A- A A+
Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау iсiн дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2018 жылғы 11 айда iске асыру барысы туралы ақпарат

Облыстың денсаулық сақтау жүйесi 23 аурухана ұйымынан, олардың iшiнде 8 облыстық ұйым, 2 қалалық аурухана, 13 ОАА, 64 амбулаториялық-емханалық ұйым, олардың iшiнде 59 дәрiгерлiк амбулаториядан, 3 қалалық емханадан, облыстық балалар стоматологиялық емханасы мен ЖИТС-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi облыстық орталықтан, сонымен қатар 429 медициналық пункт және 48 ФАП-дан, 64 жеке меншiк медицина ұйымдарынан тұратын медициналық ұйымдар желiсiнен құралады.

Мемлекеттiк медициналық ұйымдардың төсек-орын қоры 3 441 орын (2017 ж. — 3 546). Төсек-орындармен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 000 тұрғынға шаққанда 63,5-тен 61,9-ға дейiн 2,5%-ға азайды (ҚР 2016 ж. 12 айда — 48,6).

Облыс халқына медициналық көмектi мемлекеттiк медициналық ұйымдарда 1 438 дәрiгер және 5 126 орта медицина қызметкерi көрсетедi.

2018 жылғы 10 айда бала туу 6 207 сәбидi құрады (2017 — 6 003), туу көрсеткiшi 1 000 адамға шаққанда 13,29-дан 13,16-ға дейiн 1%-ға азайды.

2018 жылғы 10 айда облыс бойынша 5 531 өлiм жағдайы тiркелдi (2017 ж. — 5 632). Жалпы өлiм көрсеткiшi 1 000 адамға шаққанда 12,06-дан 11,93-ке дейiн 1,1% төмендедi (2018 ж. жоспар — 1 000 адамға шаққанда 11,22).

СҚО бойынша қан айналу жүйесiнiң ауруларынан қайтыс болу көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 227,49 құрады (2018 ж. жоспар — 100 мың адамға шаққанда 217,49).

Жарақаттардан, жазатайым оқиғалар мен уланулардан қайтыс болу көрсеткiшi 1,5% азайды және 100 мың адамға шаққанда 105,99 құрады (2018 ж. жоспар — 100 мың адамға шаққанда 108,1).

Сәби өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшi 1 000 тiрi туылғанға шаққанда 12,1 (2018 ж. жоспары — 100 мың адамға шаққанда 8,9).

2018 жылғы 11 айда 1 ана өлiмi тiркелдi, көрсеткiш — 100 000 тiрi туылған нәрестеге шаққанда 16,0, (2017 ж. — 1 жағдай, көрсеткiш — 100 000 тiрi туылған нәрестеге шаққанда 15,5), республикалық көрсеткiш 100 000 тiрi туылған нәрестеге шаққанда 13,1 (2018 ж. жоспар — 0).

Туберкулезбен науқастану көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 59,5-тен 59,4-ке дейiн 0,2% төмендедi (2018 ж. жоспар — 100 мың адамға шаққанда 65,0).

Туберкулезден қайтыс болу көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 3,9-дан 2,9-ға дейiн 25,6% азайды (22-ден 16 жағдайға дейiн). Балалар арасында туберкулезден қайтыс болу тiркелген жоқ.

2018 жылғы 11 айда өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда онкологиялық аурулармен науқастану көрсеткiшi облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда 284,2-ден 299,4-ке дейiн 5,3%-ға төмендедi (1 601-ден 1 669 жағдайға дейiн).

Қатерлi iсiк ауруларынан қайтыс болу 2018 жылғы 10 айда өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 100 000 тұрғынға шаққанда 123,8-ден 121,93-ке дейiн 1,5%-ға азайды (2018 ж. жоспар 100 мың тұрғынға шаққанда 120,87).

Онкологиялық ауруларды ерте (0-I) сатыларда анықтау 33,9% құрады (2018 ж. жоспар — 26,8).

Облыстағы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай аса қауiптi аурулар жоқ болуына және бiрқатар аурулардың азаюына байланысты тұрақты болып отыр. 2018 жылы жiтi вирустық гепатиттермен жалпы науқастану деңгейiнiң 3,17-ден 1,97-ге дейiн 18-ден 17 жағдайға дейiн 1,6 есе азайғаны, сальмонеллезбен 5,28-ден 5,37-ге дейiн 1,7%-ға азайғаны байқалды (жағдайлар бiрдей — 30).

Күл ауруымен науқастану (2017 ж. — 0 жағдай), қызылша ауруымен науқастану (2017 ж. — 0 жағдай), паротит ауруымен науқастану (2017 ж. — 0 жағдай) және қышыма ауруымен науқастану (2017 ж. — 0 жағдай) тiркелген жоқ.

Денсаулық сақтау саласында реформаларды тиiмдi iске асыру, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру аясында «Солтүстiк Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру және цифрландыру» Жол картасы iске асырылуда.

Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлiк техникамен жабдықтау.

Бүгiнгi таңда облыстың барлық деңгейдегi 566 денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерлерiнiң 4406 жұмыс орны бар, олардың 3988 қажеттi компьютерлiк техникамен жабдықталған (бұдан әрi мәтiн бойынша — «КТ»), бұл 90,5% қамтуды құрайды.

Барлық деңгейлердегi медицина ұйымдарын компьютерлiк техникамен 100% жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн 2019-2020 жж. аудандық деңгейден төмен ұйымдарды жабдықтау үшiн 418 бiрлiк компьютерлiк техника сатып алу жоспарланған (2019 жылы 72 бiрлiк КТ сатып алу жоспарланған).

2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қалалық деңгейдегi 16 ұйым, және 13 аудандық деңгейдегi ұйымды Интернет желiсiне кеңiнен қол жетiмдiлiгi 100% құрады.

Облыстың 537 аудандық деңгейден төмен медицина ұйымдарының 176-ы Интернетке қолжеткiзумен қамтамасыз етiлген, бұл 33% көрсеткiштi құрайды.

Бүгiнгi таңда аудандық деңгейден төмен медицина ұйымдарын Интернетпен қамтамасыз етуге қажеттiлiк 360 денсаулық сақтау ұйымын құрайды (оның iшiнде 4 дәрiгерлiк амбулатория, 2 фельшерлiк-акушерлiк пункт және 355 медициналық пункт). Аталған аудандық деңгейден төмен денсаулық сақтау ұйымдарын Интернетпен қамтамасыз ету 2019-2020 жылдарға жоспарланған (2019 жылы 72 ұйымды қосу жоспарланған).

Медициналық ақпараттық жүйелер енгiзiлген және жұмыс iстеуде: «Кешендiк медициналық ақпараттық жүйе», «Жетiсу» медициналық ақпараттық жүйесi, «Надежда 2.0» медициналық ақпараттық жүйесi.

Смартфондар арқылы мобильдiк қосымшалар жұмыс iстейдi:

Үш қалалық емханада тұрғындарға смортфондардан «дәрiгер қабылдауына жазылу», «дәрiгердi үйге шақыру» қызметтерiн алуға мүмкiндiк беретiн «DamuMed» мобильдiк қосымшасының жұмыс қосылды.

«Пациент кабинетi», оның функционалы пациенттерге алыстан дәрiгер қабылдауына жазылуға мүмкiндiк бередi;

«ONCOSCREEN» (Онкоскрин), онкологиялық ауруларды ерте сатыларда қаупi факторларды анықтауға (немесе жоққа шығару) онкоскринингтерден өтуге ынталандыруға арналған;

«АнтиИнсульт» WEB-қосымшасы пациентке инсульт қаупiне өзiн тексеруге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасында жасанды интеллект алгоритмдерiне негiзделген электрокардиограммаларды автоматты түсiндiру жүйесiн енгiзу бойынша облыста алғашқы пилоттық жоба iске асырылуда. Петропавл қаласының «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК және «Явленка орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында iске асырылуда.

Проблемалық мәселе:

2018 ж. 01.12. СҚО-да дәрiгер кадрлардың тапшылығы 235 адамды құрайды, соның iшiнде ауыл бойынша — 76.

Дәрiгер кадрлардың жетiспеушiлiгiн азайту мақсатында жыл сайын Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында бос орындар жәрмеңкелерi өткiзiледi. 2018 жылы облысқа 58 жас маман келдi, олардың iшiнде 27 қалалық және облыстық ұйымдарға, 31 — ауылға.

Облыстық мәслихаттың шешiмiне сәйкес ауылдық жерге жұмыс iстеуге келген дәрiгерлерге 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық бюджеттен ауылдық жерге жұмыс iстеуге келген 40 дәрiгерге 1,5 млн. теңге төлендi.

Дәрiгер кадрларының кетуiнiң негiзгi себебi зейнет жасқа толу, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кету болып табылады.

Шешу жолдары:

Әлеуметтiк пакеттi арттыру: ведомстволық тұрғын үймен, бала-бақшалармен қамтамасыз ету, төленетiн көтерме ақыны көбейту.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын СҚО бойынша орындау туралы 2017 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша талдау ақпарат (ZIP 20 Kb)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын СҚО бойынша орындау туралы 2016 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша талдау ақпарат (ZIP 24 Kb)

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асыру қорытындылары туралы 2015 жылға ақпарат (Zip 16 Kb)

Денсаулық сақтау ұйымдары жөнiндегi мәлiметтер

№ р/р Ұйым атауы Ұйымның мекенжайы Ұйымның басшысы
Аты-жөні телефон (жұмыс)
1 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Брусиловский көшесі, 20
Белоног Юрий Анатольевич 46-46-63
2 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Пушкин көшесі, 23
Завьялов Олег Владимирович 46-43-27
3 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Абай көшесі, 43
Гирицан Дария Шабаевна 46-75-94
4 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық перинаталдық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Казахстанская правда көшесі, 233
Мауытова Жанна Қабиденқызы 42-18-95
5 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық онкологиялық диспансер» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 133
Әбдірімов Ермек Ғаббасұлы 52-55-84
6 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Шухов көшесі, 42
Ахметова Марина Болегенқызы 50-85-60
7 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 130
Кашенцева Светлана Тимофеевна 52-70-13
8 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Васильев көшесі, 123
Әбілев Жеңіс Маратұлы 50-27-23
9 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Юбилейная көшесі, 7а
Тәшетова Әлия Жақсылыққызы 53-76-93
10 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Қ. Сәтпаев көшесі, 3
Бапанова Мәриям Қалуқызы 38-03-40
11 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кардиологиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Васильев көшесі, 123
Мағзұмов Азамат Белгібайұлы 33-45-45
12 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№3 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 102
Әбуғалиев Ержан Бекетұлы 50-07-22
13 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Айыртау ауданы,
Саумалкөл селосы
Молдахметов Саят Ғазизұлы 8(71533) 2-06-96
14 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ақжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ақжар ауданы,
Талшық селосы
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы 8(71546) 2-11-32
15 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Аққайың ауданы,
Смирнов селосы,
Молодежная көшесі, 6
Өтебаев Асхат Оңғарбайұлы 8(71532) 2-16-28
16 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Есіл ауданы,
Явленка селосы,
Амангелді Иманов көшесі, 78
Қазиев Аманжол Жамақұлы 8(71543) 2-16-95
17 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл ауданы,
Пресновка селосы,
Логовая көшесі, 46
Мүсетаев Ерлан Әскерұлы 8(71544) 2-11-03
18 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Мир көшесі, 8
Әмрін Сәкен Өмірсерікұлы 8(71531) 2-81-25
19 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қызылжар ауданы,
Бескөл селосы,
Пирогов көшесі, 19
Құдайбергенов Александр Эдуардович 8(71538) 2-18-85
20 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мамлют орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Мамлют ауданы,
Мамлютка қаласы Больничный городок
Коробкова Марина Германовна 8(71541) 2-25-23
21 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ғ. Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишимское селосы
Айманов Нұрлан Бақдәулетұлы 8(71535) 2-14-37
22 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тайынша орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тайынша қаласы, Крыжановский көшесі, 72 Рафальский Анатолий Павлович 8(71536) 2-12-57
23 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тимирязево селосы,
Горький көшесі, 75
Қосубаева Жанар Әлібайқызы 8(71537) 2-05-93
24 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Уәлиханов орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Кішкенекөл селосы,
С. Мәліков көшесі, 100
Уахитов Ербол Файзуллаұлы 8(71542) 2-21-97
25 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сергеевка қаласы,
П. Гончаров көшесі, 119
Мұстафин Айдар Жантөреұлы 8(71534) 2-01-88
26 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 6
Ланда Игорь Эммануилович 46-20-77
27 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Петропавл қаласы,
4-ші линия көшесі, 2
Бижанов Қаныш Болатұлы 53-75-41
28 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Ульянов көшесі, 98
Байғұлов Мамадияр Шайзадаұлы 46-53-58
29 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Театральная көшесі, 56
Тәукелов Сабыржан Әбдірахманұлы 46-57-97
30 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Сәбилер үйі» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 174А
Федотова Лилия Муратжановна 50-11-69
31 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталық» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 102
Сыздықова Айман Кеңесқызы 51-54-90
32 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық арнайы медициналық қамтамасыз ету базасы» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
Е. Бөкетов көшесі, 1
Габдуллина Алтынтас Тасболатқызы 46-60-80

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

Бағдарламаның мақсаты

Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту

Міндеттері

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту;
аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;
денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру

Іске асыру мерзімі

2016-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

2016-2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға  мемлекеттік бюджеттің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығын 1 969 729 500 мың теңгені құрайтын болады.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа да көздер (МӘСҚ, ҰҚ)

2016 ж.

128 034 799

92 389 291

34 945 508

700 000

2017 ж.

408 080 865

69 309 875

19 035 944

319 735 046

2018 ж.

709 797 105

46 769 024

2 244 785

660 783 296

2019 ж.

723 816 732

46 701 636

2 259 174

674 855 922

Жиыны:

1 969 729 500

255 169 825

58 485 411

1 656 074 264

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде әрі республикалық және жергілікті бюджеттердің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кіріс бөлігінің мүмкіндіктері тұрғысынан, сондай-ақ басқа да балама көздердің тартылуымен нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (Zip 7 Mb)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын СҚО бойынша орындау туралы 2016 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша талдау ақпарат (Zip 18 Kb)

Жоба

«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. Заң жобасын әзiрлеудiң қажеттiлiгiне негiздеме

Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында Қазақстан Республикасында азаматтың денсаулығына медицина қызметкерiнiң кiнәлi iс-қимылына байланысты емес зиян келтiргенi үшiн медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды енгiзу мәселесiн пысықтауға тапсырма берiлдi.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 182-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерi медицина қызметкерiнiң тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтiрген зиян үшiн кәсiптiк жауапкершiлiктi сақтандыруға құқығы бар.

Медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасына жасалған шағымдар санының өсуi салдарынан айрықша өзектiлiкке ие болып отыр, егер 2011 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлiгiне пациенттерден 2,5 мыңнан астам шағым түссе, олардың 29 %-ы негiздi болып табылған, ал 2012 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында пациенттерден 5,2 мың шағым түскен, олардың 50%-ы негiздi болып танылған. Сот орындарындағы жағдайлар да ұқсас болып отыр.

Бұл үдерiстер көбiне пациенттердiң пайдасына шешiлуде, яғни медициналық ұйымдардың не қызметкердiң айтарлықтай материалдық өтемақы төлеуiмен аяқталуда. Бұл бiздiң азаматтарымыздың өз құқықтарын қорғауға деген ниет-бiлдiруiне байланысты құқықтық мәдениетiнiң дамығандығын көрсетедi.

Бас прокуратураның деректерi бойынша азаматтық iстер бойынша ұсынылатын медициналық қызметтiң сапасына жасалған сот арыздарының саны келесi көрсеткiштердi құраған:

  • 2011 жылы 374 143 195 теңге сомасына 33 арыз түсiп, олардың iшiнде 73 213 230 теңге материалдық зиянды өтеуге және 300 929 965 теңге моральдық зиянды өтеуге көрсетiлген, сот органдары 12 052 244 теңге сомасындағы 17 арыз, олардың iшiнде 4 072 244 теңге материалдық зиян үшiн және 7 980 000 теңге моральдық зиян үшiн қанағаттандырылған;
  • 2012 жылы 825 070 594 теңге сомасына 78 арыз түсiп, олардың iшiнде 343 569 168 теңге материалдық зиянды өтеуге және 481 501 426 теңге моральдық зиянды өтеуге көрсетiлген, сот органдарымен 32 715 460 теңге сомасындағы 44 арыз, олардың iшiнде 6 025 460 теңге материалдық зиян үшiн және 26 690 000 теңге моральдық зиян үшiн қанағаттандырылған;
  • 2013 жылдың 1-жарты жылдығында 771 238 019 теңге сомасына 42 арыз түсiп, олардың iшiнде 22 033 258 теңге материалдық зиянды өтеуге және 749 204 761 теңге моральдық зиянды өтеуге көрсетiлген, сот органдарымен 14 085 975 теңге сомасындағы 17 арыз, олардың iшiнде 5 155 975 теңге материалдық зиян үшiн және 8 930 000 теңге моральдық зиян үшiн қанағаттандырылған.

Сонымен қатар, ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi ұсынған ақпаратқа сәйкес. ҚР Қылмыстық Кодексiнiң баптары бойынша, медициналық қылмыспен байланысты (ҚР ҚК 317-323 баптары) 2013 жылы 433 қылмыстық құқық бұзушылық, 2014 жылы 420 қылмыстық құқық бұзушылық және 2015 жылы 595 қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 81 бабына сәйкес 2013 жылы 300 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жағдайлары, 2014 жылы 286 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жағдайлары және 2015 жылы 293 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жағдайлары тiркелдi.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 88-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес азаматтардың медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге құқығы бар.

Мемлекет кепiлдiк берген құқықтарды iске асыру үшiн оларды мiндеттi кепiлдiк берудiң жаңа түрiн енгiзу арқылы әрi қарай дамыту қажет.

Нәтижесiнде, медицина қызметкерiнiң тарапынан кiнәлi iс-қимылдық болмауы кезiнде пациенттiң денсаулығына зиян келтiру қаупi медицина қызметкерiнiң жауапкершiлiгiне кепiлдiк беретiн ұйымның есебiнен жабылатын болады. Бұл азаматтардың да, медицина қызметкерлерiнiң де мүдделерiне сай келетiн болады.

Бұл шаралар Қазақстанның денсаулық сақтау доктринасының негiзiн қалаушы қағидаларды, атап айтқанда, пациенттiң денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк қағидасын шынайы мазмұнмен толтыра отырып, оларды iске асыруға мүмкiндiк беретiн жаңа заңның нормаларымен iске асырылатын болады.

Кепiлдiк берiлген қамтамасыз етудi тек медицина қызметкерiнiң кәсiптiк қателiгi жағдайына ғана енгiзу пациентке медициналық ұйымның өзге қызметкерлерiнiң iс-қимылымен келтiрiлген зиян, сондай-ақ өзге де (кәсiптiк қателiктен басқа) себептердiң салдарынан болған зиян өтелмейтiндей жағдайды қалыптастырады. Кәсiптiк қателiк деп пациенттiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруге бағытталған тiкелей немесе жанама (немқұрайлылық, ұқыпсыздық) ниет болмаған жағдайда, медицина қызметкерiнiң адал ниеттi адасуы түсiндiрiледi.

Осыған байланысты, медициналық қызметтi жүзеге асыруда пациенттiң өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жауапкершiлiгiне мiндеттi кепiлдiк беру туралы мәселе орынды көтерiлген болып табылады. Мұндай тәсiл пациенттер мен медицина қызметкерлерiнiң, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектiлерiнiң (жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды қоса алғанда) мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiне мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiн енгiзу Қазақстан Республикасындағы медициналық көмектiң сапасын арттырады және тұтастай алғанда, оның халықаралық рейтингiсiнiң көтерiлуiне ықпал етедi.

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары

Заң жобасы мынадай мақсаттарда әзiрленуде:

  • олардың iс-қимылында кiнәлары болмаған кезде, өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн медицина қызметкерiнiң материалдық жауапкершiлiгi туындаған жағдайда медицина қызметкерлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
  • азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн өтем алу құқықтарын қорғау;
  • медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту;
  • кәсiптiк жауапкершiлiктi кепiлдiк берудiң жаңа жүйесiнiң пайда болуына және әрi қарай дамуына жағдай жасау;

4. Заң жобасының реттеу мәнi

Реттелудiң мәнi мiндеттi медициналық сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынас, оның iшiнде мiндеттi медициналық сақтандыру субъектiлерiнiң және мiндеттi медициналық сақтандыруға қатысушылардың құқықтық ережесiн анықтау, олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауын негiздеу болып табылады.

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы 23 баптан, 4 тараудан тұрады:

1-тарау — Жалпы ережелер;

2-тарау — Медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру қорының құқықтық статусы;

3-тарау — Медицина қызметкерлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру нысаны мен тәртiбi;

4-тарау — Қорытынды ережелер.

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда күтiлетiн құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық салдарлар

Осы заң жобасын қабылдау азаматтардың толыққанды медициналық қызмет алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшiн, оның iшiнде пациенттердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауға қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру институтын iске асыруды қамтамасыз ететiн құралдар мен тетiктердi қалыптастыру үшiн құқықтық негiздi құрайды.

Ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау қандай да бiр құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық терiс салдарлардың туындауына әкелмейдi.

7. Басқа заң актiлерiн әзiрленетiн заңжобасымен бiруақытта (кейiнгi) сәйкестендiрудiң қажеттiлiгi

Заңжобасын қабылдау:

  1. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне;
  2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының Кодексiне;
  3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер енгiзудi талап етедi.

8. Заң жобасы мәнiнiң өзге де кормативтiк құқықтық актiлермен регламенттелуi

Заң жобасының мәнi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiмен регламенттелген.

9. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шетелдiк тәжiрибенiң болуы

Медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк берудiң шетелдiк тәжiрибесiн зерделеу көптеген дамыған батыс елдерiнде медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн кепiлдiк берудiң ХХ ғасырдың басында-ақ тәжiрибеде болғандығын көрсеттi.

Денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн кепiлдiк берудiң халықаралық тәжiрибесiн зерделей отырып, қаржыландыру көзi секiлдi критерийдi назарға ала отырып, әртүрлi екi моделдi нақты көрсетуге болады: нарықтық модель және әлеуметтiк модель. Сондай-ақ iске асыру жолдары да сақтандыру жолы бойынша және кепiлдiк беру жолы бойынша.

Медициналық қызметтердiң басым көпшiлiгi мемлекет есебiнен қаржыландырылатын елдерде, әдетте, медицина қызметкерлерi кәсiптiк жауапкершiлiктi сақтандырудың жеке меншiктiк нарығына аз дәрежеде жүгiнедi. Тиiсiнше, ондай мемлекеттерде медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн сақтандырудың әлеуметтiк моделi жұмыс жасайды. Әлеуметтiк модель мемлекет тарапынан, атап айтқанда, бiр ғана орталықтандырылған агенттiң — қордың көмегiмен жүзеге асырылатын сақтандыру жүйесiн қаржыландыру мен басқаруда үлкен жауапкершiлiктiң болуын көздейдi. Әлеуметтiк сақтандыру моделiнiң жарқын мысалдарының бiрi 1975 жылы енгiзiлген Швецияның моделi болып табылады. Швецияда пациенттердi сақтандыру жөнiндегi қауымдастық медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру бойынша қызметтер ұсынады. Тағы бiр басқа мысал — Канадада жұмыс жасайтын модель. Медицина қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi Канадалық медициналық қауымдастық (бұдан әрi — ҚКМҚ) — бұл өз мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн кепiлдiк беру жөнiндегi коммерциялық емес медициналық қауымдастық. ҚКМҚ-тың 1901 жылы негiзi қаланды. Қауымдастық өзiнiң мүшесi болып табылатын Канададағы тәжiрибелiк дәрiгерлердiң 95%-ына оқыту, консультация заңдық қорғау және өтемақы төлеу бойынша қызмет көрсетедi.

Медициналық қызмет көрсетудiң жеке меншiктiк тәжiрибесi мемлекеттiкiнен асып түсетiн елдерде жеке нарықтар медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн сақтандыруды жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сақтандырудың нарықтық моделi мемлекеттiк органдарға қарағанда нарықтық тетiктерге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Герман Федеративтiк Республикасының сақтандыру моделi нарықтың модельдiң үлгiсi бола алады. Германияның нарығында медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн сақтандыру бойынша қызмет көрсететiн 10 шақты жеке меншiк сақтандыру компаниялары қызмет жасайды. Жергiлiктi заңнама медициналық қызметтiң өнiм берушiлерiне тиiсiнше сақтандыру полисiн алуды мiндеттейдi.

Денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандырудың моделдерiнiң жiгiн ажыратудың басқа критерийi медицина қызметкерiн кiнәлау және оған қатысты қандай да бiр тексерудi қолдану тәжiрибесi болып табылады. Осы критерийге сәйкес: «кiнәлiлiк» жүйесi мен «кiнәсiздiк» жүйесiн ажыратады. ЭЫДҰ елдерiнiң көпшiлiгiнде медициналық ұқыпсыздық әзiрленген және заң мен сот тәжiрибесiнде кеңiнен қолданылатын «кiнәлiлiк» интерпретациясы негiзiнде бағаланады. «Кiнәлiлiк» жүйесi пациенттiң шағымы негiздi болған кезiнде кiнәлi медицина қызметкерiнiң өз әрекетiнiң белгiлi бiр жағымсыз салдарларын: айыппұлдық санкцияларды, сөгiстi, оқу — бiлiктiлiктi арттыруды, лицензиясынан айыруды және т.б. бастан өткеруiн қарастырады. «Кiнәлiлiк» жүйесi өз спецификасына орай, медицина қызметкерiне қатысты санкциия қолдану үшiн сот шешiмiнiң болуын талап етедi. Аталмыш модель АҚШ-та, Ұлыбританияда, Жапонияда, Канадада және тағы да басқа бiрқатар елдерде сәттi жүзеге асырылып келедi.

«Кiнәлiлiк» жүйесiнiң баламасы ретiнде — «Кiнәсiздiк» жүйесi қолданылады. Бұл жүйе ЭЫДҰ-ның бiрқатар елдерiнде жұмыс жасайды және кiнәсiз өтемақы жүйесiне негiзделген. Бұл елдерде медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн сотпен бағалау зардап шеккен пациентке өтемақы берудiң алдын — ала шарты болып табылмайды. Өтемақы төлеудi жүзеге асырудың басы, әдетте, жарақаттың өзiнiң болуы немесе бұл жарақатты болдырмауға болатын факт болып табылады. Зардап шеккен пациенттерге төленетiн өтемақы коммерциялық және коммерциялық емес сақтандыру ұйымдары арқылы жеке меншiк көздерден (Данияда, Финляндияда) немесе мемлекетпен (Швецияда, Жаңа Зеландияда) қаржыландырылады.

Осылайша, Швецияда пациенттерден шағымдар, негiзiнен, пациенттердi сақтандыру жөнiндегi қауымдастыққа келiп түседi, олар шағымдарды қараумен және олар заңды болған жағдайда өтемақы төлеумен айналысады және медицина қызметкерi үшiн жағымсыз салдарларды қарастырмайды.

Ұзақ уақыттар бойына медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк жауапкершiлiгiн сақтандыру жүйесiн енгiзудi және дамытуды жүзеге асырып отырған батыс елдерiнiң тәжiрибесi Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiн енгiзу және дамыту үшiн өте құнды тәжiрибе болып табылады.

Сонымен бiрге, әрбiр ел өзiнiң денсаулық сақтау жүйесi мен экономикасының ерекшелiктерiн ескере отырып, медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн кепiлдiк берудiң моделiн өзi анықтайды, ол әрбiр мемлекеттiң айрықша дамуының салдары болып табылады.

10. Заң жобасын iске асыруға байланысты болатын шамаланған қаржылық шығындар

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне қаржылық шығындар әкеледi. Бұл шығыстар актуарлық есептер негiзiнде анықталатын болады. Актуарлық есептер кепiлдердi адекватты түрде алуды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру сыйақысын есептеу әдiстемесiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

Базалық көрсеткiштiң негiзгi құрамдастары ретiнде:

  1. медициналық ұйымның бюджетi;
  2. емдiк-диагностикалық амалдардың күрделiлiк деңгейi;
  3. денсаулық сақтау субъектiсi пациенттерiнiң жылдық орташа саны айқындалуы мүмкiн;

Базалық көрсеткiшке жүктеменiң коэффициенттерi ретiнде:

  1. персонал/ дәрiгерлер, орта медициналық персонал/ санаттары шегiндегi медицина қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны;
  2. медицина қызметкерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлi;
  3. қызметкерлердiң кәсiптiк бiлiктiлiк деңгейi (санаттары);
  4. денсаулық сақтау субъектiлерiнiң материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейi;
  5. ұсынылатын медициналық көмектiң түрлерi, дәрiгерлiк қателiктердiң статистикасы;
  6. сарапшы ұйым (сарапшылық комиссиялар) қызметiнiң құнына ақы төлеу;
  7. кепiлдiк беру оқиғасының туындау қаупiн айқындайтын өзге факторлар анықталуы мүмкiн.

Медициналық мамандықтарды емдеудiң жағымсыз нәтижесi қаупiнiң дәрежесi бойынша кластарға немесе санаттарға бөлу қажет болуы мүмкiн.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2016 15:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 10:16
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы