    с.i. электр энергиясы — 88 105 мың теңге

    коммуналдық (су, қоқыс) су — 2 993 мың теңге,

    қоқыс — 936 мың теңге.

    Дебиторлық берешек — 4 809 мың теңге.

    Мемлекеттiк қолдаудың арқасында 2016 жылы Петропавл қаласының халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. 2017 жылғы қаңтардан бастап әуежай толық жұмыс iстеуде. Ресей, еуропа және азиа компаниялары жүгiнiң транзитi үшiн географиялық тартымды екенiн ескере отырып, өңiр үшiн оның маңызы ерекше. Бүгiнде «СКАТ» авиакомпаниясы Алматы, Астана қалаларына субсидияланатын авиарейстердi жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап субсидияланатын «Петропавл-Шымкент» авиарейсiн iске қосу жоспарлануда. Жүк транзит тасымалын дамыту бойынша әлеуеттi инвесторлармен жұмыс жүргiзiлуде.

    2017 жылғы 18 мамырдан 2017 жылғы 26 қазанға дейiн

    Петропавл — Астана

    Рейс № Орындалу күндері Ұшуы Келуі Бағасы Типі
    DV-768 Бейсенбі 13-50 14-10 14 300 тг. CRJ-200
    DV-768 Жексенбі 16-50 17-40 14 300 тг. CRJ-200

    Астана — Петропавл

    Рейс №

    Орындалу күндері

    Ұшуы

    Келуі

    Бағасы

    Типі

    DV-767

    Бейсенбі

    12-10

    13-00

    14 300 тг.

    CRJ-200

    DV-767

    Жексенбі

    15-10

    16-00

    14 300 тг.

    CRJ-200

    Петропавл — Алматы

    Рейс №

    Орындалу күндері

    Ұшуы

    Келуі

    Бағасы

    Типі

    DV-738

    Дүйсенбі, сенбі

    21-10

    23-20

    18 500 тг.

    CRJ-200

    Алматы — Петропавл

    Рейс №

    Орындалу күндері

    Ұшуы

    Келуі

    Бағасы

    Типі

    DV-737

    Дүйсенбі, сенбі

    12-05

    14-15

    18 500 тг.

    CRJ-200

    Петропавл — Шымкент 2017 ж. 20 мамырдан 26 қазанға дейін

    Рейс №

    Орындалу күндері

    Ұшуы

    Келуі

    Бағасы

    Типі

    DV-773

    Дүйсенбі, сенбі

    14-50

    17-10

    20 000 тг.

    CRJ-200

    Шымкент — Петропавл

    Рейс №

    Орындалу күндері

    Ұшуы

    Келуі

    Бағасы

    Типі

    DV-774

    Дүйсенбі, сенбі

    17-50

    20-30

    20 000 тг.

    CRJ-200

    (өзгерiстер болуы мүмкiн)

  • Байланыс

    Байланыс

    2017 жылғы 1 сәуiрге мақсатты жұмыстың нәтижесiнде «Қазақтелеком» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы өз қаражаты есебiнен тiркелген телефон желiлерiнiң 3 601 қондырғысын орнатты, соның iшiнде ауылдық жерлерде — 1580, қалалық — 1828. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша барлығы 181 230 негiзгi телефон аппараты орнатылған. Жөнделген сыйымдылық бойынша цифрландыру деңгейi — 100% (Ақпарат тоқсан сайын ұсынылады)

    2016 жылғы 11 айда пошта және курьерлiк қызметi сомасы 465,7 млн.теңгеге, байланыс қызметi — 6740,2 млн.теңгеге көрсетiлдi, ол салыстырмалы бағаларда 3,2 % төмен және 2015 жылғы көлемнен 2,5 % артық.

    2016 жылғы қаңтар-қарашада тiркелген Интернет абоненттерiнiң саны 85,8 мың бiрлiк және есептiк кезеңге қарай 2015 жылмен салыстырғанда 7,4% ұлғайды.

    Жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетiмдiлiктi пайдалана отырып, тiркелген интернет абоненттерiнiң саны 2016 жылғы 11 айда 85,5 мың бiрлiктi құрады (тiркелген интернет абоненттерiнiң жалпы санынан 99,6%).

    2016 жылғы қаңтар-қарашада облыста тiркелген телефон желiлерiнiң саны 177,9 мың бiрлiктi құрады, ол 2015 жылғы есептiк кезеңмен салыстырғанда 6,8% азайды, оның iшiнде тұрғындарда 155,3 мың бiрлiк (6,4% азайды).

    «Қазақтелеком» АҚ филиалы, Облыстық Телекоммуникациялар Дирекциясы Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында байланыс қызметтерiн ұсынады.

    ОТД құрылымында: 15 аудандық телекоммуникация торабы (с.i. Чкалов және Чистополье аудандық телекоммуникация торабы), 8 орталықтан тұратын бас кәсiпорындары:

    •Ақпараттық технологиялар орталығы;

    •Инвестициялар, жобалау және күрделi құрылыс орталығы;

    •Ортақ техникалық қолдау орталығы;

    •Техникалық пайдалану орталығы;

    •Техникалық қызмет көрсету орталығы;

    •Кеңейтiлген сервис орталығы;

    •Сату орталығы;

    •Пайдалану-шаруашылық қамтамасыз ету орталығы.

    Қызметкерлердiң саны 1600 адам.

  • Автомобиль жолдары

    Солтүстiк Қазақстан облысының автомобиль жолдарының желiсi 8998 км құрайды, оның iшiнде 1468 км республикалық маңызы бар, 2487 км облыстық және 5043 км аудандық маңызы бар жол, қара жамылғымен — 4486,2 км, қиыршықтасты жамылғымен — 2627,8 км және топырақты — 1884 км. Ұзақтығы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының автомобиль жолдары Шығыс Қазақстан облысы мен Қостанай облысынан кейiн республика бойынша үшiншi орын алады. Қиыршықтасты-топырақты автожолдар ұзақтығының үлкен үлесi Қостанай облысымен салыстырғанда 1,2 есе, Павлодар облысымен 1,7 есе, Ақмола облысымен 1,3 есе көп.

    Автомобиль жолдары

    2016 жылғы күзгi тескерiстiң қорытындысы бойынша жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының 21% (1581 км) техникалық жақсы жағдайда, 34% (2560 км) қанағаттанарлық жағдайда, 45% (3389 км) қанағаттанарлықсыз жағдайда екендiгi белгiлi болды.

    Автомобиль жолдары

    Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда ұзақтығы 2181 п.м. 36 көпiр мен жол өткелi, ұзындығы 20947,6 п.м. 1521 су өткiзгiш құбыр, 9045 п/м қауiпсiздiк қоршаулары (арқан және темiрбетон қисық сызықты бiлеу), отыратын алаңдары бар 288 автопавильон, 4485 километрлiк баған, эстакадалары мен қоршаулары бар автокөлiкке арналған 18 демалыс алаңы, 25 темiржол өтпесi (күзетiлетiн және күзетiлмейтiн) орналасқан.

    Көлiк құралдарының қауiпсiз, апатсыз және үздiксiз қозғалысын, қозғалыстың сақталуын, қолданыстағы нормативтiк қажеттiлiкке сәйкес жергiлiктi маңызы бар жолдар желiсiнiң техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшiн 7530 км автожолды ағымдағы жөндеу мен күтiп ұстауға жыл сайын 11 887 млн. теңге қажет.

  • 2017 жылға арналған жоспар

    2016-2020 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi  ақпарат

    2017 жылға облыстық және аудандық автожолдарға 10 650 992 мың теңге сомасында қаражат бөлiнген, соның iшiнде 4 062 129 мың теңгенi республикалық трансферттер, 6 588 863 мың теңгенi — жергiлiктi бюджет құрайды.

    Облыстық жолдарды жөндеуге 9 304 640 мың теңге сомасында қаражат былай бөлiндi:

    КТ-68 «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» автожолының 13,31 км реконструкциялауға — 1 181 270 мың теңге бөлiнген, соның iшiнде: республикалық бюджеттен 1 062 129 мың теңге, жергiлiктi бюджеттен 106 212 мың теңге және ЖСҚ әзiрлеуге жергiлiктi бюджеттен 12 929 мың теңге.

    Күрделi жөндеуге жергiлiктi бюджеттен 500 137 мың теңге бөлiнген, соның iшiнде:

    - КТ-22 «Становое-Новомихайловка-Меңкесер-«Сенжарка-Николаевка» автожолы» автожолын жөндеуге — 130 843 мың теңге (Мамлют ауданы);

    - КСТ-44 «Астраханка-Смирнов-Қиялы-Тайынша-Алексеевка» автожолының 16 км, 54-55 км жөндеуге — 152 052 мың теңге (Аққайын ауданы);

    - КТ-27 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязев» автожолының 82-83 км жөндеуге — 201 395 мың теңге (Тимирязев ауданы);

    - ЖСҚ әзiрлеуге — 15 847 мың теңге.

    Орташа жөндеуге 5 251 629 мың теңге бөлiнген, оның iшiнде республикалық бюджеттен 3 000 000 мың теңге.

    2487 км автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстауға жергiлiктi бюджеттен 2 371 604 мың теңге бөлiнген, оның iшiнде 1 551 205 мың теңге ағымдағы жөндеуге.

    Аудандық жолдарды жөндеуге 1 346 352 мың теңге қаражат былай бөлiнген:

    - облыстық бюджеттен автожолдарды ағымдағы жөндеуге — 1 109 912 мың теңге;

    - 5043 км автожолды ағымдағы жөндеу және күтiп ұстауға аудандық бюджеттерден 236 440 мың теңге бөлiнген.

    Бағыт 4-бағыт. Ифрақұрылымдық кешенді дамыту
    Бағдарламаның мақсаты 20-мақсат: Көлік инфрақұрылымын дамыту
    Нысаналы индикаторлар

    Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %
    Елді мекендерді жолаушылар автокөлік қатынастарымен қамту үлесі, %

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 12:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2017 18:27
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы