A- A A+
Туризм және бос уақыт

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Петропавл — Қазақстанның солтүстік қақпасы» — облыс орталығының көз тартарлық жерлерін, тарихи және мәдени ескерткіштерін автобустық шолу экскурсиясы

«Қаһарлы және ұлы күндер туралы» — Ұлы Отан соғысы оқиғаларына байланысты ескерткіштерді тақырыптық автобустық шолу экскурсиясы

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Храмға баратын жол» — «Қызыл Жар» мешітіне, «Вознесения Господня» православтық шіркеуіне және «Храм божьего Милосердия» католиктік соборына бару тақырыптық автобустық экскурсиясы

 

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Сұлулыққа айналған шежіре» — Тарих және сәулет ескерткіштерін көрумен қаланың орталық Қазақстан Конституцисы көшесі бойынша жаяу экскурсия

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Біздің сенімді достарымыз» «Спортландия» демалыс аймағына бару және ат үстінде қыдыру тақырыптық автобустық экскурсиясы

«Жұлдыздарға жол» М.Қозыбаев атындағы Сотүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің обсерваториясына бару тақырыптық автобустық экскурсиясы

«Көшпенділер» Абылай хан мұражай-үйіне бару тақырыптық автобустық экскурсиясы

«Солтүстік Қазақстанның тропикасы» «Табиғат балалары» ботаникалық бағына бару тақырыптық автобустық экскурсиясы

«Аққан жұлдыз» Ш.Уәлихановтың әжесі «Айғаным» қонысы-мұражайына бару (Сырымбет ауылы) қала сырты автобустық экскурсиясы

«Батырлардың көне жері» Қарасай және, Ағынтай мемориалдық кешеніне бару қала сырты автобустық экскурсиясы

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Солтүстік Есілдің бірегей ландшафтары» Согров заказнигіне бару қала сырты автобустық экскурсиясы

Туристік бағыттар

«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты: 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 10 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт 4 селолық қонақ үйі орналасқан Айыртау селосынан басталады. Шалқар көлінің оңтүстік жағалауы бойымен «Аңшы және балықшы үйі» кемпингіне дейін жетеді. Бағыт қиын, негізінен тасты жағалаумен өтеді. Таулар жоқ жерде құмды жағажайлар орналасқан. Көл жағалаулары қарағай ормандармен жабылған. Бағыттың толық ұзындығы бойында оңтүстік жағаға шоқылар ойысқан, олардың астынан көптеген бұлақтар, ағып жатыр. Кері қайтқан жолда аялдау, ланч-топтамалардан түскі ас, «Ардагер» демалыс аумағында жағажайлық демалыс. Бағыт аяқталған соң қосымша қызмет түрлері ретінде ұлттық мәнерде жабдықталған киіз үйдегі этношоу немесе шұбат сусынын татумен түйеге мініп серуендеу ұсынылады.

«Үшкір шоқы» бағыты

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 13 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты: 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 15 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: топтың құрылу орны — Айыртау селосы. Одан әрі орман арасындағы соқпақ және автожолмен сарқырамаға дейін және «Үшкір соқыға» (биіктігі 250 м.). Қарау алаңы биіктігінен Имантау, Лобаново, Байсары, Чебачки көлдері, Шалқар көлінің бір бөлігі және жақын маңдағы селолар көрінеді. Одан әрі бағыт қазық ормандары арқылы кері бағытта жүреді. «Тұрпан» демалыс аумағы маңында аялдау орны. Ланч-топтамалардан түскі ас, жағажайлық демалыс. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Екі, ағайынды» шоқысы» бағыты

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 6,5 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты: 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 15 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Айыртау селосынан сирек қарағай орманымен оңтүстік бағытта село сыртындағы жолмен басталады. Одан әрі жол үш шақырым ұзындығында қайыңды орман арқылы «Айыртаушық» көліне және «Екі, ағайынды» шоқысына апарады. Шоқының биіктігі 300 метрді құрайды. Жоғары өрмелеу ерекше назар мен дағдыны талап етеді. Шоқы төбесінде қарау алаңы бар, одан «Имантау» және «Зеренді» демалыс аумағы көлдері мен шоқыларының көрінісі ашылады. Кері қайтқан жолда «Ардагер» демалыс аумағы жанында аялдау, жағажайлық демалыс. Ланч-топтамалардан түскі ас. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Ботай археологиялық мекені» бағыты

Саяхат түрі: автобустық-жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 45 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты: жыл бойына.

Топ саны: 30 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстік автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесінен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады.

Жол бойында қоршаған ортаға антропогендік ықпал дерегі ретінде Саумалкөл көлін көру. Қазіргі мезетте осы көл барлық параметрлері бойынша өлі. Адам қызметінің нәтижесінде онда балық, судың басқа да мекендеушілері жоқ, суды ұнататын өсімдік түрлері өспейді. Ескерткішке жеткен соң — қазбаларды көрумен жаяу серуен.

Ботай қазбалары (ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған) — неолит дәуірінің ескерткіші (б.э.д. -4-3 мыңжылдықтың соңы), алаңы 20 га.

Ботай мекені 1980 жылы ашылған және 23 жыл бойында зерттеліп келеді. Мәдени мұраны насихаттау және туристік бағытты ұйымдастыру мақсатымен мекен жанында ботай типтік тұрғын үйдің екі макеті жасалған, бүгінгі күні олар жабылған. Ескерткіштердің ғылыми құндылығы зерттеулердің Еуразия далаларында коммуникация, салт жүріс және доңғалақтық көлікпен жүрудің принципиалды жаңа жүйесі — шаруашылықтың өндірістік құралдары пайда болуын көрсететіндігінде жатыр.

«Ақ Ирий қалашығы» бағыты

Саяхат түрі: автобустық-жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 60 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты: маусым, шілде

Топ саны: 30 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Долматов ауылынан басталады, онда автобуспен баруға болады. Бағыт бойынша одан ары Есіл жазығы мен Батыс-Сібір ойпатының түйісінде орналасқан «Ақ Ирий» қола дәуірінің археологиялық қазбаларына. Жорамал бойынша қалашық мәдени-шаруашылық және қорғаныс мақсаттары үшін салынған. Археологтардың нұсқасы бойынша бекініс ғимараттары зороастриялық діни-сенімдерді ұстанып, отқа табынған дала сақтарына тиесілі болған. Бағытты өткізу кезінде бағытттың қатысушылары оқиғалық сипаттағы шоу бағдарламаға қатысады.

 

Мұражайлық экскурсиялар

 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы (Петропавл қ.) Бейнелеу өнері мұражайы (Петропавл қ.)
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 
«Айғаным мұражай-үй-жайы» Ш. Уәлиханов мұражайы (Сырымбет поселкесі) И. Шуховтың мемориалдық мұражайы (Преснов селосы)
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 
С. Мұқановтың мемориалдық мұражайы (Сәбит селосы) Ғ. Мүсіреповтың мемориалдық мұражайы (Жаңажол селосы)
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 
«Қожаберген – Жырау» мемориалы (Гүлтөбе поселкесі) Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені (Саумалкөл селосы)
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 
«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені (Петропавл қ.)  
Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы
 

 

ДЕМАЛЫС АУМАҚТАРЫ

Имантау демалыс аумағы солтүстіктен оңтүстікке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи алқапты білдіреді. Су қоймалары және шын мәнінде өңірде ең сұлу көлдің бірі болып саналатын Имантау көлімен тау-ормандық алқап оның негізін құрайды.

Көл суы тұщы. Көлге оңтүстік және шығыс жақтан Змейка және Осиповка шағын өзендері келіп құяды. Оған Байсары және Исбачка көлдерінің де сулары ағады. Көл ортасында жүрек тәріздес көркем, орманмен жабылған шағын арал бар. Көлдің түбі тегіс. Жағалары оңтүстік және солтүстік жағында құмды, оңтүстік -батыс және шығыста – жартасты.

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

Ормандар көлдермен үйлесе ерекше микроклимат құрайды. Осында бұғылар, еліктер, борсықтар, түлкілер, тиіндер, құрлар, кекіліктер және жануарлардың басқа да түрлері мекен етеді.

«Котелок» және «Обозрение» шоқылары, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы – осы табиғат ескерткіштері қайталанбас сұлулығымен өздеріне жергілікті тұрғындар мен демалушыларды тартады.

Имантау көлінің жағалары – «жабайы туристер» демалысының сүйікті орны. Жазда мұнда түрлі-түсті шатырлардан толған қалашықтар пайда болады. Көлге қол жетімділік оңай, жолдардың көлік торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрі қарай Есіл, Торғай, Володар селоларымен, Қостанай, Челябі, Көкшетау, Омбы, Түмен, Новосібір қалаларымен байланыстырады.

Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының Арықбалық өңірлік бөлімшесі қарамағына жатады. «Экос» қорының экотуризм жөніндегі халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергілікті тұрғындармен шетел туристерін қабылдау үшін 12-15 адамдық топқа үш селолық қонақ үйі дайындалған, тарих және табиғат ескерткіштеріне туристік бағыттар әзірленген.

 

Шалқар рекреациялық демалыс аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Су бетінің алқабы 3241 га құрайтын Шалқар көлі аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрізді. Көлдің оңтүстік бөлігінде емдік балшық бар. Суы тұзды, таза, тереңдігі он метрге дейін жетеді, құрамы жөнінде Қара теңіз суына сәйкес келеді, тері ауруларын емдеу үшін емдік қасиеті бар. Жағажай аумақтары құмды, кей жерде тасты. «Тілек тауы» табиғаттың көркем ескерткіші болып табылады.

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

Шалқар көлі жанында көптеген аңыздармен шырмалған Айыртаушық және Глухое – шағын екі көл жайылған. Балық аулауды ұнатушылардың жыл бойына алабұға, ақтаутан, тұқы және тағы басқаларын аулауға мүмкіндіктері бар. Көлдер биіктігі 500 метр «Два брата» тауымен бөлінген. Шатқалдары қылқан орманмен жабылған, шыңдарында жартас гранит тектерінің шығулары бар.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы

«Имантау шоқылары» бағыты «Буян шатқалы» бағыты
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 10 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт селолық қонақ үйлерде туристер тұрып жатқан Имантау селосынан басталады. Бағыт оңтүстік-батыс бағытында «Боровушка» демалыс аумағы арқылы аралас орман арқылы өтеді. Сосын «Угловая» шоқысының шығыс беткейімен көтерілу, соқпақ ағаш өткелі арқылы «Ракельский» үңгіріне жетеді. Осында қарау алаңы жабдықталған. Одан әрі оңтүстік беткеймен «Котелок» шоқысының төбесіне көтерілу, онда да қарау алаңы жабдықталған. Сосын батыс беткейімен аз уақытты демалысымен «Буян» шатқалына түсу. Одан әрі Имантау көлінің бойымен солтүстік-шығыс бағытта жүріп отырып, Имантау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 10 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 10 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт оңтүстік бағытта Имантау көлін бойлай отырып, аралас орман ішімен Змейка шағын өзені арқылы «Боровушка» бұлағының жанындағы аз уақытты демалысымен өтеді. Сосын көтерілулер мен түсулер қатары (биіктік 400 м-ден 660 м-ге дейін). Тұрақ орындарынан «Казачий» аралы, «Имантау» көлінің су айдыны жақсы қаралады. «Буян» шатқалына жетісімен ланч-топтамалардан түскі ас, жағажайлық демалыс, балық аулау. Имантау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Казачий аралы» бағыты «Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты
 Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы Экскурсиялық бағдарламалар тақырыбы 

Саяхат түрі: су (катер)

Ұзақтығы: 3 сағат

Бағыттың ұзындығы: 18 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 10 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: «Имантау» демалыс базасында туристер тобы құрылады және катермен оңтүстік  бағытта көл бойымен, «Боровушка» демалыс аумағын айналып өтіп, Имантау көлі жағалауынан 4 шақырым жерде орналасқан «Казачий» аралына аттанады. Арал жүрек тәріздес нысанда, осы жерлерде сирек кездесетін арша талдарымен жабылған, олар биіктік пен көл жағасында өседі және оған бірегей сипат береді. Ал тағы да осы аралда жыландар бар, сол үшін халық аралды Жыланды деп атап кеткен. Аралда жаяу серуен, ланч-топтамалардан түскі ас ұсынылады. Көліктің сол түрімен Боровушка демалыс аумағына барумен (жағажайлық демалыс, балық аулау) қайтып келу.

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 10 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт 4 селолық қонақ үйі орналасқан Айыртау селосынан басталады. Шалқар көлінің оңтүстік жағалауы бойымен «Аңшы және балықшы үйі» кемпингіне дейін жетеді. Бағыт қиын, негізінен тасты жағалаумен өтеді. Таулар жоқ жерде құмды жағажайлар орналасқан. Көл жағалаулары қарағай ормандармен жабылған. Бағыттың толық ұзындығы бойында оңтүстік жағаға шоқылар ойысқан, олардың астынан көптеген бұлақтар ағып жатыр. Кері қайтқан жолда аялдау, ланч-топтамалардан түскі ас, «Ардагер» демалыс аумағында жағажайлық демалыс. Бағыт аяқталған соң қосымша қызмет түрлері ретінде ұлттық мәнерде жабдықталған киіз үйдегі этношоу немесе шұбат сусынын татумен түйеге мініп серуендеу ұсынылады.

«Два брата» шоқысы» бағыты «Үшкір соқы» бағыты
 «Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты «Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты 

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 6,5 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 15 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Айыртау селосынан сирек қарағай орманымен оңтүстік бағытта село сыртындағы жолмен басталады. Одан әрі жол үш шақырым ұзындығында қайыңды орман арқылы «Айыртаушық» көліне және «Два брата» шоқысына апарады. Шоқының биіктігі 300 метрді құрайды. Жоғары өрмелеу ерекше назар мен дағдыны талап етеді. Шоқы төбесінде қарау алаңы бар, одан «Имантау» және «Зеренді» демалыс аумағы көлдері мен шоқыларының көрінісі ашылады. Кері қайтқан жолда «Ардагер» демалыс аумағы жанында аялдау, жағажайлық демалыс. Ланч-топтамалардан түскі ас. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

Саяхат түрі: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 13 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Топ саны: 15 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: топтың құрылу орны – Айыртау селосы. Одан әрі орман арасындағы соқпақ және автожолмен сарқырамаға дейін және «Үшкір соқыға» (биіктігі 250 м.). Қарау алаңы биіктігінен Имантау, Лобаново, Байсары, Чебачки көлдері, Шалқар көлінің бір бөлігі және жақын маңдағы селолар көрінеді. Одан әрі бағыт қазық ормандары арқылы кері бағытта жүреді. «Тұрпан» демалыс аумағы маңында аялдау орны. Ланч-топтамалардан түскі ас, жағажайлық демалыс. Айыртау селосындағы тұрғылықты орындарға қайтып келу.

«Аққан жұлдыз» бағыты (Шоқан Уәлихановтың әжесі – «Айғанымның мұражай-үй-жайына саяхат) «Ботай археологиялық мекені» бағыты 
 «Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты «Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты 

Саяхат түрі: автобустық-жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 25 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

жыл бойына.

Топ саны: 30 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстік автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесінен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады. Автобуспен туристер Ш.Уәлиханов әжесінің үйі –«Айғаным қонысына» кетеді, ол Саумалкөл селосының солтүстігінде 25 шақырым және Сырымбет селосының шығысында 15 шақырым жерде, онда Ш.Уәлихановтың тарихи-этнография-лық мұражайы орналасқан. Үй-жай 6 ғимараттан тұрады. Үлкен үй басты болып саналады, онда Ш.Уәлихановтың әжесі Айғаным тұрған. Үй интерьері бәз баяғы қалпында сақталған, жанында мешіт және басқа да шаруашылық құрылыстары орналасқан. Барлығының тарихи құндылығы бар. Сырымбет селосы аумағында  Ш.Уәлихановтың мұражайы бар, онда Ш.Уәлиханов туралы мұражайлық материалдардың негізгі бөлігі орналасқан. Мұражай - ағаштан жасалған бір қабатты ескі құрылыс ғимараты.

Саяхат түрі: автобустық-жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 45 шақырым.

Бағыттың жұмыс уақыты:

жыл бойына.

Топ саны: 30 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстік автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесінен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады.

Жол бойында қоршаған ортаға антропогендік ықпал дерегі ретінде Саумалкөл көлін көру. Қазіргі мезетте осы көл барлық параметрлері бойынша өлі. Адам қызметінің нәтижесінде онда балық, судың басқа да мекендеушілері жоқ, суды ұнататын өсімдік түрлері өспейді. Ескерткішке жеткен соң – қазбаларды көрумен жаяу серуен.

Ботай қазбалары (ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған) - неолит дәуірінің ескерткіші (б.э.д. -4-3 мыңжылдықтың соңы), алаңы 20 га.

Ботай мекені 1980 жылы ашылған және 23 жыл бойында зерттеліп келеді. Мәдени мұраны насихаттау және туристік бағытты ұйымдастыру мақсатымен мекен жанында ботай типтік тұрғын үйдің екі макеті жасалған, бүгінгі күні олар жабылған. Ескерткіштердің ғылыми құндылығы зерттеулердің  Еуразия далаларында коммуникация, салт жүріс және доңғалақтық көлікпен жүрудің принципиалды жаңа жүйесі - шаруашылықтың өндірістік құралдары пайда болуын көрсететіндігінде жатыр.

«Көне батырлар жері» бағыты (Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне саяхат)

«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты

Саяхат түрі: автобустық-жаяу. Ұзақтығы: 1 күн. Бағыттың ұзындығы: 20 шақырым. Бағыттың жұмыс уақыты: жыл бойына. Топ саны: 30 адамға дейін.

Бағыттың сипаттамасы: бағыт Петропавл қаласынан рейстік автобустармен жетуге болатын Саумалкөл посёлкесінен, Айыртау және Имантау селоларынан басталады.

Осы бағытта аса тарихи құндылығы бар Қарасай және Ағынтай батырлар кесенесімен танысуға болады. Бағыт Мәдениет селосына қарай Саумалкөл селосының оңтүстігімен өтеді, оның шығысында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Абылай ханның көмекшілері - Қарасай және Ағынтай батырлар моласының үстінде көтерілген мемориалдық кешен орналасқан.

Екеуі де мемориалдық кешен жанындағы Құлшынбай-төбе шоқысында бір зиратқа жерленген.

Арғын руынан шыққан Ағынтай (Солтүстік Қазақстан) 1599 жылы туған, Алтынай ұлы Қарасай батыр 1598 жылы туған. Ол Шапырашты руынан шыққан (Оңтүстік Қазақстан), Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған арғы атасы. Екі он алты метрлік күмбез (Қарасай және Ағынтай батырлар кесенесі) және он екі метрлік мешіт – кешеннің негізгі ғимараттары. Кесененің сыртында граниттен жасалған тақта орнатылған. Мұнда  Қарасай батырдың екі егіз ұлы жерленген. Күмбезді айнала тағы да жауынгерлердің бірнеше зираттары бар. Бұл зираттар жиектаспен қоршалған және гранит сынықтарымен толтырылған.

Биік төбеден Айыртау даласының дүр сілкіндіретін сұлу көркі ашылады. Бой көтерген кесене Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы, ұйымшылдығының нышаны болып табылады.

ҚОНАҚ ҮЙЛЕР

«Серебряный бор» (Большая Малышка селосы)

«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты

«Серебряный бор» туристік кешені Петропавл қаласынан 30 минуттық жерде, Большая Малышка селосы жанында, Солтүстік Қазақстан облысының көркем жерлерінің бірі - «Серебряный бор» реликтілік қарағай орманында орналасқан. Кешен мыналардан тұрады:

  • екі орындық номерлердің осы заманғы дизайнымен және камин залымен бір қабатты үй;
  • ұлттық нақышта жиналған екі киіз үй.
  • ортасында үлкен пешпен нақышталған орыс избасы.

Кешен аумағында сауна, барбекю, жазғы ас үй, мангалдар, спорт алаңдары бар. Демалысты велосипедтік, шаңғылық және жаяу серуендермен толықтыруға болады.

Айыртау және Имантау селолары

«Айыртаудың бірегей ландшафы» бағыты

 

Атауы Мекен-жай телефон және электрондық мекен-жай
1.  «Kazakhstan Reisen»ЖШС Петропавл қ, Интернациональная к., 62 (87152) 50-20-60, (87152) 39-65-51 e-mail: ataman60@mail.ru
2.  «Салем тур»ЖШС Петропавл қ., Әуезов к., 180 офис Абай к. 69 2-офис (87152) 50-60-27, 50-24-46, 33-97-05 e-mail: Salem_tyr@mail.ru
3.  «Global tur» ЖШС Петропавл қ., Жұмабаев к. 109-306 (87152) 46-14-73, 46-42-42 директор e-mail: globalpetr@list.ru
4.  «Прогресс» ЖШС Петропавл қ., Интернациональная, к.55 (87152) 46-98-44, (87152)46-98-32, 46-11-01 директор e-mail: protur@mail.ru
5.  «Евразия In» ЖШС Петропавл қ., Жамбыл к.174/26 (87152)36-59-08 e-mail: Petrotur@mail.ru
6.  «Турист» ЖШС Петропавл қ., Амангелді к.141 факс (87152)46-64-96 (87152)46-35-56 e-mail: Firma.turist@gmail.com
7. «Lagina Travel» Петропавл қ., Астана к.40 (87152)46-45-45, 36-66-36 факс 33-59-97 e-mail: laginatravelpetr@list.ru
8.  «Сити travel» ЖШС Петропавл қ., Жамбыл к. 190 а факс (87152)50-20-15, (87152)46-02-96. e-mail: city_travel@mail.ru
9.  «Sun travel» ЖШС Петропавл қ., Мүсірепов к., 13А/52 (87152) 52-44-51, 49-97-67 e-mail: Suntravel05@mail.ru
10.  «Веста тур» ЖШС Петропавл қ., Казахстанская правда к., 94-А (87152)46-15-14, 62-51-99 e-mail: vestatourkz@gmail.com
11.  «Sea zone» ЖШС Петропавл қ., Бостандыкская к.13-64 (87152)36-08-05 e-mail: Seazone_kz@mail.ru
12.  «Горящие туры» ЖШС Петропавл қ., Жамбыл к. 167-22 (87152) 50-00-50, 46-47-76, 46-71-10 e-mail: hottourkz@mail.ru
13.  «Азбука отдыха» ЖШС Петропавл қ., Интернациональная к., 35 (87152)36-39-90, 36-52-42 e-mail: azbykasko@gmail.com
14.  «Petrotur» ЖШС Петропавл қ., Жұмабаев к.109/106 e-mail: lee.petrotour@yandex.ru 8(7152)-50-22-55 +7 705 254 54 77 +7 702 727 83 00
15.  «Urpaq-tour» ЖШС Петропавл қ., Қ. Қонституциясы к. 2/1 (87152)50-15-56 e-mail: Urpaq-travel@mail.ru
16.  «Боярд» ЖШС Петропавл қ., Абай к. 40 үй, 8 (7152) 50 40 40, факс 8 (7152) 36 45 73, e-mail: boyard_travel@mail.ru

«Алтын Адам» қонақ үй-ойын сауық кешенi
Петропавл қ., К. Сүтiшев к., 70 Б, тел. +7(7152) 39-86-61

«PARK HAUS» қонақ-үйi
Петропавл қ., Интернациональная к., 59, тел. +7(7152) 500–300, 500–400, 360–434, 46-81-94

«ШАҢЫРАК» қонақ-үйi
Петропавл қ., Шухов к., 30, тел. 8 (7152) 511877

«Ювента»
Петропавл қ., Васильев к., 64, тел. +7(7152) 33 02 33

«ЕЛIМ-АЙ» қонақ-үйi
Петропавл қ., Амангелдi к., 148, тел. +7(7152) 36-28-38

«АСТАНА» қонақ-үйi
Петропавл қ., Астана к., 1, тел. 8 (7152) 463140, 466131

«КОЛОС» қонақ-үйi
Петропавл қ., Интернациональная к., 82

«ҚЫЗЫЛ ЖАР» қонақ-үйi
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 54, тел. 8 (7152) 461184 Ф490243

«ЛИНА» қонақ-үйi
Петропавл қ., Новая к., 1, тел. 8 (7152) 372489

«ПОСТОЯЛЫЙ ДВОР» қонақ-үйi
Петропавл қ., Проселочная к., 2, тел. 8 (7152) 367271

«СКИФЫ» қонақ-үйi
Петропавл қ., Парковая к., 118, тел. 8 (7152) 468807, тел/факс 46-10-65

«Имантау» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Горный п., т/ф +7(71533) 45602

СБТ (2 cелолық қонақжай үйлерi)
Айыртау ауданы, Имантау с., тел. 8(7162) 266460, 87153353071

«Акбар» туристстiк кешен
Айыртау ауданы, Имантау көлi, тел. +7(7272) 999999

«Шалқар-Су» санаториялар
Айыртау ауданы, Айыртау с., Шалқар көл. жағалауы т/ф +7(71533) 24287

«Родники» демалыс үйi
Айыртау ауданы, Шалқар көл. жағалауы, тел. +7(7162) 250608

«Сабина» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Шалқар көлi, тел. +7(7172) 363452

«Турпан» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Айыртау с., Шалқар көл. жағалауы, тел. +7(71533) 46199

«Ардагер» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Шалқар көл. жағалауы, тел. +7 (7162) 269550, 265050

«Арман» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Шалқар көл. жағалауы, тел. +7(7162) 500226, 266550

«Жемчужина» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., Набережная к.,46, тел. +7(71533) 45602

«Улан» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Горный п., тел. +7(71533) 43331

СБТИ (3 cелолық қонақжай үйлерi)
Айыртау ауданы, Айыртау с, тел. +7(7162)266460

«Черная лагуна» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Шалкар көлi, тел. +7(7162) 264285, 324285

«Тихая гавань» демалыс базасы
Aйыртау ауданы, Шалкар көлi, тел. +7(7162) 262494

«Шалқар» демалыс базасы
Айыртау ауданы, Шалкар көлi, тел. +7(7162) 771460

«Солнечный ВИП» демалыс базасы
Айыртау ауданы,. Имантау көлi, тел. +7 701 9069163

«Кызыл Жар» туристiк базасы
Қызылжар ауданы, Есiл көл. жағалауы (Вороний остров), тел. +7(7152) 410743

«Планета» туристiк базасы
Қызылжар ауданы, Вороний остров, тел. +7(7152) 330608

«Волна» туристiк базасы
Қызылжар ауданы, Вороний остров, тел. +7(7152) 342443

«Абакшино» демалыс базасы
Қызылжар ауданы, Вагулино с., тел. +7(7152) 468225, 36 03 97

«Сосновый бор» демалыс базасы
Қызылжар ауданы, Есiл көл. жағалауы (Вороний остров), тел. +7(7152) 468225, 36 03 97

«Березовая роща» демалыс базасы
Қызылжар ауданы, Солнечное п, тел. +7 (7152) 32-42-98, 53-74-07

Қонақжай үй «Серебрянный бор»
Қызылжар ауданы, Большая Малышка с., тел. +7(7152) 361178

«Весна» туристiк базасы
Қызылжар ауданы, Вороний остров, ұялы. тел.: 87015664094

«Парк-отель «Пестрое» демалыс базасы
Қызылжар ауданы, Пестрое көлi, тел. 8 (7152) 46-41-01, 39-88-90, 46-88-07, 46-10-65

«Сосновый бор» демалыс базасы
Есiл ауданы, Корнеевка с, ұялы. тел. 87772633849

Балалар сауықтыру орталықтары

«Қарлығаш» БСО (Айыртау ауданының әкiмдiгi)
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., тел/факс 87153321661

ДОЦ «Демал» БСО («Демал» ЖШС)
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., тел/факс 87153324217

«Чайка» БСО
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., тел. 87153324217

«Заря» БСО
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., тел. 87153324217

«Сокол» БСО
Айыртауский район, Саумалкөл с., тел. 87153324217

«Берёзка» БСО
Петропавл қ., тел. 87152464173

«Юный железнодорожник» БСО (Вороний остров)
Қызылжар ауданы, тел. 87152352225

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

1999 жылғы 16-маусымда Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының театрлық алаңында алдын ала қойылған тұғырға аты аңызға айналған қазақ халқының батырлары Қарасай батыр мен Ағынтай батырға ескерткiш орнатылды.

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы к., 1.

Астрофизикалық обсерватория

Астрофизикалық обсерватория

Бас астрофизикалық обсерватория жабдықтарына 0,77 метр айна диаметрiмен Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескопы кiредi. М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi,Leariving Technologies, фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған. Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн көлемi жағынан республикамыздағы екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторы аспан денесi әр жартышарының 3000-ден астам жұлдызының сапалы түрлi-түстi суретiн алуға мүмкiндiк бередi. Жұлдызды аспанды Ғаламшардың кез-келген нүктесiнде,кез-келген жыл мен тәулiк мезгiлiнде тамашалау мүмкiн.

Орналасқан жерi: Пушкин көшесi, Солтүстiк Қазақтан М. Козыбаев атындағы мемлекеттiк университетi аумағында.

Жұмыс уақыты: 10:00-нан 17:00-ге дейiн.

 «Қызыл-Жар»мүсiлман мешiтi

«Қызыл-Жар»мүсiлман мешiтi

Жаңа мешiт 2005 ж. қала картасында бұрынғы Новомечетная көшесiнде, қазiргi Мир көшесiнде пайда болды. Ғимарат алаңы 1499 шаршы метрдi құрайды. Орталық бөлiгi биiктiгi 28 метр күмбезбен жабылған. Мешiттi екi мұнара әсемдеп тұр. Мешiт iшiнде намаз оқу залы, мәйiт арулау бөлмелерi, кiтапхана, оқу сыныптары, 100 орындық асхана орналасқан.Кең аумақ ою-өрнектi қоршаумен қоршалған.

Орналасқан жерi: Мир және К.Сүтiшев көшелерiнiң қиылысы.

 «Вознесения Господня» православие соборы

«Вознесения Господня» православие соборы

Шiркеу 2005 жылы ертеректе қиратылған кафедралдық Вознесен соборын есте ұстау мақсатында Петропавлдың 19 ықшам ауданында салынған. 6 қоңырау арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Уральск қаласында құйылған,олардың ең үлкенiнiң салмағы 640 кг. Иконостасқа иконалар және шiркеудiң толыққанды литургиялық өмiрi үшiн қажет заттар Мәскеу қ. сатып алынған.

 Облыстық тарихи-өткетану мұражайы
Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

1924 жылдың басында мұражай бiрiншi келушiлерiн қабылдады. Ол кезде ол Караван көшесi бойындағы шағын үйде тұрған. 1968 жылы қазiргi Қазақстан Конституциясы көшесiне орналасты. Қарағанды және Целиноград суреткерлер қорының басшысы A.M. Чудов суретшiлер тобымен өз кезеңiнде көпес Туби Лейбовичу Аркелюге тиесiлi екi қабатты үй-жайын қайта жоспарлау мен қайта құру жүзеге асырылды. Қазiргi таңда кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бiрi болып табылады. Оның қорында 134 мыңдай экспонаттар сақталған. Бұл жерде Солтүстiк Қазақстан облысының табиғатымен, археологтар тапқан заттармен, қоныс аударушылардың тұрмыс элементiмен танысуға, түрлi тарихи эпохаға жататын залды көруге болады.

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы 48

Жұмыс уақыты: 10:00–17:30, демалыс күнi дүйсенбi

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

Қазақ ордасының ханы Абылай (Әбiлмансүр) — қазақ мемлекеттiгi тарихындағы көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi.

Абылай хан өтiнiшi бойынша және патша үкiметiнiң рұқсатымен Св. Петр бекiнiсiне келуi үшiнУсiл өзенi бойының үстiнде Янгистау тауында 1765 жылы ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы кеңiстiк онда тұру үшiн ғана емес, сондай-ақ даулы мәселелердi шешу үшiн арналған. Бұл үйдiң орналасқан жерi туралы түрлi нұсқаулар бар. Болжалды орналасқан, ол бекiнiстен төрт шақырым жерде Есiл өзенi ағыны бойынан жоғары «таудың» астында (төмен жерде деген мағынада), соңында ол қала шетiнде тұрғанын көрсеттi (XIX ғасырдыi екiншi жарты жылдығында). Екiншi жағынан, анық хабар, бекiнiстен он бес шақырым аймақ шегiнде жер телiмдерi Ресей азаматтарына бөлiнбеген. Кейiн аңыз нұсқасы бойынша, қалада жиi болатын өрт кезiнде үй өртенiп кеттi, ал оның орнына тас үй салынды (анығы, Поляков диiрменiнiң ғимараты). Халықтық аңыз мынаны айдаты, патша үкiметi бекiткеннен кейiн, 1821 жылы, Абылай-ханның ұлы — Уали-хан орта жүз, Петропавл форштады үстiнде, оған арналған екi қабатты тас үй салында. Сол кезден берi Петропавл қаласында Орта жүз ханының тас үй қысқы резиденциясы тұрды. Абылай резиденциясы өңiрдегiлер бекiткен сияқты бiрiншi және ұзақ мерзiмге жалғыз таудағы құрылыс болды.

«Абылай хана резиденциясы» мұражай кешенi Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевпен 2008 жылы ашылды. Кешеннiң құрамына кiредi: Абылай хан үйi, Абылай хан кеңсесi, келушiлерге арналған үй, монша.

Орналасқан жерi: Театральный к-сi, 16

Жұмыс уақыты: 10:00–18:00 дейiн, демалыс күнi дүйсенбi

 Бейнелеу өнерi мұражайы

Бейнелеу өнерi мұражайы

Солтүстiк Қазақстан облыстық мұражайы Петропавлда Қазақстанның 1982 жылдан берi мәдени және тарихи ескерткiшi болып табылатын ғимаратта 1989 жылы ашылды. Облыстық тарихи — өлкетану мұражайының сурет өнерi бөлiмi оған база болды.

Мұражайда 5000 мыңға жуық экспонаттар ұсынылған, бұл әйгiлi суретшiлер В.Фаворскийдiң, Г.Нисскийдiң, М.Майофистiң, М.Митурича-Хлебниковтiң, Г.Поплавскойдың. Р.Хачатрянның, Г.Ханджянның, П.Реченскийдiң, В.Антощенко-Оленевтiң, М.Кисамединовтiң, А.Бейсембиновтiң графикалық жұмыстары.

Сурет өнерiнiң бөлiмiнде қазақ шеберлерi И.Стадничуктiң, В.Крыловтың Н.Хлудовтың, А.Исмаиловтың Л.Леонтьевтiң А.Кастеевтiң туындылары, мүсiншiлер Н.Никогосянның, О.Комовтың, С.Балданның, М.Рапопорттың, жұмыстары, сәндiк — қолданбалы өнер топтамасы, балалар шығармасының жұмыстары. 1992 жылы мұражай маңында әдеби бөлiм ашылды, онда 2600-ге жуық экспонаттар-туындылар және жазушылардың қолжазбалары, олардың жеке заттары мен хаттары есептеледi.

Орналасқан жерi: 314 атқыштар дивизиясы к., 83.

Жұмыс уақыты: с 10:00–18:00, демалыс күнi дүйсенбi

 Ботаникалық бақ
Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ

Бақ аумағында 140 бұта, 450 шөп, 20 сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан 57 дәрiлiк және 310 сәндiк гүл түрлерi осы кеңiстiк үшiн экзотикалық болып табылатын тропикалық өсiмдiктердiң мыңнан астам түрi саналатын коллекция жинақталған. Бұл пальма және лимон, шығыс-африкалық туя, жасмин және басқа да экзотикалық өсiмдiктер жайқалып тұрған саябақ өнерiнiң бiрегей кешенi. Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, «Вашингтония» пальмасы АҚШ-тың өсiмдiк нышаны, әлемге танымал саябақтардан әкелiнген сирек кездесетiн даналар құнды жәдiгерлер бағбандар мен гүл өсiрушiлердiң көптеген буындарының еңбегiмен өсiрiлген.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41

Жұмыс уақыты: демалыссыз, 10:00–16:00

 Аквапарк «Нептун»

«Нептун» Аквапаркi

Кешен құрамына «Хамам» түрiк моншасы, орыс моншасы, финдiк саунасы, White Water канада фирмасының жетi су аттракционы, олардан үлкендерге арналған — 4 аттракцион, балаларға — 3, 10 гидромассаждық қондырғы, 4 «джакузи» ваннасы, фитнес клубы, спорттық зал, медициналық бөлмелер кiредi.

Аквапарк сағатына 1000 адамды қабылдайды, оларды 1500 кв.метр су бетi, 20 м биiктiгiмен 4 төбешiк, спорттық бассейнi 25 м, күншуақ, SPA-салоны қарсы алады. Объектiде толық сауықтыру демалысы үшiн барлық жағдайлар жасалған. Келушiлер арнайы жабдықталған залда дене шынықтыру жаттығуларымен айналыса алады. Кiшкентай балалар үшiн бөлек бассейнi тереңдiгi 40 см, төбешiк және басқа аттракциондар жасалған.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41

Жұмыс уақыты: демалыссыз, с 08:00–23:00

 «Абай және Пушкин» Скульптуралық композициясы

«Абай және Пушкин» Скульптуралық композициясы

2006 жылы Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған жылда Петропавлдың басты көшесiнде «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция ұлы ақындар-Абай мен Пушкин мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi.Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, сонымен қатар бiр мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөледi. Ескерткiш авторы К.К.Сатыбалдин, мүсiншiлер С.К. Баймағамбетов және В.В.Затай. Композиция — қоладан, тұғыр күртi гранитiнен жасалған..

Монументтiң көркем жасалуы және оңтайлы орналасуы қала тұрғындары мен қонақтарының жиi баратын танымал орындарының бiрiне айналды.

 «Айғаным» — Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң үй-жай мұражайы

«Айғаным» — Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң үй-жай мұражайы

«Айғаным» үй-жайы — 19 ғасырдың ежелгi сәулетiнiң ескерткiшi, мемориалдық сәулет кешенi болып табылады және ол мемлекеттiң қорғауында. Үй-жайдың құрылу басы 19 ғасырдың жиырмасыншы жылдарына жатады, ол кезде (1822 жылдың күзi) Сырымбет шатқалы орта жүздiң ханы Уәли Абылаевтың жесiрi Айғаным Уәлиеваның, Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң жиi қыстайтын жерi болды.

 Қарасай және Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Қарасай және Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Мемориалдық кешен 1999 жылы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аттары аңызға айналған жауыегерлер- Қарасай мен Ағынтай батырлардың құметiне салынды. 17 ғасырда шапқыншылығына қарсы күресте Есiм ханның әскерлерiмен он сегiз жастағы Қарасай батыр қолбасшылық еттi, Арғын-Ағынтай оның адал досы болды. Айырылмас батырлар 48 жылдың iшiнде 200-ден астам басқыншыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты және 65 жастарында күрестi аяқтады. Қарасай мен Ағынтай батырлары Құлшынбай төбедегi бiр зиратта жерленген.

 «Ботай» мекенi

«Ботай» мекенi

Иман-Бұрлық өзен жағалауында 15 га алаңында энеолит дәуiрiнiң ескерткiшi — Ботай урочище орналасқан. Ботай — Еуразиядағы алғашқы жылқы ұстаушылардың әлемдегi бiрегей мекенi. Аталған мәдениеттiң өмiр сүрген уақыты б.э. дейiнгi V-IV ғасырларда.жүргiзiлген зерттеулердiң тарихи маңызының қорытындысы Қазақстан ғаламшарда жылқыны қолға үйретудiң басты орталықтарының бiрi болып табылады.

Солтүстiк Қазақстан облысының театрлары, кинотеатрлары

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

мекенжайы: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 1

тел. 8(7152) 46-56-56

С. Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театры

С. Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театры

мекенжайы: Петропавл қ, Ж. Жабаев к., 135,

тел. 8(7152) 41-25-32, 41-03-96, 41-34-37

Облыстық қуыршақ театры

Облыстық қуыршақ театры

мекенжайы: Петропавл қ, П. Васильева к., 69,

тел. 8(7152) 46-75-06, 46-32-84

«Қазақстан» кинотеатры

«Қазақстан» кинотеатры

мекенжайы: Петропавл қ, Интернациональная к., 66

тел. 8(7152) 466532

«Новый свет» кинотеатры

«Новый свет» кинотеатры

мекенжайы: Петропавл қ, Казахстанская Правда к., 71

тел. 8(7152) 46-49-49

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2017 11:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2017 15:56
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы