A- A A+
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі заңнамалық актілер

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:

1) өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

2) мемлекеттiк жоспарлау жүйесi қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013–2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi № 750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013–2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:

1) жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;

2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013–2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (DOC 780 Kb)

 

 

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2016 11:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2016 11:02
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы