A- A A+
Облыс әкімінің орынбасарлары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Тасмағанбетов Марат ИманбайұлыТасмағанбетов Марат Иманбайұлы 1971 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын, РФ Президентi жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттiк қызмет академиясын ғалым агроном, экономист, мемлекеттiк және муниципалды кәсiпорындар экономикасы магистрi мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы «Привольное» кеңшарының бригада есепшiсi болып бастады.

1995-2006 жылдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысты;

2006-2019 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның және Петропавл қаласының әкiмi болды;

2019 жылдың 20 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және экономика мәселесi жөнiндегi бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерiмен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

Облыс әкімінің орынбасарлары

Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы

Жандарбек Дәурен ЖандарбекұлыДәурен Жандарбекұлы 1981 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ленин ауылында туған. М.Х.Дулати атындағы Қазақ экономика университетiн, Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясын экономист, заңгер, саясаттану мамандықтары бойынша бiтiрген. Дәурен Жандарбек әлеуметтiк бiлiм магистрi, қазақ , орыс , ағылшын және түрiк тiлдерiн меңгерген

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң Бәсекелестiктi қорғау және дамыту бөлiмiнiң жетекшi маманы болып бастады.

2005 жылдан 2015 жылға дейiн бөлiмнiң жетекшi маманынан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң басшысына дейiнгi жолдан өттi.

2015-2016 жылдары — Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директорының орынбасары қызметiн атқарды.

2016 жылдан Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директоры болып еңбек еттi.

2017 жылғы 04 шiлдеден бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң индустриялық-инновациялық даму, инвестициялар тарту, кәсiпкерлiк және туризм бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Федяев Антон Владимирович

Федяев Антон ВладимировичФедяев Антон Владимирович 1968 жылдың 25 шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қ. туды. Инженер-теплофизик мамандығы бойынша Мәскеу энергетикалық институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы 2-ЖЭО-да турбиналық қондырғы бойынша машинист -қараушысы болып бастады.

1993 жылдан 2008 жылға дейiн турбиналық жабдықтау бойынша қараушы машинист, турбинаның машинисi, турбиналық цехы кезеңiнiң бастығы, станция кезеңiнiң бастығы, станция кезеңiнiң аға бастығы, өндiрiстiк-техникалық бөлiмнiң басшысы және Петропавл-ЖЭО — 2 iске кiрiстiру бойынша бас инженерiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.

2008 жылдан 2016 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қызметiн атқарды.

2016 жылдың 4 сәуiрiнен бастап Солтүстiк-Қазақстан облысы әкiмiнiң құрылыс, көлiк және автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалiмен (2011 ж.) марапатталған.

Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев

Асқар Жоламанұлы СақыпкереевАсқар Жоламанұлы Сақыпкереев 1958 жылы 02 қараша Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданының Марьевка ауылында туды. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын, Қазақстан-Ресей университетiн «ғалым-агроном», «саясаттанушы», «юриспруденция бакалавры» мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Булаев ауданы Қарақоға кеңшарында агроном-тұқым өсiрушi болып бастады.

Әр жылдары Булаев аудандық комитетiнiң және Солтүстiк Қазақстан облыстық комсомол комитетiнiң екiншi, бiрiншi хатшысы, сондай-ақ «Интер» шағын кәсiпорны директорының орынбасары, ғылыми-өндiрiстiк еңбек биржасы директорының орынбасары қызметiн атқарды.

1994-2004 жылдары әртүрлi коммерциялық ұйымдарды басқарды.

2004-2017 жылғы ақпан аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы болып қызмет еттi.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, «Қазақстан тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

Руслан Қанатханұлы Әлiшев

 

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2016 12:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2019 15:27
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы